жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Адал және ақкөңіл болу».
Мектеп: №53
Тақырыбы: «Адал және ақкөңіл болу».
Құндылығы: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Адал,шыншыл,ақкөңіл болуға тәрбиелеу.
Мұғалімі: Абдыкадырова М.З. Сыныбы: 2а,б,в,г,и,ә,к Оқушылар саны:15
Сабақ барысы Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
Міндеттері: -Адалдық пен шындықтың адам өміріндегі мәнін түсіндіру; -Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; -Адал,шыншыл,ақкөңіл болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар: Үнтаспа,дәптер, оқулық, |
||
Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
|
|
||
2. Үй тапсырмасын тексеру. « Ғажайып адам» Ертегі Талқылау сұрақтары: 1 «.Ғажайып адамның» ғажайыптары неде ? 2. Неліктен баланың тілектерін орындады? 3. Ғажайып адам болғың келе ме? Неліктен? 4.Сенің айналаңда ғажайып адамдар бар ма?
|
|
||
3. Дәйексөз. «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.» Жаттату: -3 рет қайталау; -қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату; -2-3 баладан сұрау.
|
|
||
4. Әңгiмелеу Аманатқа қиянат жасама... Өсиет әңгіме Талқылау сұрақтары: Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай? «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер? Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді? Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді? Аманатқа қиянат жасамау дегенді қалай түсінесің? Саудагер неліктен қиянат жасамақ болды? Оның жаман ойы неге іске аспады? Өмірлерінде осындай жаңдайлар болды ма?
|
|
||
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-топ Әріптерді дұрыс қою арқылы дәйексөзді оқу 2-топ Адал және ақкөңіл болудың ережесі 3-топ Жағдаяттарды шешу
|
|
||
6. Топпен ән айту Келші,келші ,балашым Өлеңі:Қ.Ыдырысовтікі Сөзі:Е.Хасанғалиевтікі |
|
||
7.Үй тапсырмасы Бақытты отбасының сыры Өсиет әңгіме
|
|
||
8. Соңғы тыныштық сәті.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген