Тақырыбы:
«Достық-татулықтан басталады»
Мақсаты:Балаларға
достықтың, татулықтың адам өміріндегі
маңызы туралы түсіндіре отырып,
сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
-Жақсы
қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
-
татулыққа тірбиелеу.
Көрнекі
құралдар: Түрлі-түсті
Шаттық
шеңбері: Сәлематсыздар ма балалар!
-Балалар
бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, жақсылыққа
толы болсын -деп бір-бірімізге жақсы
тілектер айтайық. /Балалар бір-біріне
жүрекше беру арқылы тілектер айтады/
Тыныштық
сәті: Қане балалар орынымызға жайғасып
денелерімізді түзу ұстап басымызды
жоғары көтеріп,ыңғайланып отырайық.Көздеріңді
жұмсаңдар да болады.Ауаны терең
жұтып,еркін тыныс алуларыңызды
бақылап,бақытқа,махабатпен тыныштыққа
толы таза ауаның тұла бойларыңа толғанын
сезініңдер, Ал енді көздеріңді ашсаңыздар
да болады.
Әңгімелесу:
Балалар бәріміз теледидарға назар
аударайықшы. Суретте не көріп
тұрсыңыздар?/Әңгіме құрау/
Балалардың
жауаптар тыңдалады.
-Дұрыс
айтасыңдар балалар бұл суреттен
бір-біріне қамқор,тату адал достардың
суреттерін көріп тұрмыз.Олай болса біз
достық,татулық туралы іңгімелейтін
боламыз.
Әңгімелесу
-Достық
дегенді қалай түсінесіңдер?/Балалардың
жауаптары/
-Дұрыс
айтасыңдар достық дегеніміз адамдардың
арасындағы сыйластық.Ал татулық достардың
арасындағы ең тамаша қасиет. Тату дос
балалар бір-бірін ренжітпейді,бірге
ойнайды,ойыншықтарымен бөліседі.Топтағы
балалар сендер де бір бірлеріңмен
доссыңдар.
Әңгімелеу
« Нағыз
дос»
-Қалай
ойлайсыңдар бұл екі досты нағыз дос деп
айта аламыз ба?
-Сендер
ол баланың орынында болсаңдар не істер
едіңдер?
Тәрбиеші:
Бұл әңгімеден достық қиындықта
сыналады.Достар әр кезде бір-біріне
көмектессе осындай достық шынайы болады
адал болады.
Дәйек
сөз «Адал дос алтыннан да қымбат» деген
мақал бүгінгі күніміздің дәйек сөзі
ретінеде түсіндіру.
Шығармашылық
жұмыс: Қане балалар теледидарға назар
аударайықшы./Мектепке кеткен балаларды
көрсету/тілекерін тыңдау/.
Тәрбиші:
Балалар бізде қарап қалмайық. Үстелге
жақындап мына ақ қағазға өз тілектерімізді
хат арқылы жолдайық.Балалар біз әріптерді
түгел танымайтын болғандықтан суреттер
арқылы жолдап көрейік. Олар сендерді
міндетті түрде түсінетін болады.Ол үшін
мына теледидардағы суреттер арқылы
жазайық./теледидардардан кун,ағаш,
гул,жүрекшелердің суреттері көрсетіледі.
Ғажайып
сәт /Есік қағылып мұңайып жүрек кіреді/
Тәрбиеші:
Сәлеметсіз бе журек сен неге көңілсізсің?
Жүрек:
Мен досымды ренжітіп алдым. Енді не
істерімді білмеймін.
Тәрбиеші
балалар кандай аянышты жұбатайықшы
жүректі./балалар жақындап келіп жұбанышты
сөздер сөздерін айтады.
Тәрбиші:
міне көрдің бе,кішкене жүрекше сен
мейірімді,тату достарға тап болдың енді
мұңайма,сен ренжіткен досыңда сені
алаңдап күтіп отырған болар енді сен
досыңа бар,қуант жақсы жылы сөздер айт.
Жүрек:
Рахмет балалар!Мен енді досымнан барып
кешірім сұрайын.
Тәрбиеші:Жүрекше
біздің бір өтінішіміз бар мына балалардың
достарына жазылған хаты бар еді соны
жеткізуге көмектесе аласың ба?
Жүрек:
Әрине ! Жеткізем! Қуана –қуана сау
болыңдар балалар!