400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Адалдық-атадан қалған мұра»сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адалдық-атадан қалған мұра» сынып сағаты қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

МДТЖЖО:Кисимов Н

Мектеп

Исатай орта мектебі


Сабақтың тақырыбы

«Адалдық-атадан қалған мұра»


Сыныбы

5 «ә»


Күні

13.11.2023


Мақсаты

Оқушыларға адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.


Сабақ барысы:


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті




Кіріспе (5мин)











Негізгі бөлім

(10мин.)

1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

2. Тренинг арқылы 2 топқа бөліп алу.

1 - Топ.«Татулық»

2 - топ. «Сыйластық»


3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де “сіз”

Кішіге де “сіз”

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз


4 .Жаңа сабақты меңгеру

Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?



Ой қозғау.

Сұрақтар: Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? Сендердің де адал достарың бар ма? Сенің адалдыққа деген сенімін қандай? «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер? «Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?


Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Мақал – мәтелдер (Кім тапқыр?)

1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ақылына ақыл қос.

2. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала

3. Адалдық жүрген жерде,

Адамдық жүреді

4. Асылдың бірі – Адамгершілік

5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік

6. Адалдық ардың ісі

7. Ақылдың алдыменен жүр

Ақымақтың артыменен жүр

8. Өтірік айтып жағынғанша

Шынынды айтып жалын

9. Ауыз ашса сыр көрінеді

Есік ашса төр көрінеді

10. Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді

Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.

11 «Сөйлесе сөз әдепті»

12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар.

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.













Оқушылар тақырып бойынша түсініктерін кеңейтеді.


















Өз ойларны ортаға салады, пікір алмасады






Қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.









Сыныппен талқылау












Оқушылар мақал-мәтел айтудан топ болып жарысады.












































5 мин

5 мин

«Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?». - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)


Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды



Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.






Қорытынды

(10мин.)




Адалдық — адаммінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.


Рефлексия.Оқушылар стикерге жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.










.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
10.06.2024
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі