400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам - адамзат айнасында 1 курс ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзін-өзі тану пәнінің оқытушыларына , колледждің 1 курс студенттеріне , мектептің 10 сынып оқушыларынакеледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Бөлім: «Адамзат әлемі»

Педагогтің аты-жөні

Қадауова Айгүл Ермекқызы

Күні:

12.11.2020 , 14:40, 2 ауысым

Топ:

9-1-СЭЗС-20, Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тақырып 11. «Адам – адамзат айнасында»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы,сөзі, ісі, бірлікте өмір сүретін, кемел мінезді адамды дамыту.

Сабақтың мақсаты

Адам мен адамзат тығыз байланыстылығын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өмірінің негізі екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері

  • адам мен адамзат тығыз байланыстылығын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыру

  • өзара және айналамен мейірімді қарым- қатынас жасау қасиеттерін дамыту;

  • қоғамға адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Құндылық:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

жақсылық, көшбасшылық, бастамшылдық, мейірімділік, тапқырлық.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топқа бөлу, көрнекілік, рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, мәдениеттану

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Мұғалімнің кіріспе сөзі ( 5 мин.)



Сәлемдесу. Түгендеу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.



Сабақтың мақсатымен таныстыру


Сабаққа қосылып, мұғалім сұрақтарына жауап береді.


презентация

Дәйексөз

(3 мин)

«... Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»

А.Құнанбаев

Дәйексөзді талдау үшін мынадай сұрактар беріледі:


• Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

• Өзін-өзі қалай тануға болады?

Сабақ әрі қарай дәйексөзді талдаумен жалғасады. Өз ойларын айтады, дәйексөзді дәптерге жазады.





презентация, дәптер, қалам

Әңгімелесу
(7 мин)

Адам және адамзат дегенді түсінікті қалай түсінесіңдер ?

Адамзатқа адамның орны қандай , олар бір-біріне қалай әсер етеді?

Өздеріңе қойылған сұрақтарды қорыта отырып , онда адам дегеніміз кім ? Адам дегеніміз – жер бетіндегі саналы, ең жоғары даму сатысына көтерілген тіршілік иесі жәнеде біздің қоғамдағы тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы, жаңғыртушы иесі. Сондықтанда біздің қоғамда жасап жатқан, болып жатқан өзгерістердің барлығы сол адамның адамның санасына, адамның-моральдік рухани тұрғыда тәрбиесіне байланысты болатынын күнделікті өмірде, тарихта дәлелдеп отыр.

Біз осы адамзатты адам ретінде көркейтемі бе әлде құртып жібереміз бе соның бәрі адамның интеллектуалды дамуына тікелей байланысты болатыны белгілі.


Сіздерге тағы бір сұрақ қойғым келіп отыр ... Қалай ойлайсыздар адам өзі қоғамнан, топтан бөлек өмір сүре алады ма ? Сүре алмаса неліктен деп ойлайсыздар ? Біз адамзатқа қандай қатынас жасаймыз, адамзат сондай болады. Лев Толстой айтады «Адамның барлығы адамзатты өзгерткісі келеді, бірақ өзін өзгерту туралы ешқайсысы ойламайды»

Қойылған сұрақтарға

жауап береді

белсенділерді бақылау

презентация

Әңгімелеу

(5 мин)



Әмірхан Меңдеке «... Әуелі – адам, содан кейін–қоғам. Әуелі–ізгілік,содан кейін–үйлесімділік. Әуелі – руханият, содан кейін– өркениет. Бастапқылары түзелмей, кейінгілері ешуақытта түзелмейді» дейді.

Қиянат жасамау - рухани деңгей
Ақиқат -интелект деңгей (ажырату деңгей, ақыл)
Сүйіспеншілік -адамгершілік деңгей (менталды, ой, сөзі)
Тыныштық -эмоциялық деңгей (сезім)
Дұрыс әрекет –физикалық деңгей (ағза)


Үлкен бір ақсақалдан біреу сұрапты:

– Ақсақал, бұрындары жасап әлі де өкінетін қатеңіз болды ма?

– Иә, деді ақсақал, кезінде үлкен қате жасаған едім, ол жүрегімді

отыз жылдан астам күйдіріп келеді. Ол қатемді есіме алған сайын

өзіме жер таппай қаламын.

Бәрі аң-таң:

– Қандай қате еді ол? Соншалықты не жасаған едіңіз?

– Отыз жыл бұрын қаламызда үлкен өрт шыққан. Жанған

базардың ішінде менің де кішкентай дүкенім болатын. Ол кезде мен

қала сыртында едім. Елдерден барлық көршілерімнің дүкендері жанып,

тек менің ғана дүкенім аман қалғанын естідім. Қуанып «шүкірлер

болсын!» деп, құдайга шүкір еттім. Бірақ бірден жәбірленген басқа

бауырларымды ұмытып, жеке басымның қамын ойлағаным үшін

ұялдым. Дереу қатемді түсініп, өкінгенімнің белгісі ретінде дүкенімдегі

барлық заттарды кедейлерге тараттым. Алайда уақыт өткенімен,

сол кездегі бір мезеттік өзімшілдік жүрегімде дақ болып қала берді, сол

күнәнің өрті жүрегімде әлі де жанып тұр, – деді. («Жасаған қатесі»

өсиет әңгіме)

Қалай ойлайсыздар ақсақалдың іс –әрекеті дұрыс па ?

Өсиет әңгімені талдау. Ондағы кейіпкердің өз

ойы, сөзі, ісіне қатынасын білдіруін талдау



Шығармашылық жұмыс

(5 мин)

Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, өз өміріңізден мысал келтіріңіздер

• Кеше менің жасаған жақсы іс-әрекетім............................................................

• Соңғы бір ай ішінде адамдардан көрген ең әдемі іс- әрекеті...............................

• Осы аптада менің ойлаған жақсы ойым .............................................................


өз өмірлерінен мысал келтіреді


презентация, дәптер

Жобалық іс-әрекет

(7 )



Шығыс халықтарында тазалықтың 7 ережесі бар:

1. "Қол тазалығы". Бұл дегеніміз- пайдакүнем болмау,артық ештеңені алмау, немесе адалдық.

2. "Құлақ тазалығы"- өсек-өтірік, бос сөзден аулақ болу. Қорқақ, ыза мен кек көрген адамның сөзіне мән бермеген жөн екенін ескертеді.

3. "Көз тазалығы" - қызғаншақтық пен такаппарлықтан, көрсе қызарлық пен ашкөздіктен сақтану.

4. " Ауыз тазалығы " - артық сөз бен бейпіл сөз, боқтықтан ада болу. "Аз сөз - алтын" екенін ұмытпаңыз.

5. " Тән мен киім тазалығы". Бұнда тура мағынасындағы денеміздің тазалығын нұсқап тұр. Таза денеге таза киімнің киілгені абзал. Адал заттармен тамақтану , дұрыс тамақтану, тәнге қиянат жасамау (татуировка, құлақ тесу, мұрын тесу т.б.)

6. "Ой тазалығы". Сананы арамдық пен жаман ойлардан алшақ ұстауға тырысқан жөн. Өзіңді аяп, бейшара көрсеткеннен гөрі күш-қуатың артып тұрған, арман-мақсатың айқын адамның кейпінде жүргенің әлдеқайда артық.

7. " Жан мен жүрек тазалығы". Бұл дегеніміз- жан қалауыңызды бағалап, оның іске асыруына жағдай жасау. Жүрегіңізге жақын адамдар мен өзіңіз бағалайтын заттарды жаныңызда ұстаңыз. Соның өзі үлкен бақыт. Міне , яғни әр адам осы тазалықты сақтаса , адамзатта таза болады. Адам қандай – адамзат сондай айна.

«Жақсылық менен басталады» 3 топқа бөліп тапсырма беріледі.

Адам бойындағы тәні, ойы, жаны, рухы таза қалпында сақтауға арналған бағдарлама құрыңыздар .

Мысалы :

тән тазалығын сақтау үшін не істейсіздер?

ой тазалығын сақтау үшін не істейсіздер?

жан тазалығын сақтау үшін не істейсіздер?

рух тазалығын сақтау үшін не істейсіздер?





Адам бойындағы тәні, ойы, жаны, рухы таза қалпында сақтауға арналған бағдарлама құрады



Сабақтың аяқталуы

3 мин


Сабақты қорыту және бекіту сұрақтары


Рефлексиялық тұжырымдар

Сонымен Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек,

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

А.Құнанбаев

Сабақ ұнады ма ? ұнаса зумда реакция деген батырманы басып, өз көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.



Рефлексия 3 минут , сұрақтарға жауап береді











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сәтсіз болды











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
4638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі