400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адал және әділ ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал және әділ ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АДАЛ ЖӘНЕ ӘДІЛ ҰРПАҚ

Адал және әділ ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық – еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

Бүгінгі бала – мемлекеттің азаматы, қоғамның бір мүшесі, еліміздің ертеңі. Мемлекетіміздің тағдыры жастардың бүгінгі алған тәлім – тәрбиесі мен біліміне байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі – бұл келешек қоғам тәрбиесі. Оларды адал, ақылды, парасатты, озық ойлы етіп тәрбиелеу – әр отбасының қоғам алдындағы міндеті. Ұрпағын жаман болсын деп тәрбиелейтін ұлт жоқ. Дегенмен қазақ халқы «Баланы – жастан…» деп баланы жасынан адалдыққа, шыншылдыққа, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеген. Обал, ұят, адал және әділ бол деген сөздерді санасына ертеден сіңірген.

Бала тәрбиесі бесік жырынан басталып, қазақтың даналыққа тәрбиелейтін, жақсылыққа шақыратын, қиял-ғажайып ертегілері мен мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, ой-өрісін кеңітетін, баланың логикасын дамытатын ұлттық ойын­дармен жалғасады. Осылардың барлығы – ұлттық тәрбие негіздері. Атадан балаға жеткен халқымыз­дың тәлім-тәрбиелік мол мұрасы адалдықты, адамгершілікті, қа­йырымдылықты, мейірімділікті дәріптейді. Ал бұл тәрбие отбасынан басталып, мектеппен жалғасуы керек. Рухани-адамгершілік тәрбие осылай бірлесіп берілген кезде нәтижелі болмақ.

Бесіктен соң балабақша, ал балабақшадан соң бала тәрбиесі мектепте жалғасады. Сондықтан балабақша жасындағы балалардың ата-аналары бұл бағыттағы тәрбиеге немқұрайлы қарамаулары тиіс. Көз алдында ата-анасы бала-бақша тәрбиешісіне үнемі сыйлық сыйлап жатқанын көріп өскен бүлдіршін, ересек өмірінде мұның бәрін, атап айтсақ жағымпаздануды, ақша арқылы өзіне ерекше көңіл аудартуды қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болады.

Қай заманда болмасын бала тәрбиесі кезек күттірмейтін мәселе. Баланың тәрбиесі отбасында және мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан мектеп пен ата-ана ынтамақтастығы үлкен рөлге ие. Ұстаз бен ата-ана бірлесе отырып, баланың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына зор ықпал жасай білсе, келешектің кемел болары сөзсіз. Бала тәрбиесінің бастауы – адалдық.

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, адал адам таза қоғамға айналады. Сондықтан мектеп қабырғасында әрбір оқушының бойына адалдық дәмін себу біздің борышымыз.  Осы орайда оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жаңа жобалар жүргізілуде. Осындай жобалардың бірі – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қарқынды түрде өз жұмыстарын бастап кетті.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт - дәстүр мен әдет - ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан - жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта - оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Адалдық пен әділдік қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.
Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адамдық белгісінің өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып адал және әділ ұрпақ тәрбиелейік дегім келеді.

Сол себепті де өзім сияқты өсіп келе жатқан еліміздің болашағына үлес қосар жастары осы сөзбен жастайынан танысып, мағынасына терең бойлап өссе екен деп ойлаймын. Бұл сөзді болашақ ұрпаққа тек айтып қана қоймай аға буын іспен дәлелдеп, бүкіл халық болып ұрпағының бойына сіңіре алса, еліміздің ертеңі нұрлы болып, табысы еселене түспек. Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ел ертеңі - адал ұрпақ!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі