400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адалдық және сыпайылық-шынайы адам келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қажетті және оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

 “МАҢҒЫСТАУ ауданына 90 жыл”

1-жүргізуші: Қасиетті Маңғыстау жері туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығанда бір рет болып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған» деген. Біз сол бақыттың иесіміз.Біздің Маңғыстау жерінің тарихындай терең тарих ешбір жерде жоқ.Қазақстандағы 20 мыңнан астам тарихи – мәдени ескерткіштердің 60 пайызы біздің Маңғыстау жерінде сыңсып тұр.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Маңғыстау ауданының 90 жылдық мерекесі құтты болсын: Осы мерекеге орай өткізіліп отырған «Маңғыстау ауданына 90жыл» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз!

1- жүргізуші

Не замандар өтсе-дағы бұлағай,

Көк түріктің туы қалды құламай.

Маңғыстауым – тұнып тұрған тарихым,

Ашық аспан астындағы мұражай,

-демекші, кең байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің тарихы ерекше. Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жері талайларды тамсандырған. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған ғажап өлке.

2- жүргізуші.

Ендеше,  8,9,10-сынып оқушыларының қатысуымен сайысымызды бастаймыз. Оқушылар бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады. Сайысқа қатысушыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1- жүргізуші

І топ: Отпан тау

ІІ топ: Жар - жар тау

ІІІ топ: Шерқала

ІY топ: Айрақты

Y топ: Маңғыстау маржандары

YI топ: Шетпе





2- жүргізуші

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Түгелбаева А

  2. Мулкибаева Б

  3. Арқалықова А


1-жүргізуші 

Сайыстың шарттары:

І. «Таныстыру» 

8 «а»-сыныбы

8 «б»-сыныбы...

2- жүргізуші

ІІ. «Кім жылдам?» (Оқушылар сіздерге ұяшықтар беріледі. Осы ұяшықтарды тандау арқылы сұрақтарға жауап бересіздер. Әр сұрақтың ұпайлары ұяшықта жазулы.)

Ендеше ең бірінші ұпайы төмен топ мүшелері бастайды.

 1-жүргізуші.

ІІІ. Топтық жұмыс (Өлкеміздің дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің немесе өлкеміздегі қасиетті жерлердің қиындысы беріледі, сол қиындыларды құрастыру арқылы сиздерге берілген тапсырманың тақырыбы шығады. Осы тақырыпты постерге түсіру үшін 15 минут уақыт беріледі)

2- жүргізуші

Ендеше сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ қазы мүшелеріне сөз кезегін береміз.

2- жүргізуші: Сөзіміздің соңын «Қысылғанда дем, жабыққанда жар болатын» қасиетті Бекет-Ата рухы кім-кімді де қолдап,ел болу жолындағы келелі қарекеттерге қадам басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін.

1-жүргізуші: Маңғыстау кім-кімді де қызықтырып әкететін терең, тарихи өлке. «жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет көріңіз» деген  халық сөзі бар. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.10.2018
1411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі