Материалдар / "Адал достық"тақырыбындағы жатақхана тәрбиеленушілеріне арналған танымдық ойын-сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адал достық"тақырыбындағы жатақхана тәрбиеленушілеріне арналған танымдық ойын-сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жатақхана тәрбиешілеріне сыныптан тыс жұмыс ретінде көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2021
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Адал достық - адамгершілік белгісі»
(танымдық-ойын сағаты)

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілік сияқты асыл қасиетпен таныстыру;
Ойларын ашық, айтып үйрену, мақал- мәтелдердер туралы білімдерін, жағдаяттар шеше білу қабілеттерін дамыту;
Достық сезіммен, достықтың түрлерімен таныстыру арқылы адал достық пен жалған достықты ажырата білуге,адамгершілік сияқты асыл қасиетті қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекі құралдар: достық туралы слаидтар, жағдаяттар салынған қорапшалар.

Тәрбиеші: Құрметті жатақхана тәрбиеленушілері!
Бүгінгі біздің танымдық ойын-сағатымыздың тақырыбы - «Адал достық - адамгершілік белгісі». Алдымен сіздерді тақырып бойынша пікір алысып, ой бөлісуге екі топқа бөлемін.

Дос емес, достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.


І кезең:

Топтарға тапсырма : Адамгершілік сөзінің мағынасы туралы ойларын жазу.

Тәрбиеші сөзі: Олай болса, достар адамның бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы адамгершілік деген асыл қасиеттің мағынасын білдіреді екен. Соның ішінде шын достық та адамгершілік белгісі екен.

ІІ кезең. Достық әдеп сыйласым,
Дос өмірлік қимасым
Дос арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым тәтті, - дей отырып, келесі тапсырмамызға көшейік : «Достық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
(Тақтада «достық» сөзі )




Досым саған сенемін, сеніп өтем !
Жолы бөтен демеймін,жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен.
Достық деген ақылдың серігі екен.

Тәрбиеші: Келесі мақал –мәтелдер кезеңіне көшейік, әр топ берілген мақал-мәтелді толықтырып аяқтауы қажет.
Мақал-мәтелдер кезеңі (Тақтада мақалдар) 1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».

5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...». 6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды, ... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.

Жауаптары:
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз, дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар».

Тәрбиеші: Ертеде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.
Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: Достықтың екі түрі болады.
- Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
- Дұрыс-ақ .Енді оны қалай ажыратамыз дегендерге :
- Адал достықтың -өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады деп жауап берген екен.
Адал дос барлық жерде керек екен,
Өмірде достың орны бөлек екен.
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,
Жаман достан жамандық келеді екен – деп келесі бөлімге көшейік

Жағдаяттар кезеңі:
Алдарымыздағы қалташаларда жатқан жағдаяттардың шешу жолын іздейік
(Әр топқа арналған қалташада 1 жағдаяттан) Жағдаяттан шығу.
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Әр топ дауыстап оқиды, сосын шешу жолын айтады. (Тақтада жағдаяттар жазылған)

Не жетеді нағыз досқа асылға ,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады- сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң- ұйықтамайды ол дағы.

Тәрбиеші сөзі: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Достық адамдар арасында ғана емес - ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады ,- дей отырып танымдық ойын-сағатымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рақмет Достар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!