400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Адал және ақкөңіл болу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адал және ақкөңіл болу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №78 мектеп-гимназия

Мерзiмі: 05.12.2017 ж № 13 Тақырып: Адал және ақкөңіл болу

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, әдептілік, мейірімділік;

Мұғалiм: М. Байдуйсенова Сынып: 2е


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адал және ақкөңіл болу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адалдық, әдептілік, мейірімділік

туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың адалдық, әдептіллік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды, әдептілікке, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(интерактивті тақта,құралдар, мәлiметтер, нақыл сөздер,бейне фильм, плакат)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады «Нұрға бөлену».

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

- Жаймен көзіңізді ашуға болады.

- Рақмет!


Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үйге 43 беттегі «Ғажайып адам» әңгімесін оқуға берілген.

Сұрақтар:

  1. Ғажайып адамның ғажайыптылығы неде?

  2. Ғажайып адам болғың келе ме?

  3. Қандай тілек тілерең?



5 «Т» ережесін еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.


Дәйексөз.

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
халық даналығы

Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. сосын барлығы хормен айтады.

Дәптерге жазып алады.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын



Әңгімелеу.

Әке мен бала бейне таспадан көрсету.

1.Бейне роликтен нені ұғындық?

2. Құндылықтың қай түріне жатады?

3. Біз әрқашан ата-ананы құрметтеу керекпіз бе?

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ:

1-тапсырма

Ребусты шешу.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

а

г

д

е

ж

қ

л

м

н

р

ү

ы

і


1

3

1

7

3

12

6


5

11

10

2

4

9
















5

4

10

3

4


1

3

1

8

3

12

6


5

11

10

4

3

13






,















ІІ топ

2- тапсырма

Төменде берілген сөздерден нақыл сөз құрастыру.

Тиісті сөздер: адалдық, адамдық, жүреді, жерде, жүрген.

ІІІ топ:

Адалдыққа байланысты суретті құрастыру.

ІY топ:

Өздері адалдық тақырыбына оқиға ойлап, көрініс көрсету.


Топпен ән айту.

Келші, келші балашым

Сөзі: Қ.Ыдырысов

Әні: Е.Хасанғалиев

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің,

Ақ болар деп ойладым.


Қуанышым арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.



Үй тапсырмасы

44 беттегі «Аманатқа қиянат жасама» ертегісін оқу.


Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикер арқылы жеткізу.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет!!!!




































Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 78 мектеп-гимназия

Мерзiмі: 23.01.2019 ж

Сабақ: № 18

Тақырып: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық

Мұғалiм: М. Байдуйсенова Сынып: 2е


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға өзін және өзгелерді құрметтей білудің сүйіспеншілік құндылығына мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларды өзін және өзгелерді құрметтей білуге үйрету;

  • Кеңпейілділік, қайырымдылық, қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділікке, кеңпейілділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(интерактивті тақта,құралдар, мәлiметтер, нақыл сөздер,бейне фильм, плакат, слайд)

Сабақ барысы:

5 «Т» ережесін еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үйге 58 беттегі Н.Келімбетұлының «Менің әкем» әңгімесін оқуға берілген.

Сұрақтар:

  1. Әке неліктен өзгелерге қызмет етті?

  2. Өздерің басқаларға жақсылық жасағанда қандай сезімде боласыңдар?

  3. Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер?









Үй тапсырмасын көшбасшы және тыңдаушылар әдісі бойынша сұрау.

Дәйексөз.

Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл.

Лұқман Хакім

Дәйексөзді әуелі ұл балалар , сосын қыз балалар қайталап айтады. Барлығы хормен айтады.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын



Әңгімелеу.

Әдеп туралы бейне роликті таспадан көрсету.

Ойындар

1.Берілген өрнектердің артығын алып тастау?

Көмектесу, амандасу,кешірім сұрау, мазақтау.

Рұқсат сұрау, орын беру, түкіру, жол беру.

Ұрыс шығару, сыйлау, сөзді бөлмеу, қатты күлмеу.

2. Тест сұрақтарына жауап беру.

3. Біз әрқашан ата-ананы құрметтеу керекпіз бе?

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Маркердің түстері арқылы әр оқушы өзі таңдаған түсі орналасқан топқа отырады.

І топ: «Мейірімділік»

ІІ топ: «Қайырымдылық»

ІІІ топ: «Адалдық»

ІY топ: «Әдептілік»

1-тапсырма

Құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

Әр топ өз нұсқаларын жазады.

2- тапсырма

Берілген сурет бөлшектерін құрастырып, бейнеленген сурет бойынша постер қорғау.

3- тапсырма

Төменде берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру.

Тиісті сөздер:

1)Жақсы, -,семіртер,жан, сөз.(Жақсы сөз- жан семіртер)

2)Жақсының,айт,нұры,жақсылығын, тасысын.(Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын).

3. Бір, жатпас, суға, Жақсылық, батпас, шығар, тегін.

(Жақсылық суға батпас, 
Бір шығар, тегін жатпас) 

4.Жақсылық, пайда, кетпейді, Жамандық, зая, етпейді.

(Жамандық пайда етпейді, 
Жақсылық зая кетпейді) .




ІY топ:

Өздері адалдық тақырыбына оқиға ойлап, көрініс көрсету.


Топпен ән айту.

Келші, келші балашым

Сөзі: Қ.Ыдырысов

Әні: Е.Хасанғалиев

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің,

Ақ болар деп ойладым.


Қуанышым арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.



Үй тапсырмасы

62 беттегі «Шіріген картоп» өсиет әңгімесін оқып келу.


Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикер арқылы жеткізу.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет!!!!
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі