Материалдар / Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді

Материал туралы қысқаша түсінік
түсінікті өте
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
251
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Адалдық  жүрген  жерде- адамдық  жүреді» тәрбие сағаты

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Оқушыларға адалдықты өмірде қолдана білудің маңыздылығын түсіндіру.

2. Оқушылардың бойында әділдік, шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды әділ, шыншыл, адамгершілікпен өмір сүруге тәрбиелеу.

Мұғалім:

Біздің мемлекетімізде қазақстандық жастарға лайықты өмірлерін қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыстар жасалынып жатыр . Алғашқы елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан -2050 » стратегиясының басты мақсаттарының бірі жастар саясатының басымдылығы болып табылады. Тіпті жыл сайынғы жолдауларда сіздерге жас ұрпақ деп аранлады: «Сіздер – біздің үмітіміз бен болашағымыздың іске асырушыларсыздар » делінген болатын. Сөзсіз, адалдықты барлық қоғамға жалпы , бірккен түрде қалыптастыру қажет. Бүгінгі күні, әрқайсыларыңыз : Адалдық – ұлттың рухани негізі , озық қоғамның өмір нормасы екенін сезіну керексіңдер.

Ой қозғау. Притча «Ынталы , тырысқан отыншы »

Үнемі тырысып жүретін отыншы шырпының адал еңбегімен теріп жүрді. Оған шырпысы үшін жақсы қаражат төлеп, оны үнемі еңбекқорлығы үшін мақтап отыратын . Одан тек бір нәрсені жасырып жүрді: шырпылар инквизицияға , яғни адамдарды өртеуге пайдаланғанын жасырған екен. Инквизиция (XIII ғасырдың басында католик шіркеуі құрған, шіркеуге қарсыларды ерекше қатал қудалаған сот, полиция ұйымы) Притча не туралы деп ойлайсыңдар ?

Притчада адамдар өз істерін түсіну керек, олардың зардабын болжау қажет, нәтижесінде жақсылық жасап жатырсың ба ,немесе жамандық жасап жатырсың ба білу керек. Бүгін біздің тәрбие сағатымызда сендермен адам қолымен жасалынған жамандық, зұлымдық дегредацияға әкелетінін талқылаймыз. Ол зұлымдықтың аты-жемқорлық.

Жалпы сендердің түсініктерінде жемқорлық дегеніміз не ?

Адамдарды жемқорлыққа бару себептері неде деп ойлайсыңдар. Ол үшін 1 топ оқушылары 3 минут уақыт ішінде қағаз бетіне жемқорлықтың себептерін жазуылары қажет.

  • Мемлекеттік қызметкерлерінің жалақыларының төмендігі

  • Заңды білмеу

  • Оңай жолмен ақша табу

  • Әртүрлі қызметтерде жиі жұмыс орнын ауысуы

  • Елдегі тұрақсыздық

  • Жемқорлық –ол әдет

  • Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі

  • Мемлекеттік институттарының әлсіз дамуы

  • Жұмыссыздық

  • Азаматтық қоғамдық институттарының дамымауы

2 топ. «Жемқорлық - күрделі әлеуметтік мәселе» екендігін «ПТМС» әдісі арқылы дәлелдеңіздер.

Позиция (біз солай санаймыз,....)

Түсіндіру (....себебі...)

Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз....)

Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймыз....)

3 топ. Жемқорлыққа қарсы күресте менің үлесім .

«Жалғастыр» ойыны арқылы көрсету.
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

  • Заңдарды білу керек ............ 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады, «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады, БҰҰ 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

Сергіту сәті. « Ассоциациялар »

  • Егер жемқорлық қандай да бір түс болса, онда қандай түс берер едіңдер ?

  • Егер жемқорлық ауа райы болса онда қандай ?

  • Егер жемқорлық жануар болса онда қандай ?

  • Егер өсімдік болса онда қандай ?

Мына бір видеоға назар аударайық.

1 топ. адалдық ережесін құру.

  1. Айттың ба орында !

  2. Сенімді емессің бе , уәде берме !

  3. Қателестің бе- мойында !

  4. Ұмытып кеттің бе – кешірім сұра.

2 топ. Шығармашылық тапсырма. «Шыншыл адамдар »

Мақал-мәтел : « шындық қайда болса, бақыт сонда».

Алдарына әртүрлі мамандық иелерінің суреттері беріледі. Оқушылар осы маман иелері өз кәсіби мамандықтарына шыншыл болса, бақытты болатынын айтып береді. Аспазшы – балғын көкеністерден тамақ әзірлейді. Дәрігер – ауру адамдарға жақсы дәрілерді жазады. Мұғалім, әскери адам.т.б

3 топ. Төрт терезе әдісі

Адам бойында қандай парасаттылық болу керек ?

Қалай бойымызға сіңіреміз?

Не үшін ?

Нәтижесі ?



Еркін таңдау. Тақтада ұлы адамдардың нақыл сөздері ілінген. Парталарыңда шамшырақтар жатыр, сендер болашақта қандай адам болғыларың келеді,сол нақыл сөздің жанына шамшырақтарыңды орналастырыңдар.

  1. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов

  2. Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель

  3. Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

  4. «Ақиқат жол – жөнекей жұлып ала салатын гүл емес,ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты». Гераклит

  5. «Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас». А. Макаренко

  6. Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ Ж. Баласағұн

  7. Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»

Қорытынды сөз.

 Жемқорлық – ол екі басы бар көше. Алатын адам болса, міндетті түрде беретін адам да бар. Сондықтан онымен барлық бағытта жұмыс жасау қажет.

Абай атамыз айтқандай
Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!!

















































































































Shape1

Парасаттылық

























































Скачано с www.znanio.ru

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!