Материалдар / Адам - өз өмірінің суретшісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам - өз өмірінің суретшісі

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
2880
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 3 «В» Пәні: БҚТС Күні: 7.11.2018ж Пән мұғалімі: Мырзабекова КТақырыбы: «АДАМ – ӨЗ ӨМІРІНІҢ СУРЕТШІСІ» Мақсаты: жасөспірімдердің өмірге позитивті көзқарасын қалыптастыру. Міндеттері:
  • өмір құндылықтары жөнінде түсініктерді меңгерту;
  • өмірге құштарлықтарын дамыту;
  • оптимистік мінез-құлыққа тәрбиелеу.
І. Оқушылар С.Торайғыровтың өлеңің желісінен өз ойларын түйіндейді «Жақсылық көрсем өзімнен,Жамандық көрсем өзімнен.Тағдыр қылды дегенді,Шығарамын сөзімнен».ІІ. Ә.Қайдардың «Өмір туралы» әңгімесін тыңдай отырып, бір-бірімен пікір алмасады Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ.Бірақ ешкім де сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады.Біреу оған риза, біреу одан мүлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс-тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді. Қысқасы, «өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар,ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әртүрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рахаты, не азабы мен қасіреті, жақсы- жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім тәрбиесінің көзі болып саналады. Демек, өмірден үйренгенің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай қасірет шеккенің де, жақсылығыңмен істеген жамандығың да игі істерің мен көрсеткен ездік қасиеттерің де- бәрі-бәрі сайып келгенде, өмірдің өзіндік тағлымдары. Адам баласының бойына тән, болмысына бітік парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттілік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екі ұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол өмір безбенімен өлшенер қасиеттер. ІІІ. Ситуациялық жағдаяттар
  • Өмірдің мәні неде деп ойлайсың? Жақсы өмір сүру үшін адамға не қажет?
  • Үйде үнемі түсініспеушіліктер болады. Ата-анаң бір-бірімен көп ренжіседі. Не істеуге болады?
  • Жаның жабырқап, өзіңді жалғыз қалғандай сезінесің, өзіңе көңілің толмайды. Бұдан қалай шығуға болады?
  • Біреу сені қатты ренжітті. Намысыңа тиетін сөздер айтты. Не істейсің?
  • Бәріміз өмірге келдік. Осы өмір тек бақытты сәттерден тұра ма?
ІV. Бейнеролик «Бақытты болу өнері» -Бұл бейнероликтен қандай ой түйдіңдер?-Қандай сабақ алдыңдар?V. Психологиялық жаттығулар
  • «Бұл не?» жаттығуы
Мақсаты: өзіндік бағасын арттыру, бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту, бойларынан өздеріне деген сенімділікті қалыптастыру. Шарты: Әр қатысушы қолындағы қағазды басына қойып, досына көрсетіп, досынан суреттегі жануарды немесе құсты немесе т.б түсіндіруін сұрайды. «Бұл не?» деген сұраққа досы бейнелеу арқылы түсіндіріп беруі керек.2. «Сенің жақсы сапаларың» жаттығуы Мақсаты: адамдардың бір-біріне сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру, өзіне сенімділікті қалыптастыру. Шарты: Барлық қатысушылар бөлмеде еркін жүріп, бір-біріне кездесіп, комплимент алмасады, яғни серіктестерінің жақсы, өзі жоғары бағалайтын сапасын айтады. Асықпау керек. Әр қатысушының барлық мүшелеріне де айтқаны дұрыс. VІ. Өзіммен-өзім тәсілі «Мен барлық тіршілікпен байланыстамын» (Л.Хей аффирмациясы) Педагог-психолог жай музыка қосып, оқушылардың көзін жұмып, еркін оырып, аффирмацияны тыңдай отырып, іштей қайталауларын сұрайды: «Мен жарықпын, қуатпын, қозғалыспын, қанық бояумын және махаббатпын. Мен өзімді шын болмысымнан да жақсырақпын деп қабылдаймын. Мен осы әлемдегі және өз өмірімдегі әр адаммен байланыстамын. Мен өзімді барлығы бірін-бірі жақсы көретін және қауіпсіз қоғамда өмір сүріп отырған дені сау, толыққанды тұлға ретінде көремін. Мен барлық әлемді біртұтасв тірлік ретінде бағалаймын және мен осы тұтастықтың бір бөлшегімін. Мен барлық тіршілікпен біргемін. Бұл осылай бола береді....»Рефлексия «Тілек шамы» тренинг-жаттығуы.Барлық қатысушылар дөңгеленіп тұрып, бір-біріне тілек шамын бере отырып, жақсы тілектер тілейді.Соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, психолог: «Өмір шамдарың сөнбесін».
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!