«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» Эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж қабырғасында студенттердің білім алу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, болашақта да үлкен қателіктерге бой алдырмай, дәрігер деген атқа кір келтірмей, ақ халатты жандардың жаны, рухы таза әрі кіршіксіз болулары жайында айтқан сөздерін қызығушылықпен тыңдадық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді»

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша елімізде ағарту мен тәрбие жұмыстарына үлкен мән берілуде, соған байланысты колледжімізде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік саясаты жүргізіліп, білім алушылар мен оқытушылар академиялық адалдық қағидаларын ұстанып, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады.

Топ тәлімгеріміздің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» тақырыбында тәрбие жұмысы өткізілді.

Колледж қабырғасында студенттердің білім алу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, болашақта да  үлкен қателіктерге бой алдырмай, дәрігер деген атқа кір келтірмей, ақ халатты жандардың жаны, рухы таза әрі кіршіксіз болулары жайында айтқан сөздерін  қызығушылықпен тыңдадық.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылық пен қайырымдылықтың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге тиіспіз, ал болашақ дәрігерлер үшін бұл қасиеттер өте маңызды. Осындай тәлімгерлік сағаттар жоспарланған іс-шаралардың сауатты өткізілуіне көмектеседі деп ойлаймыз.

Елбасы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді.

  Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қарсы біз болып ат салысып, бір күш болып жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.02.2021
3898
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі