400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Адам абыройы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Күні:

№: 10

Сыныбы: 7 «А»

Тақырыбы: Адам абыройы.

Құндылығы: қиянат жасамау

Қасиеттер: қайырымдылық, сыйластық, бауырмалдық


Мақсаты: оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: оқушыларға адам абыройының ар-ұжданмен байланыстыра отырып ұғындыру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың қайырымдылық, қанағатшылдық, қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушыларды ризашылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мұғалімге арналған әдістемелік құра, оқулық, «Мөлдір бұлақ» хрестоматиясы, стикер, түрлі моншақтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл-күйге бөлену

Мен –ғажаппын!”


Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

Мысалы:

- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін.

- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

- Мен тамаша жанмын.

- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

- Мен сабырлымын, салмақтымын.

- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

- Мен әділетті, адал жанмын.

- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

- Менің қолымнан бәрі келеді.

- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

- Мен үшін өмірдің қызығы мол.

- Мен бәріне ризамын.

- Мен бақытты адаммын.

Сәлемдесу, түгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Үш топқа түрлі моншақтар арқылы бөлінеді.






Әр адам өзіне арнаған жақсы, жағымды сөздерін айтып шығады.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұбан Молдағалиевтың «Кішіпейілдік» мәтіні.

Сұрақтар:

1. Мәтіндегі «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? Оның адамның абыройымен қандай байланысы бар?

2. Мәтінде Мұхтар Әуезовтің бойынан қандай асыл құндылықтарды, кісілік пен адамгершілікті байқадыңдар?

3. Өмірде адамды абыройлы ететін не деп ойлайсыңдар?

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді, 
Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді. 
Халық нақылы 
Талдау сұрақтары 
1. Ұят дегеніміз не? 
2. Абырой дегеніміз не? 
3. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәйексөзді көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау бірізділігімен талдау.

4. Оқиға айту (әңгімелеу).

Шеге туралы нақыл сөз.

Бір кездерде ашушаң және ұстамсыз жас жігіт болыпты. Күндердін күнінде оның әкесі оған бір қалташа шеге беріп, ол әр баса алмаған ашуынан кейін ағаш бағанаға бір шегеден қағып тұруын бұйырады.

Бірінші күні бағанаға жиырма шақты шеге қағылды. Бірте-бірте ол ашуын ұстауға үйрене бастады, әр күн сайын бағанаға қағылған шегелер саны азая бастады. Сөйтіп жас жігіт өз ашуын басқару, шеге қаққаннан әлдеқайда жеңілдеу екенін түсінді.

Енді ол өз ашуын толығымен басқара алатын күнге де жетті. Ол жетістігі туралы әкесіне айтты. Сонда әкесі баласына қарап, енді жігіт әр жолы ашуын басқара алған кезде, ағаш бағанадан бір шегеден суырып алуына болатынын айтты.

Бір күні жас жігіт әкесіне бағанадағы барлық шегелерді суырып тастағаны туралы айтып келді. Сонда әкесі баласын қолынан жетектеп бағананың қасына алып келіп:

- Сенің бұған шамаң келді, бірақ қарашы, бағанада қанша тесік қалды? Бұл енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайды. Міне, адамға жаман немесе ауыр сөз айтқанда да, онда осындай тесіктер сияқты адам жанында жараның орындары қалады. Адамнан қанша кешірім сұрасаң да, жараның орындары бәрібір кетпейді.

Сұрақтар:

  1. Өсиет әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

  2. Неліктен адамдарды ренжітіп, жанын жаралауға болмайды?

  3. Ешкімге қиянат жасамайтын адамның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  4. Қандай құндылықтар арқылы сабырлыққа, ұстамдылыққа, ізгілікке жетуге болады?

Өздерің қаншалықты ұстамды әрі сабырлы болып, ешкімге қиянат жасамауға тырысып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер?

Пікір алмасады, сұрақтарға жауап береді.

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: Мақал-мәтелдерді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарыңдар.

1 топ
● Ұят жүрген жерде, абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.

2 топ
● Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.

3 топ
● Адамгершілік абырой әпереді.
Абыройыңды жасыңнан сақта.

Топпен бірлесіп тапсырманы орындайды.

6. Топпен ән айту.
Адам
Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қайырмасы:
Адам боп өтейік,
Адам боп туған соң.
Мақсатқа жетейік,
Мақсатты қуған соң.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Бәрі бірігіп әнді ерекше көңілмен айтады.

7. Үй тапсырмасы.

№11, 45 беттегі «Жауапкершілік жүгі» өсиет әңгімені оқып келу.

Үй тапсырмасын жазып алады.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Осы сабақта айтылған барлық  жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға стикерге жазып тілек ағашына ілейік.

Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!

Сабаққа қатысқаны үшін алғыс айту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі