15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адал достық
Тақырыбы: Адал достық ардан да қымбат.
Мақсаты: Оқушыларға «достық» ұғымын түсіндіріп, дос бола білуге, адамгершілік, имандылық және адалдық сынды қасиеттерді дәріптеп, достықты насихаттауға үлгілеу.
Күтілетін нәтиже:
1. «Достық» ұғымының мән-мағынасын терең түсінеді.
2. Достарға тән адамгершілік, имандылық, адалдық сында қасиеттерді үлгілейді.
3. Қазіргі заманғы адамдардың достығы жөнінде ой қорытады.
Сабақтың барысы:
І. Көрініс.
«Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандасы сұрақ қойыпты:
Достық нешеу?
Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық, - дейді.
Дұрыс-ақ! Енді оларды қалай ажыратамыз?
Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-оқушы: Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамда асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі.
2-оқушы: Достық адамның бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.
3-оқушы: Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.
4-оқушы: Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу – бұл жалған достық.
5-оқушы: Әбунасыр Әл-фараби «Достықтың екі түрі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі – айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін сақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мәнез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ» деген екен.
6-оқушы: «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауер «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
7-оқушы: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Кабуснама» кітабында былай делінген: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы». Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды. Достық - бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
8-оқушы: Ертеде дос болу үшін ер азаматтар «мал құдайы» жасап, малдың бауыздау қанына көйлектерін батырып, көйлек ауыстырып киіп, жүректерін түйістіріп, ырым жасаған. «Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен» достардың бұл ырымы, бір-біріміз бір тамшы қанымыз қалғанша достықты сақтаймыз деп серт бергендікті көрсетеді. Жүрек түйістіру – «жанымыз жақын, жүрегіміз бірге болады» деген сертті білдіреді. Дос болудың «ант-су ішу», «серт берісу» т.б рәсімдері бар.
9-оқушы: Достық – әдеп, сыйласым,
Дос – өмірлік қисмасың.
Дос – арыңдай қымбатты.
Достық сезім – тым-тәтті.
Достық – игі жақсылық,
Достық ниет – жақсы үміт
Достық жасап адамға
Достаса біл әманда.
Дос ниетпен адал кең,
Дос бол ізгі адаммен
10-Оқушы: Достық – менің бағым да, қуатым да.
Биіктетіп бойымда тұратын да.
Достық әні қосылып шырқайтыным,
Достық
сөзі – таусылмас жыр ақынға.
Көрініс:
«Екі дос»
Слайд. «Ұлы адамдардың достығы»
Мәнерлеп оқу минуты.
К.Салықов «Дос, бедел дос»
М.Шаханов «Достық өлкесінің заңы», «Достық пен махаббат»
А.Нәріков «Достық туралы»
М.Мақатаев «Дос болам десең»
Ән: «Достарым»
Флеш-моб:
Дос адамдық асыл қасиетпен саған жақсылық тілейді.
Дос қиындықта көмектеседі.
Дос қуанышты да, қайғыны да бірге бөліседі.
Дос қамқоршы, көмекші.
Дос жанын сала сыйлайтын ең жақсы серік.
Дос басыңа ауыр күн түнкендегі таянышың ауырып, сырқасаң жан қияр серігің.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген