400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Адал достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 17.01.2020 жыл

Білім беру саласы:  «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Адал достық

Мақсаты: Достық туралы ,құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Зейінін, есте сақтау, ойлау, сөйлеуін дамыту. Эмоциональдық көңілдерін көтеру. достық көмек туралы түсініктерін беру;өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Достық туралы суреттер,дидактикалық ойын құралдары,қобдиша.

Сөздік жұмысы: Достық, қамқорлық, көмек, адалдық

Үш тілділік компонент: Дос – друг – friend, адал-честный-Honestly,Мейірімді-добры-good,сыпайы-вежливый-polite,көңілді-веселый-cheerful,қымбатты-дорогой-dear,бақытты-счастливый-happily ,әдемі-красивый-beautiful,керемет-прекрасный-wonderful,ақылды-умный-clever,сабырлы-спокойный-cam.


Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Көңіл-күйімізді көтеріп шаттық шеңберін орындап алайық


Шаттық шеңбері

Армысың, досым!
Кел, маған қосыл!
Шеңберді біз құрайық

Алақанды ұрайық.
Әлемге жарық құйайық,
Күннің нұрын алайық,
Қасымызда досымыз,
Құшақтасып алайық.


-Жарайсыңдар балалар ,осындай тамаша көңіл-күймен өзін-өзі тану оқу қызметімізді бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінің қандай айы?

-Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшелігін айтайықшы?


Жарайсыңдар балалар.Балалар өзін-өзі тану оқу қызметінің 5 Т ережесін қайталап еске түсіріп алайық.

5Т«Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық»

-Жарайсыңдар балалар.Біз бұл ережені әрдайым есте сақтауымыз керек.


Балалар енді барлығымыз мұқият тыңдап,экранға назар аударайықшы.

«Екі дос» экраннан тамашалау.


-Әлденеге келісе алмай қалған Жәнібек Азаматты қалай ренжітті?

-Азамат досына ренішін қайда жазды.?

-Жәнібек Азаматқа қандай көмек жасады?

-Азамат досына алғысын қайда жазды?

-Азамат ренішін неге құмға жазды?

-Азамат ренішін неге тасқа жазды?

-Балалар Азамат пен Жәнібек қандай балалар екен?


Дұрыс балалар біз біреуге ренжісек оны жүрегімзден өшіріп тастауымыз керек екен.Ал біреу жақсылық жасаса оны жүрегімізде мәнгі сақтауымыз керек екен.Балалар біз бине жазбадан нені байқадық?

-Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы осы «Адал достық» жайында болмақ.

Айна

Балалар қараңдаршы.Менің қолымда не бар?

Балалар: Қобдиша.

-Дұрыс айтасыңдар қобдиша.Бұл жай ғана қобдиша емес сиқырлы қобдиша.Бұл қобдишаның ішінде керемет жан бар?Тіпті бұл қобдишаның ішіне сендерде,менде сыйып кетемін.Балалар бұл қобдишаны қолымызға алып ішіндегі жанның жақсы қылықтарын ,жақсы қасиеттерін,мінезін баяндап берейікші.

Жарайсыңдар балалар, сендер өздерің жайында жақсы айтып бердіңдер.Ал балалар достық жайында кім өлең шумақтарын айтып береді?

Өлең шумақтары

Друзья! Спасибо, что вы есть!
Что вы со мною рядом!
Вам чужды, знаю, зависть, лесть,
Слова, что больно ранят.


Спасибо вам за доброту,
Отзывчивость, участье.
Мои друзья! Я вас люблю!
Желаю всем вам счастья!


У меня есть лучший друг

Он достойный самый

Если что случится вдруг

Смелый и упрямый


Екі деген – екі дос,

Бірін - бірі қимайтын

Артық кемді етпей сөз,

Бірін - бірі сыйлайтын


Жарайсыңдар балалар.Қандай әдемі өлең щумақтары.

Балалар енді мен сендерге қызықты ойын бергім келеді.Бұл бірнеше бөліктерден

«Адал достық» тақырыбында сурет құрап әңгімелейік.

-Жарайсыңдар балалар.Сендер сурет бойынша жақсы әңгіме құрап айта алдыңдар.Балалар енді орнымыздан тұрып сәл тынығып,бой сергітіп алайық.

Сергіту сәті



Дәйек сөз

-Балалар оқу қызметімізді әрі қарай дәйек сөзбен жалғастырайық. «Адам достығымен күшті»

Осы дәйек сөзді барлығымыз бірге дауыстап айтып, қайталайық.

-Бұл сөздің мағнасын кім қалай түсінер екен.

-Адам достығымен күшті дегеніміз достардың бірі-бірі сыйлауы,құрметтеуі,жақсы көруі,қамқор болуы,көмек бері.

Дұрыс айтасыңдар балалар.Балалар олай болса бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбына байланысты ертегі көріп,бірге тамашалайық.

«Екі дос» ертегісін сахналау.

Жүректің кіруі.

-Сәлеметсіңдер ме балалар.Мен қтіп бара жатып осы жақтан менің көңілімді түсіретін сөздерді естідім.Достар арасында келіспеушілікті байқап көңілім түсті.

-Сәлеметсіңбе жүрек.Көңіліңді түсірме.Сіздің келгеніңізге қуанып қалдым.Сізден көптен бері білгім келген сұрағым бар еді.Мен бұл сұрақты қол мен аяқтан, бастан да сұрадым олар адам ұйқтаған уақытта деді,ал асазан адам тамақ жеуін тоқтатқанда демаламын деп жауап берді.Сіз өмірге келгелі тоқтаусыз жұмыс жасаудасыз.Сіз қай уақытта демаласыз.

-Мен жақсы,жағымды сөздер сетігенде демаламын.

-Ендеше балалалар біздің жүрегіміздің көңілін көтеріп,демалуы үшін жылы-жылы сөздер айтып жүрегімізді нұрландырайық.

үш тілде сөз айтайықшы.

-Ал балалар жүрегіміз одан әрі нұрлануы үшін оған өлең шумақтарын айтып берейікші.

Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем


Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
Әуес боп жел сөзбенен
Көпіргенім жоқ әлі.
 
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жүрем әділ жолменен.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
 
Атам менің әманда
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бар.
Ақ, сары деп, қара деп,
Бөлуіңді білмеймін.
Жаралған сол бала боп,
Барлығың да бір деймін.
 
Дейтін атам әманда
Мейірімділік – борышың.
Қадірлі қарт адамға
Берем ылғи қол ұшын.
Орындаймын табанда
Тілегінің бәрісін.
Кейде ауырып қалғанда
Әкеп берем дәрісін


Атам менің әманда
Бол дейтұғын тілалғыш.
Асыл сөзі санамда –
Алып жүрмін кіл алғыс.
Үлкеннің де кішінің
Айтқан тілін аламын.
Істеп бәрін ісінің,
Көңілдерін табамын.
 
Атам менің әманда
Бол дейтұғын бірлікшіл.
Бірлік болса адамға –
Бақыт дейтін тірлік бұл.

Жүрек:Балалар рахмет.Сендердің жылы сөздеріңді естіп бір тынығып,көңілім көтеріліп қалды.Мен де алғысым ретінде сендерді де тынықтырып тыныштық сәтіне шықырамын.


Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолыңызды тізеңізге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл шоғы орналасқан. Гүл шоғы күн нұрынан баяу ашылып келеді. таза әсем гүл сіздің жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Қолымызды созып нұр шуағын алайық. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға тарайды.Нұрға толы бүкіл әлем біздің жүрегімізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтайық.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Жүрек:Балалар жүректерің тынығып қалдыма?

-Әрине

Жүрек: Ендеше балалар мен сендермен қоштасып әрі қарай әлемді нұрландыру үшін жолымды жалғастырайын.Сау болыңдар балалар?

-Рахмет сізге біздің жүрегіміздін жақсылыққа бөледіңіз.Сау болыңыз .


Балалар достар жайында мақал-мәтелдерде көп екен.Балалар осы мақал-мәтелдерді сурет арқылы көрсете отырып айтайық.


Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды


Дос жылатып айтады

Дұшпан күлдіріп айтады.


Жүз теңгең болғанша

Жүз досың болсын.


Досы жоқ адам -

Тұзы жоқ тағам.


Дос басқа қарайды

Дұшпан аяққа қарайды


Досы көппен сыйлас

Досы азбен сырлас

Жарайсыңдар балалар.Балалар барлығымыз қолымызды көретейікші.Қолымыздың басында нелер орналасқан.
-Саусақтар

Дұрыс балалар.Бұл саусақтар бір-бірінен ажырамайды.Балалар біздерде осы саусақтардай бір-бірімізден ажырамай тату дос болайық.Саусақтарымызды жұмсақ бізге не шығады?

-Жұдырық.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Біз осы жұдырықтай бірігіп,бір-бірімізге көмектесіп,қолдау көтеріп жүрейік.Ал енді балалар енді осы қолдың көмегімен достық ағашын жасайық.Ол біздің достығымыздың беріктігін білдіретін белгі болсын.


Қортынды

-Досқа адал болуды

-Достықты қадірлей білуді

-Досқа жақсылық жасауды


Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған кішкентай жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы өмір бойы сөнбесін. Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітпен, тамаша бір әнмен бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылайық.

ӘН:«Достық»


Жүрекшелер тарату.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі