Адалдық-асыл қасиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адалдық-асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адалдық – адамгершілік бастауы

Адалдық – ардың ісі.

Дүниеде әділдік пен адалдықты

ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Ш.Уәлиханов


Адалдық – жәй сөз болғанымен тереңірек үңілсек оның түпкі мағынасы мен адам өміріндегі алар орнын білеміз. Қарапайым қасиеттен бастау алатын адалдықтың тамыры тереңде.

Адами қасиеттер –халықтың өмірінде, әдет-ғұрпында, дүниетанымында ерекше орын алатын қасиеттер. Олар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Қай кезде де, қай заманда да адамға тән адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, азаматтық, қарапайымдылық тәрізді асыл қасиеттер жоғары бағаланды. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның арасында мәңгілік күрестің жүріп жататыны сияқты адамдық қасиеттердің мәнін төмендетіп, көлеңке түсіретін жағдайлар да бұл өмірде болып жатады.

Бала күнімізден бастап ата-анамыз, содан соң ұстазымыз адалдық туралы айтқанда, мына өмірде адал, шынайы болу керектігін біліп жатамыз. Сонда да кейбір кезде тығырықтан шығу үшін өтірік айтып құтыла салатын кездер болады. Йә, бұл дұрыс емес. Дегенмен де бұл кішкентай ғана бөлшегі.

Көп жағдайда адалдық деген ұғымды балалар емес ересектер түсінбей қалып жатады. Шәкәрім Құдайбердіұлы адалдық туралы: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи» - деп адалдықты байлықпен өлшемеу керектігін, дүние, мансап үшін адамгершілікпен аттамау керектігін тілге тиек етеді.

Біз «Адалдық — ардың ісі, ауырды көтеру – нардың ісі», «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік», «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді», «Арамдықты адалдық жеңеді, жамандықты адамдық жеңеді» деген тәрбиелік мәні бар сөздерді көп еститінбіз. Бұл сөздердің түбіне үңілсек достықтың, адамдармен жасалатын байланыстың, сыйластықтың өзі адалдықтан бастау алатынын біліп отырмыз.

Біз 5-6 сынып оқыған кезде Қазақ әдебиетінен «Көксерек» тақырыбында сабақ өттік. Йә, бұл тақырып бәрімізге таныс. Себебі, Көксерік киносын біздің үйдегілер бірнеше рет көрген. Кинодағы кішкентай Құрмаштың қасқыр күшігіне деген адалдығы, шынайы қамқор болуы, бауыр басуы бәрімізге үлгі боларлықтай. Құрмаштың әкесін тыңдамай кішкентай досы Көксеректі қорғауы, оны басқа иттерден қорғауы, үнемі тамақ беріп оны жақсы көруі досына деген адалдығы деп білемін. Кішкентай баланың қасқыр тұқымдас итіне адалдығы Құрмаш достарына ерекше көрінетін. Бірақ, Құрмаштың достары өздерінің күшіктеріне дәл Құрмаштай қарамайтын. Ғабит Мүсіреповтің «Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың» деген сөзі есіме түсіп отыр. Құрмаштың достары күшіктерін жақсы көреді, бірақ көрші үйдің күшіктерімен төбелестіріп, оларды қызықтап қарайтын. Бұл дұрыс емес. Міне, осы киноны көріп мен де адалдықтың мәнін ұққандаймын.

Кейбір кездері сынып сағаттарынан Адалдық, Әділдік, Адамгершілік туралы өтеміз. Сол кезде сыныптастарым өз көзқарастарын білдіреді. Көбінің ойы бірдей. Адалдықты – достықпен, әділдікті – сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Себебі, адалдықты достық деп түсінбеуіміз керек.

Менің де достарым бар. Бірақ бәрі шынайы дос емес. Кейде маған басқаны жамандап, кейде мені басқаға жамандайды. Адалдық деген – шынайы болу. Ал шынайы достық ең керемет достыққа апарады.

Адалдық тек достықпен өлшенбейді. Досың болмаса да кез-келген адамға адал болуың керек. Тіпті табиғатқа да, жан-жануарлар мен аң-құстарға да. Табиғат пен жан-жануар, аң-құстарға қамқор болу арқылы адал бола аласың. Сондықтан, жан-жағымызға қамқор бола жүріп, шынайы дос болып адалдығымызды көрсетейік. Ата-анамыздың үйреткен жақсылықтары мен адамгершілік қасиеттерімізді жоғары қойып, дұрыс жолмен жүрейік дегім келеді.

Ойымды қорыта отырып, мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Тағдырға сенбей болмайды,

Шын бақыт екі қонбайды.

Адалдық дейтін өткелден,

Көп адам өте алмайды.

Бастысы, шынайы болайық!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.04.2021
2870
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі