400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адал ұрпақ қандай болу керек"" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
қашықтықтан өткізуге арналған презинтация
Материалдың қысқаша нұсқасы

6.10.20 жыл


Жемқорлықтың алдын алу шаралары

МАҚСАТЫ:  Оқушылардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Жемқорлық» қоғамымыздағы алаңдатып отырған келеңсіз көрініс екенін ұғындырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту. Жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру;

ӨТКІЗІЛУ ФОРМАСЫ: Танымдық сабақ

ӘДІСІ: Ойбөлісу, талқылау

ЖОСПАРЫ:

ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ
- Оқушылармен амандасу
- «Өз пікірім – өз ойым» стратегиясы

- Әрбір адам сен үшін кім?

- Әрбір ісің сен үшін не?

– Әрбір сөзің сен үшін қандай?








ІІ. КІРІСПЕ БӨЛІМ

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы

Шарты: Тақырыпты ашу мақсатында топ мүшелеріне сөздер қиындысы беріліп, сөздерді құрау мақсатында тақырыптың және сөздердің мағынасын ашу

  1. Қызығушылықты ояту

  • Ой қозғау. «сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында видеокөрсетілім

  • Сабақтың тақырыбын ашу

  • Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесімен таныстыру



ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТӘРБИЕШІ: - Армысыздар құрметті оқушылар және сабағымыздың қонақтары! «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы бойынша ағарту жұмысы жүргізілетін болады.

Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыптың мәнін ашатын «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбындағы бейнебаянға зер салсақ: (Оқушы ойы тыңдалады)




МАҒЫНАНЫ ТАНУ

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Бұл дегеніміз:

- Мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып, мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік қабылдау.

- Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу. 

  • Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.


ОЙ АҒЫМЫ (топтық тапсырма)

ТӘРБИЕШІ: Оқушылар мағынаны тану бөлімін пысықтау мақсатында әр топқа бір-бір мақал берілетін болады. Өздеріңіз көргендей басқа әріппен жазылған сөздің орнына басқа сөз қою керек екенін аңғаруға болады. Сіздер сол ауысқан сөздің орнына керекті сөзді қойып, берілген мақалдың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екеніне тоқталуларыңыз керек. Топтарға берілетін мақал-мәтел:

І топ:

К үннің көзі - ортақ,

Жаманның сөзі - артық.

ІІ топ:

Туысы бірдің - киімі бір.

ІІІ топ:

Бір кісі таққа отырса

Қырық кісі шатырға қонар.

БЕЙНЕБАЯН: «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

Бұл бейнекөрсетілімде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнебаян конкурсының қатысушылары түсірген 9- сынып оқушыларының жұмысын (8-сынып оқушыларына көрсету мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылды) көре аламыз. Осы аға-әпкелеріміз бейнебаян арқылы бізге не ұғындырғындыра алды, біз осы сұрақ төңірегінде бейнебаян соңында талқылайтын боламыз.



І ТОП:

Бейнероликтен не түсіндік?

ІІ ТОП:

Бейнероликке деген көзқарасыңыз қандай?

ІІІ ТОП:

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары қандай?


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӨЛІМ:

Адал ұрпақтың мағынасын қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелеріне кезек береміз. (Шығармашылық бөлімде 9 оқушы ортаға шығып, қолдарына бір әріптен «Адал ұрпақ» сөзі беріледі. Әр оқушы өз әрпінен басталатын бір шумақ өлеңді мәнерлеп айтады).

1 - оқушы:

Адалдықтың негізінде шындық бар

Адалдықсыз ақиқаттың жолы тар.

Адал ұрпақ бола алмасақ егерде,

Арқа сүйей алар ма екен елім нар!

2 - оқушы:

Дала көңіл қазақ жүрген ақ жолмен

Дарабоздай жалтақтамай оң-солмен,

Дана билер жол көрсетіп ұрпаққа

Даналықпен даралыққа берген жол!

3 - оқушы:

Аялаймыз қасиетті Отанды

Ашық дала, тербелген ну орманды.

Алатаудай ақ пейілді елімді,

Алаш жұрты бірлігімен қорғады!

4 - оқушы:

Лашын құстай мінезі бар өр елім

Лайланбасын текті мінез тереңің

Лауазымды жүк арқалап ұрпағың

Лағыл тастай бағаласын керегін!

5 - оқушы:

Ұран салып шақырамыз жастарды,

Ұрпақ үні жазар жаңа дастанды,

Ұлағатты игі істермен жалғасып,

Ұлы дала ашық болсын аспаны!

6 - оқушы:

Рахат өмір тура жолмен салынған,

Райхан гүлдей сұлулығы танылған.

Райын білмей қате жолды таңдасаң,

Расыменен ар аттайсың жасыңнан!

7- оқушы:

Пікірлері айқындыққа құрылған,

Парқын білер ізгіліктің бұрыннан,

Перзентіміз мына ұлы даланың,

Парасатты құлатпайтын тұғырдан!

8 - оқушы:

Ар жолымен жүру парыз адамға,

Адал ұрпақ керек мынау ғаламға,

Алдаспаны шындық болса жастардың,

Азаматты абыройлы қоғамда!

9 - оқушы:

Құтты болсын «Адал ұрпақ» ниеті,

Құрықталсын жамандықтың иесі,

Қыран құстай жастайыңнан көкке өрле,

Қыран ұрпақ сенімменен төрге өрле!

Ерікті клуб мүшелеріне ант қабылдату рәсімен келіп жеттік. Ант қабылдау үшін сөз кезегі Асан Ердәулетке беріледі.

«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ КЛУБ МҮШЕЛЕРІНІҢ АНТЫ

Біз, «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері «Рухани - адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында жұмыс жасауға және

  • Мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және патриот болуға;

  • Азаматтық-патриоттық бағыттағы тәрбие шараларына белсенді қатысуға;

  • Мемлекеттік билік институттарына сеніммен қарауға;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлықта тәрбиеленуге;

  • Саяси – құқықтық білім мен тәрбие алуға;

  • Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбейтін тұлға болып қалыптасуға;

  • Құқықтық нормаларды үнемі сақтауға;

  • Сыбайлас жемқорлықтан қоғамға қауіп төнуіне жол бермеуге;

  • Қоршаған ортаға мейіріммен қарауға;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тұлға болып қалыптасуға АНТ береміз.


ҚОРЫТЫНДЫ

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылғанымызға жиырма алты жыл уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерімізді сақтап, мақсаты нәтижелерімізге жету үшін, өз мүмкіндіктерімізбен жетуге тырысайық.

Еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін ұрпағымыздың бастамаларының бағы жанып, жұмыстары жемісті болғай!

















«Адал ұрпақ» еріктілер клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жоспарына сәйкес 8 «а» - сыныбында өткізілген « АДАЛ ҰРПАҚ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК» тақырыбындағы танымдық сабақтың хаттамасы

Қатысқаны-25

Күн тәртібінде:


  1. «Адал ұрпақ қандай болу керек» тақырыбындағы танымдық сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстыру.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Серікбай Майра сөз алып, оқушыларды тәрбие сағатының тақырыбы, жоспары бойынша таныстырып өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде тәрбие сағатының мақсат-міндеттері және атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, оқушыларды қоғамымызды алаңдатып отырған жемқорлық және оның келеңсіз көріністері туралы пікіралысуға шақырды. Сабақ барысында оқушылардың мақсатын айқындап алу үшін «Өз пікірім – өз ойым» стратегиясы бойынша оқушыларға үш сұрақ қою аясында жұмыс жасалды. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға үйлестірмелі қалташалар таратылды. Оқушылар суреттің қиындыларын құрай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбына және тақырып ішіндегі сөздердің мағынасына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сабағымыздың жалғасы ретінде «Жемқорлық дегеніміз не?» деген тақырыпта бейнебаян көрсетілді. Сабақтың мағына тану бөлімі бойынша оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлық жайлы толық мағлұмат беріліп өтті. Мағына тану бөлімін пысықтау мақсатында "Ой ағымы" бөлімі бойынша мақал-мәтелмен жұмыс жасалды. Бұл бөлімде оқушылардың танымы, сөздік қоры, ойын жеткізуі сонымен қатар, топпен бірлесе жұмыс жасауы нақты көрініс тапты. Сонымен қатар, топтық жұмыс сабақ барысында жалғасын тапты. 3 топқа арнайы бейнебаян көрсетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнебаян конкурсының қатысушылары түсірген 9- сынып оқушыларының жұмысын көрсету мақсатында топтық жұмыс 3 сұрақ аясында өрбіді. 1 сұрақ бойынша, бейнебаян жайлы жалпы түсінгені жайлы Алтынай өз ойын еркін баяндап бере алды. 2 сұрақ бойынша, Нұрай: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз,- деп өз ойын тұшымды жеткізе алды. Шығармашылық бөлімінде оқушылардың жеке ізденістеріне тоқталып, Адал ұрпақтың мән-мағынасына, мақсатына жеке-жеке өз ойларын айқын түрде жеткізе алды. Сабақ барысында айтылған ой-пікірлерді қорытындылау мақсатында тәрбиеші Серікбай Майра сөз алып, Еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін ұрпағымыздың бастамаларының бағы жанып, жұмыстары жемісті болғай!-деп оқушыларды жігендіре түсті. Сабақ соңында сұрақтармен жұмыс түрі жүргізіліп, Оқушылар бір ауыздан «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ»,- деп бүгінгі сабақты қорытындылады.


ҰСЫНЫС:


  1. Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, ақпараттық сабақтар, дәріс сағаттарын, танымдық шаралар ұйымдастыру «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелеріне тапсырылса.



ХАТШЫ: Е.Бекмырза








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
8870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі