жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
адалдыққа тәрбиелеу
АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ -
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ
Кошерханова Лаззат Нурмағамбетовна
«№1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
ШҚО Курчатов қаласы
Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бізді ойландыратын «тәуелсіз елдің болашағы кімдер?» деген сұрақ. Олар бүгінгі біздің алдымызда отырған шәкірттеріміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын ерекше бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтың қадір-қасиеттернің мән-мағынасын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз», -деген еді. Адамның барлық жағынан өсіп жетілуіне, тамаша азамат болып қалыптасуында мектептің ролі жоғары. Сапалы білім берумен қатар, адамның кез келген уақытта шешім таба алатын, басқа түскен ауыр жағдайдан жолын тауып кетуіне қажетті төзімділігі мол, шыныққан қасиетке бай болатын шәкірт тәрбиелеу керек. Мұғалім сабақ берумен шектелмейді. Ол – баланың өмірдегі өз орнын табуына көмектесетін ұстазы әрі ақылшысы. Әр баланың өзіне ұнаған ісімен айналысқанды жақсы көреді. Мектеп оның осы талабын ұштауға себін тигізуі қажет деп біле отырып, біз өзіміздің оқу орнымызда тіпті мүлдем жаңа қарым – қатынас құруымыз керек: мейірімділік, өзара сыйластық, сенім, өз күшіне сену арқылы өздігінен білім алуына жол көрсету, «өзіңді өзің тәрбиелеу» ұстанымы – оның желісі болып табылады. Сабақтың бүгінгі күн талабына сәйкес ұйымдастырылуы баланың жеке басы дамуының басты кепілі болып табылады, яғни оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезінуі бүгінгі күннің басты талабы.
Осы мақсатта әрбір ұстаз мына қағидаларды ұсынған жөн деп білемін:
баланың бойындағы құштарлығы мен қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтажын ескеру, шығармашылығын жетілдіру, деңгейлік және дербес оқыту ұстанымдарын сақтауға үйрету және бағыттау;
білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау, алған білімдерін басқа ортада қолдана білуге үйрету;
өзін - өзі дамытып, тұлға қалыптастыру жағына назар аудару;
Мұғалім бала бойындағы талпыныс пен ізденушілікті мойындап әрі қарай дамытып отырады. Деңгейлік бағдарламаның басты мақсаты да ХХІ ғасыр ұрпақтары алған білімдерін келешек өмірде қолдана білуі керек екенін ескере отырып, ұстаз болу үшін өмір бойы оқу қажет екенін Ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов «жазушы жазуын қойған күні өлгені» деген сөзі бізге де мұғалім оқуын, тоқуын тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамағаны ләзім деп түсінеміз. Ол күнделікті оқу ойы мен бойына білім қорын жинақтап отыруы тиіс. Тек өз пәнін біліп қою жеткіліксіз. Оқушының оған қояр сұрағы да аз болмасы анық. Әр кез іркілмей жауап беруі керек. Сонда ғана ұстаз беделі артады, оқушының ілтипатына бөленеді. Беделді ұстаз – мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім мен біліктілігін оқу арқылы толықтырып отыру және оқушы бойына ізгілік нұрын дарыту.
Баланың бойына ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерін сіңіретін, ұлттық қасиетке адалдық пен әділеттілікке тәрбиелейтін адам –ҰСТАЗ. Оқушыларды тек оқытып қана қоймай тәрбиелеу де үлкен міндет.
Осындай адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 5-9 сыныптар арасында өткізуге арналған сынып сағатыныңт ақырыбын «Адалдық әліппесі» деп атап, алдыма мына міндеттерді қойдым. Тәрбие сағатында жеті модульді ықпалдастыруды мақсат етіп, оқушыларды жақсылық жасауға, біреуге қол ұшын беруге, құрмет көрсетуге адамдық құндылықтардың бірі адалдыққа, оқушыларды бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдікке тәрбиелеп, өз ойларын толық айта білуге үйрету, топпен жұмыс істеуге, басқаның пікірін тыңдауды және негізгі ойды нақтылауды, қорытындылай білуге бағыттадым.
Сындарлы оқыту бойынша тәрбие сабағында мына модульдарды қолдандым:
сын тұрғысынан ойлау – мәтінді бағыттап оқу арқылы оқушылардың талқылауы, ортақ пікір арқылы өз ойларын қорғауы; диалогты оқыту – мәтінді талқылау кезіндегі топтағы зерттеушілік әңгіме; жас ерекшелігі бойынша оқыту – ойды қорытындылау кезінде егер 5-6 сыныптарға «бес жол» өлең шумағын, 7-9 сыныптарға «егер сен болашақ Елбасы болсаң...» болашаққа бағдарлама жасау; көшбасшылық – топтағы өздері сайлаған көшбасшылар оқушыларды рольдерге бөлу, сабақ бойындағы мұғалімнің көшбасшылығы; оқуды бағалау және оқытуды бағалау – мұғалімнің пікірлерді жалпы бағалауы, көшбасшылардың қай пікірдің нақтырақ екенін анықтау; талантты және дарынды оқушыны анықтау – «бес жол өлең» жазу, өз бағдарламасын қорғау кезінде;
Тәрбие сағатының барысын ұйымдастыруда мына жағдайларға баса назар аудару қажет: сыныпты топқа бөлу кезінде оқушылардың психологиялық ерекшелігіне; топпен жұмыс ережесін еске түсіру арқылы өздеріне топ басшыларын тағайындауға;
Сынып сағатының І кезеңі «Ой қозғау» кезінде мұғаліцмнің кіріспе сөзде
- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа биылғы жолдауында Қазақстан 2050 бағдарламасы бізге үлкен міндеттер қойғаны туралы айта келе еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ өздері екеніне көңіл аудардым. Егер сіздерге болашақта еліміздің елбасын сайла десе қандай қасиеттеріне қарап сайлар едіңіздер? деген сұрақ арқылы топтарға ой тастадым. АКТ модулі арқылы слайдта Елбасының суреті мен Қазақстан Республикасының қазіргі жеткен жетістіктеріне қысқаша шолу жасалды. Әр топтан бір оқушы тақта алдына келіп өз топтарының айтқан қасиеттерін жазып, неге осы қасиеттер болу керек деп ойлайсың деген сұраққа жауаптарын берді. Әр топтың жазған пікірлерінің дұрыс екені, енді біз сендермен ертедегі бір патшаның басынан өткен оқиғасын оқиық, ол өз орнына болашақ патшаны қалай таңдаған екен білейік деп сабақтың ІІ кезеңіне көштім. «Мағынаны ашу» кезеңінде әр топқа қағазға жазылған мәтін таратылды,
1-бөлім: Баяғы бір заманда, шалғай бір елде бір патша өмір сүріпті. Патша адамдық құндылықтардың барлығына бірдей мән беріпті де, адалдыққа айырықша қарайды екен. Ұзақ жылдар бойы елін адалдықпен, әділдікпен басқарып, халқы оны осы қасиеті үшін қатты сыйлапты. Өкініштісі, ол әбден қартайған екен. Сол себептен, өзінен кейін ел басқаратын адамның таққа отыруы керек еді. Тағдырды ісіне не шара, патшаның ұлдан тұяғы болмапты. Сондықтан да, өзінен кейін таққа отыратын адамды халықтың арасынан таңдауға бекініпті. Патша мұрагер болуға лайықты адамды таңдау үшін қатты ойланыпты. Басын қатырмай қайтсін, өйткені кімді таңдаса да, өте адал адамды шатаспай табуы керек қой. Ақыры, бір ойға бекініпті.
Мәтіннің І бөлімі оқылып, әрі тыңдалып болғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылды: Патша өз орнына мұрагер тағайындау үшін қандай ойға келді деп ойлайсыздар? Егер сендер патшаның орнында болсаңыздар не істер едіңіздер? Берілген тапсырманы әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салды, топ көшбасшысы топ пікірін кім айту керектігін анықтап отырды. Сол оқушы таныстырды, әр топтың пікірі толық тыңдалды.
Мұғалім: -Патша қандай ойға келгенін білгілеріңіз келе ме, ендеше келесі мәтінді оқиық, -деп оқушылардың қызығушылығын туғызып мәтіннің екінші бөлімін тараттым, әрі таспадағы мәтін тыңдалды.
ІІ бөлім: Елдегі барлық балаларды сарайдың бағына жинауды бұйырыпты. Бір күннен кейін сарайдың бағына жүздеген, мыңдаған бала жиналыпты. Патша, балаларды аралап келіп, алақандарына құйттай бір нәрсе салыпты. Сосын: «Сендерге бір-бірден дән бердім. Үйлеріңе барғаннан кейін тұқымды отырғызыңдар. Бір айдан кейін маған кімде-кім ең әдемі гүл әкелсе, осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты сол балаға бұйырмақ», - депті.
Риза болған балалар үйлеріне қайтыпты. Аналарынан құмыра алып, патшаның берген дәнін сол құмырыға топырықпен отырғызыпты. Гүлді күнделікті суғарып, бар ықыластарын дәнге арнапты. Бұл балалардың арасында Яхия есімді бір бала бар екен. Ол да басқалар секілді, анасынан бір құмыра алып, ішіне топырақ салып, дәнді отырғызып, суғарып, өсуін күтіпті. Алайда, арада он күн өтсе де, ештене өспепті. Яхияның басқа шарасы қалмапты.
Мұғалім: Яхияның отырғызған гүлі неге өспей қалды, қалай ойлайсыздар? деген сұрақ қойылып, тапсырма берілді. Әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салып, таныстыруы керек.
Мұғалім оқушыларға: Яхияның гүлінің неге өспегенін білгілеріңіз келе ме, ендеше келесі мәтін бөлігін оқып танысайық дей келе мәтіннің келесі бөлімі тыңдалды.
ІІІ бөлім: Патшаның берген мерзімі бітіп, балалар сарайға қарай бет алыпты. Құмыралар түрлі-түсті гүлдерге толыпты. Біреулері шегіргүл, екіншілері лалагүл, енді біреулері аппақ раушангүл өсіріп, әкеліпті. Патша балалардың өсірген гүлдерін жеке-жеке тексеріпті. Бәріне де риза болыпты. Балалардың әрқайсысының маңдайынан сүйіп, бос құмыра ұстаған Яхияға бұрылып: «Сенің құтың неге бос?» - деп сұрайды. Яхия ұялғаннан төмен қарап: « Сіздің берген дәніңізді бар ықыласыммен отырғыздым, баптадым, суғардым. Бәрібір көктемеді. Мүмкін бір қате жасадым ба? Өзім де түсіне алмай тұрмын. Кешіріңіз, хан-ием,» - депті.
Патша күлімсіреп еңкейіп, баланың бетінен сүйіп: «Қапа болма, балақай. Осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты саған бұйырыпты», - депті.
Жиналған жұртшылық таңданыспен қарап қалыпты. Патшаға жақын адамның бірі шыдай алмай: «Мұншама гүл өсірген балалар тұрғанда, құр құмыраны ғана әкелген баланы тандағаныңыз қалай?», - деп сұрапты.
Мұғалімнің «Неге патша Яхияға осы елдің патшасы сен боласың деді деп ойлайсыздар?» сұрағына әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салып, таныстырып өтті. Патша не себептен Яхияны болашақ патша болады деді енді соны білу үшін келесі мәтінмен танысайық деп мұғалім оқушыларға келесі бөлім тыңдатылды.
І Vбөлім: Жиналған жұртшылық таңданыспен қарап қалыпты. Патшаға жақын адамның бірі шыдай алмай: «Мұншама гүл өсірген балалар тұрғанда, құр құмыраны ғана әкелген баланы тандағаныңыз қалай?», - деп сұрапты. Патша: «Себебі маған ең керемет гүлді бос құмырамен мына бала сыйлады,» - деп жауап қайтарыпты. Патшаның көмекшісі одан сайын таң қалыпты. Патша сөзін жалғастырып: «Негізінде құмырылардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді, себебі мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім. Бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады. Осы бала өскеннен кейін менің орнымды басып, осы елдің патшасы болмақ. Осы бала ғана елде әділеттік орната алады. Енді бәрі түсінікті ме?» - депті.
Патшаның көмекшісі де, жиналған жұртшылық та мән-жайды түсініпті. Түсініпті де болашақта елінің аса әділ патшамен қауышатының ойлап, көздеріне жас толыпты. Мәтін толық талқыланғаннан кейін оқушыларға балалардың іс-әрекетін бағалау тапсырмасы берілді.
«Ойды қорытындылау» кезеңінде мына сөздермен келесі «жақсылық жасау, біреуге қол ұшын беру, махаббат, құрмет көрсету – бұлардың барлығы да адамдық құндылықтар. Десе де, осы құндылықтардың арасында өте нәзік бір құндылық бар, ол адалдық деп аталады. Себебі, адамдардың бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдік керек. Әділдік адалдықтың топырағында тамыр жайған гүл секілді...» дей келе 7-9 сыныптарға «Егер сен болашақта еліміздің басшысы болсаң қандай істер жасар едің ?...» топпен болашақ жоспарларын жасауға тапсырма беріледі. 5-6 сынып оқушылары «бес жол өлең» шығарып, «автор орындығына» отырып өз сыныптастарына оқып береді. Осындай тақырыптарда өткізілген сынып сағаттарының ерекшелігінің бірі оқушылар өз ойларын ортаға салуға, пікірлесуге, басқа пікірлерге қарсы уәж айтып өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді. Өз пікірін қысылмай айтуға сыныпты үйретудің бірден-бір жолы тәрбие сағаттарында сын тұрғыдан оқушыларды ойлауға үйрету деп білемін. Көзқарасын дәлелдей алатын оқушы кейін пәндік сабақтарда да еш қысылыссыз сөйлеуге, әсіресе математика сабағында ережелер мен теоремаларды қасиеттерді дәлелдеуде «менікі дұрыс емес» деген пікірден аулақ болады, өзіне деген сенімділігі артады. Тәрбие сағаттарында оқушыларды өз ойларын айтуға шешім шығаруға үйрету арқылы математика сабағында кейс стади тәсілін қолдануға тигізер пайдасы үлкен, себебі кейстік тапсырмаларды оқушылар жұппен орындап, дұрыстығын топпен талқылайды. Мысалы: Геометрия сабағында «Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбын өткенде оқушыларға әртүрлі үшбұрыштар сызылған парақтар таратылды, осы үшбұрыштарды «бұрышты өлшеу» тақырыбын еске түсіре отырып өлшеп, барлық бұрыштарының қосындысын табу тапсырмасы берілді. Оқушылар практикалық жағдайда үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градус екеніне көз жеткізеді. Ендігі тапсырма кейстер түрінде беріліп, олар теореманы тапсырмаларды орындай отырып өздіктерінен дәлелдейді.
1-кейс: кез келген түзуге одан тыс нүкте арқылы параллель түзу жүргізуге бола ма, болса АВ түзуіне С нүктеден параллель жүргіз.
2-кейс: осы жүргізілген түзу қай түзуге параллель болатынын жазып көрсет.
3-кейс: егер АС қиюшы болса қиюшы қиғандағы бұрыштары туралы не айтуға болады?
4-кейс: егер ВС қиюшы болса қиюшы қиғандағы бұрыштары туралы не айтуға болады?
5-кейс: ішкі айқыш бұрыштар туралы не айтуға болады?
6-кейс:қай бұрыштарды тең бұрыштар дейміз, неліктен?
7-кейс:жазыңқы бұрыштың мәні неге тең?
8-кейс:үшбрыштың қай бұрыштарын жазыңқы бұрыштың бұрыштарымен ауыстыруға болады?
Осы кейстік тапсырмаларды ретімен орындау барысында оқушылар жұппен жұмыс жасап, теореманы өздері дәлелдеп практикада көз жеткізгендерін теория жүзінде дәлелдей алады. Оқушылар өздігінен орындау барысында өзіне деген сенімі артады. Елдің ертеңі – ұрпақ қолында. Егемен еліміздің болашақта өркениетті мемлекеттер санына қосылып, тәуелсіздіктің көк байрағын биік ұстауы қазіргі мектеп партасында білім алып отырған жас ұрпақтың білімі мен ақыл – парасатына, іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты. 2050 жылдарға қарай Қазақстанды өзге дамушы мемлекеттерге үлгі болатын дәрежеге жеткізетін зерделі ұрпақ қазір мектепте отыр. Сондықтан да қазіргі заманда мектепке қол ұшын беруді, әрбір баланың алаңсыз оқуына,тәрбие алуына, әлемдік деңгейдегі дәрежеде білім алуына жағдай жағдай жасауды – абыройлы міндет деп санаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Вильгельм фон Гумбольдт. Избранные труды по языкознанию Издательство: Прогресс, 2000., 219-22 стр.
2. Ю.Н.Караулов. Показатели национального менталитета в ассоциативно-вербальной сети. ИЯ РАН, 2000. 118-121 стр.
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І,ІІ,ІІІ деңгей бағдарламасы.
4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І, ІІ, ІІІ деңгей бағдарламалары. «НЗМ»ДББҰ 2012ж.
5. Жақсылықова «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» әдістемелік құрал 2014ж.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген