400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адал достық" өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп №20 жалпы орта білім беретін мектеп

Мерзiмі: 19.01.2018ж

Мұғалiм: Молдашева Айгуль Ануарбековна

Сынып: 4-сынып Оқушылар саны: 14

Тақырып: №10 Адал достық

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адалдық, жауапкершілік, шыншылдық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойына адалдық қасиетінің маңызын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Оқушыларға адам өміріндегі адалдықтың маңызын түсіндіру.

2. Оқушыларға шындықты жалғаннан ажырата білуге үйрету.

3. Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (дәптер, кітап, слайд, )

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. 5Т ережесі

Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

44- беттегі №10 сабақ «Сыпайы қоян» әңгімесін тексеру.
1. Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды? 
2.Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті ? 
3.Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласың ?

4.Жақын адамдарыңа ұандай қандай жақсы сөз айтқың келеді?

Ескерту

  1. Дәйексөз Айнымас досы бар адам -ең бақытты адам. Халық мақалы

-Айнымас дос дегенді қалай түсінесіңдер ?

-Доссыз бақытты болу мүмкін бе?


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Аңыз әңгіме: Адам ақиқатты қалай таниды? 
Ертеде шығыс елінің бір шаһарға піл әкелген екен. Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе пілді көрем деушілерден ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен – саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ, олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап Пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам оған сенбеңдер, қайдағы бөрене, тура жалпақ тақта дерсің дейді. Үшіншісі алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді. Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді. Жобаларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді. Иә, өтірікке сенейін деп сенбейді, қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз. Ақиқат жалғыз, бірнешеу болмайды, әрбір тұжырым не – ақиқат, не – жалған. Ақиқат бірнешеу болса жаңағы үшеудікі де дұрыс болар еді, екі жерде екіміз төрт, бес, тағы басқа кез келген сан болар еді, су нөл градуста да, жүз градуста да қайнайды десек ақиқат болар еді. Онда тіпті кез келген адамның өз ойына сүйеніп айтқан кез келген топшылауы, долбары дұрыс болар еді, әсіресе қоғамтанудың әр саласындағы «ғалымдардың», қаптаған «сәуегей сарапшылардың», сезімтал жазғыштардың, ойсоқты пәлсапашылардың. 
Иә, ақиқат біреу-ақ, яғни ақиқатқа апаратын жол да біреу-ақ, қалған жолдардың барлығы одан алыстатады. Жарықсыз көру де жоқ, яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол, ал қалған жолдардың барлығы керісінше түнектегі жолдар. Ал, қараңғыда көзің мың жерден өткір болса да жол табу, ақиқатты тану жоқ. Мейлің тіріл, мейлің өл, ақиқат деген осы!

  1. Шындық пен жалғанның айырмашылығы қандай?

  2. Шам жаққанда олар нені көрді?

  3. Кімнің айтқаны ақиқат? Неге?


  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

1-топ

5 оқушының көздерін байлап қамшыны қолдарымен сипап сезу арқылы қандай зат екенін айту.

2-топ

Адал адамның бойындағы қасиеттерді жаз.


  1. Топпен ән айту.

Жан досым


  1. Үй тапсырмасы

Оқулықтың 49-бетіндегі № 11 сабақ  «Екі дос» ертегісін оқып келу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады 
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әруақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі