«Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», — деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, өмірлері өнегеге толы, ұлылықтан ұлтын биік қойған тұлғаларымыздың жолы – жаңалыққа жаны құмар ұстазды қалыптастыратыны һақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Х. Әлімжан атындағы № 12 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Курбанова М.Ж.





«Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы»

Ұлт тәрбиесімен айналысқан адамның бойынан ізгі қасиеттер табыла білу абзал. Ұстаз болған адам өз алдына мемлкеттен не аламын деп емес, мемлекетке не беремін деп мақсат қойып қызмет етуі шарт. Халықтың баласын тәрбиелеген адам – халықтың анасына, әкесіне айналады. Сондықтан, ұстаз аңқау елге арамза молданың кейіпінде болмауы керек. Екі аяққа тар етік киген заманда қоғам көшінен қалмасын деп қазаққа қызмет етіп, білім ордаларын ашып, алашқа ардақты бола білген, жас ұрпақты білімнің сырынан, ғылымның шыңына шығуға шақырып, не нәрседен қашық болып, не нәрсеге жақын болу керектігінің сара жолын салып, тура жолмен жүруді анықтап берген ағартушы-ғалымдарымыз Абай, Ыбырай, Шоқан сынды даналарымыздың дара жолы – қазіргі ұшқыр ойлы ұлтты қалыптастыратын ұстаздарымызға өлмес мұра.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», — деп қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, өмірлері өнегеге толы, ұлылықтан ұлтын биік қойған тұлғаларымыздың жолы – жаңалыққа жаны құмар ұстазды қалыптастыратыны һақ.

Міне, осы жолда ұстаздық қызметке бет бұрып, бала жанының бағбаны болуға бел будым. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу – мен үшін мәңгілік мәртебе. Өйткені, көзінің тірісінде қасықтай қаны, шығардай жаны қалғанша қазаққа қызмет еткен Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып, Ахметтей арыстарымыздың өмірі үзілгенмен, артында арманы болып қалған, үзілмеген үмітін жалғау маған жүктелген міндет деп білемін.

«ХХІ ғасыр бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман», — деп кемеңгер көшбасшымыз айтқандай, ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті, ойы озық, жоғары мәдениетті, тарих толқынымен өз әдебиетінің әлемінен ой қорыта алатын білімі бар азаматты тәрбиелеу – менің ұстаздық ұстанымым және міндетім. Менің танымымда білім әлемдік, тәрбие ұлттық деңгейде болуы шарт. Қаншалықты жаңашылдыққа бет бұрсақ та, ескіліктің естелігінде тау қатпарындай болып қалған салт-дәстүрлерімізді, ұлттық-рухани құндылықтарымызды айта отырып, бала санасын сәулелендіруіміз қажет.

Бүгінгі күні білім мен ғылым саласына енген түрлі жаңалықтарға ұстаз жаны құмар болып, соны үйренудің жолында құмырсқаша еңбектенуді талап етеді. Білім саласында еніп жатқан игі-жақсы жаңалықтарды игеру арқылы өз сабағымда оқушыға берілген тапсырманы қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде өзіндік ойларын ашық, әрі анық жеткізе білетін тұлға ретінде сыни көзқарасы қалыптасқан, замана көші талап етіп отырған технологияларда құзырлылық танытатын талапты жасты қалыптастыруға тырысамын.

Сонымен қоса, оқушының пәнге деген қызығушылығын түрлі тиімді әсдіс-тәсілдер арқылы оятып, пәннен алған азығын кез-келген ортада кеңінен қолдануына барынша жағдай жасаймын. Мен үшін қоғамға жарамды, көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалыны бар, жанынан арын биік қоятын, жұмсақ мінезді жібектей, жүрегінде жігері бар, кешегі Мағжан сенген жастарды тәрбиелеп шығарудың маңызы ерекше.

Оқу үдерісінде жаңа технологияны ұтымды қолдану – менің шеберлігімді шыңдап, кәсібилігімді кемелдендірудің бірден-бір тиімді жолы. Оқытудың басты ерекшелігі – оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы арқылы шешендік өнерін дамыту, оқушының дамуына жағдай жасау, білім алушы білім алушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіп, ойын еркін жеткізуіне жағдай жасау. Өзара бір-бірінің пікірін тыңдай отырып, сыйластықта, ынтымақтастықта бір тоқтамға келіп, өз бетімен шешім қабылдай білуге, сыни көзқарасты қалыптастыруға үйрету. Оқушы сабақ үстінде тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болса, олардың білімдері нәтижелі болып, таным көкжиектері кеңейе түседі, ал мен сол білімнің сапалы болуына бағыттаушы боламын.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.00.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі