400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Адал ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы тақырыбында. Тақырыпқа сай. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Білім кез-келген қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғам білім беру жүйесін өзгертпестен қарқынды дами алмайды. Білімді және сауатты адамдар-ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Қазіргі әлемдегі білім-бұл әлеуметтік және экономикалық әл-ауқаттың өсуінің маңызды шарты, елдің тұрақты дамуының ресурсы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы


Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Білім кез-келген қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғам білім беру жүйесін өзгертпестен қарқынды дами алмайды. Білімді және сауатты адамдар-ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Қазіргі әлемдегі білім-бұл әлеуметтік және экономикалық әл-ауқаттың өсуінің маңызды шарты, елдің тұрақты дамуының ресурсы.

«Егер болашақтың өзгеруін қаласаң, өзің қазіргі сәттің өзгерісі бол», – деп Ганди айтқандай, ағысы күшті қоғамның талабына сай болу – әр ұстаздың міндеті.

Адал ұстаздың өзіндік қасиеттері бар-мораль, белгілі бір руханият, гуманизм. Жақсы мұғалім әрқашан өз қателіктерін мойындайды және оларды түзетеді, педагогикалық адалдықты басты назарда ұстап оқушыларға құрметпен қарайды және барлығымен бірдей байланыс орнатуға тырысады.

Мұғалім-бұл мемлекеттің тірегі және іргетасы, мемлекет онсыз өркендей алмайды. Мұғалім-қоғамды қалыптастыратын негізгі адамдардың бірі. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Ұстаз — мақтан тұтарлық мамандық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп айтылғандай, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, жыршы ақындар да бәрі – бәрі ұстаздан білім алған. Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаш баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп айтқандай, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен қарайды. Мектептің басты жүрегі —  мұғалім. Мұғалім – баланың екінші ата-анасы, ақылшысы, тәрбиешісі. Баланың мектеп қабырғасынан білім мен тәрбие алып шығуы мұғалімнің еңбегі. Тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, баланың қабілетін, талантын ашу, шығармашылық тұлғаға тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

Мұғалімнің еңбегі-ризашылықсыз жұмыс деген пікір бар. Педагогикалық іс-әрекеттің өмірін арнаған адам ғана бұл пікірді жоққа шығара алады. Мектепте он үш жылдан астам уақыт жұмыс істеген В.А. Сухомлинский өз кітаптарының бірін «Жүрегімді балаларға беремін» деп атады. Бұл әдемі метафора педагогикалық іс-әрекеттің мәнін білдіреді.

Заманауи адал мұғалім уақыт ағымымен жүруі керек өз жұмысында инновацияларды, әртүрлі әдістерді қолдана отырып, материалды еркін меңгеруі керек. Негативті ойларды мектепке кірерде табалдырықта қалдырып, балаларға мейірімділік пен жылулық сыйлауы тиіс. Болашақ әрине мұғалімдерге тікелей байланысты.

Қазіргі таңдағы заманауи мұғалімдердің басты ерекшелігі – олар баланы заманауи, тектілік пен адалдық қасиеттерді сіңіртіп яғни бәсекеге қабілетті ету үшін жан-жақты болуына септігін тигізіп жатқан маман. Қазіргі күні болашақ ұрпақтың саналы да, сапалы тәрбие алуы мұғалімге тікелей байланысты болып тұр. Өмірдің заңы – алға ұмтылу, озу.

Еліміздің абыройы мен мәртебесін көтеретін, мәңгілік елдің сенімді ұрпағын қалыптастыратын, ел болашағын тәрбиелейтін заманауи ұстаздарымыз, ұлы мамандар өсіп-өркендей берсін! Биіктен көрін, Тәуелсіз елдің сөнбес нұры, шамшырағы, мәңгілік елдің – АДАЛ ҰСТАЗДАРЫ!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
2056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі