|
Сабақ
мақсаты:
- Оқушыларға адалдық пен
ақкөңілділік туралы әңгімелеу арқылы, қиянат жасамау құндылығының
мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушыларды ешқашан қиянат
жасамауға үйрету.
- кез келген уақытта көмекке
дайын болуға баулу.
- өзгелерді ренжітпеуге
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi. 5Т.
2.Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену»
3. Үй тапсырмасын
тексеру. «Ғажайып адам»
Ертегі
Талдау
сұрақтары:
-«Ғажайып адамның»
ғажайыптығы неде?
-Өздерің ғажайып
адамды кездестірсеңдер, қандай үш тілек тілер
едіңдер?
- Сенің айналаңда осындай
ғажайып адам бар ма?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
|
5.Әңгiмелеу.
Аңыз әңгіме: «Сиқырлы
жүзік»
Бір кедей күні бойы жұмыс
істеп қатты шаршайды. Бір арша ағашын әрең кесіп жерге құлатқанда,
жоғарғы жағынана екі жұмыртқа домалап түседі де, жарылып қалады.
Біріншісінен бүркіттің балапаны шығады да, лезде өсіп, адам бойымен
бірдей болады. Екінші жұмыртқа жарылып ішінен алтын жүзік
шығады.
Бүркіт қанатын қағып-қағып
қалады да кедейге:
Ей, адам ұлы! Сен мені
құтқардың. Мен саған мына жүзікті сыйлаймын. Бұл –сиқырлы жүзік.
Бірақ жүзіктен өміріңде екі –ақ рет тілек тілейсің. Тілегің
орындалған соң жүзігің сиқырын жоғалтып, жай жүзікке айналады деп
бүркіт ұшып кетеді.Егінші жүрегі жарылардай болып үйіне қайтады.
Жолда зергердің дүкеніне соғып, зергерден өз қолындағы жүзіктің
қанша тұратынын сұрайды. Зергер: - Екі алтындай болатын шығар,
-дейді. Кедей жымиып. Бұл жүзіктің сиқырлы екенін, оған ешбір баға
жетпейтінін айтады. Зергер қара жүректі, арам адам еді. Оның ойына
сиқырлы жүзікті мынадан ұрлап алайын деген ой туады. Ол кедейді
қоярда қоймай қонаққа шақырады. Ұйықтап жатқан жерінен егіншінің
сиқырлы жүзігін ұрлап алып, орнына соған ұқсас жәй жүзікті салып
қояды. Келесі күні кедей байғұс жөніне кетеді, зергер
есік-терезесін мықтап бекітіп алып:
-
Жүз мың алтыным
болса!- деуі мұң екен, үстіне алтындар жауа бастайды. Зергер
жанталасып әрлі-берлі қаша бастайды, бірақ есікті аша алмайды.
Дүниеқоңыз зергердің үстіне алтын одан сайын жауа бастайды.
Қиналған ол бар жан даусымен көмектесіңдерші! -деп жалынып
айқайлайды. Сол кезде зергердің көршілері көмекке келеді. Зергер,
жараланып қатты ауырып қалады.Осы уақытта егінші сиқырлы жүзіктің
сиқырын әйеліне айтып жатқан. Әйелі сөзін аяқтатпастан кәне, байлық
тілейік дейді. Тағы бір жылдай еңбек етсек, оғанда жетерміз деді
егінші. Ертесіне зергер көршісіне егінші кедейді алдырады. Зергер:
- Досым кешір саған қиянат жасадым. Оңай байып кетудің қамын ойлап,
сенен сиқырлы жүзікті ұрлап алдым. Адамға қиянат жасауға болмайды
екен дейді.Оны өзіңе қайтарам! Оның тек бір сиқыры ғана қалды
дейді. Егінші ойланбастан, сиқырлы жүзікті алып, зергердің сауығып
кетуін тілейді. Зергер аяғынан тік тұрады. Екеуі екі жақтан еңбек
етеді. Егінші егін салады, зергер бұйымдар жасайды. Егінші ауысқан
егінін көмекке мұқтаж жандарға бөліп береді. Зергер әдемі әшекейлер
соғып адамдарды қуантып отырады.Барлық жұрт оларға разы болып,
алғыстарын жаудырады. Екеуі де алғысқа бөленіп, татулық пен
бірліктің арақасында байлыққа
кенеледі.
Талдау
сұрақтары:
-
Ертегіде қандай
қасиеттер туралы айтылған?
-
Егінші мен Зергер
қандай қасиеттерінің арқасында байлыққа
кенелді?
-
Егіншінің бойында қандай
қасиеттер байқалады?
|
|
|
9.Тыныштық
сәтi.
Өз жүрегіміздің
жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу
үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы
сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған
әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді
ашуға болады.
Сабақ аяқталды. Сау
болыңыздар!
|
|