жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адам абыройы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ Мерзімі:07.11.2017ж. Сабақтың тақырыбы:Адам абыройы Сабақ №9 Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Өзіне - өзі сенімді болу, әділеттілік, ұқыптылық, әдепті болу. Пән мұғалімі:Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы Сыныбы: 7 «А,Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
|
Сабақтың мақсаты: Абыройлы болу үшін дұрыс әрекет құндылығының мағынасы туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: Өзіне - өзі сенімді болуға үйрету; Дамытушылық: Қоғамда әділетті болуға баулу; Тәрбиелік: Қарым-қатынаста ұқыпты болуға, әдепті болуға тәрбиелеу. |
Сәлемдесу,түгел-деу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» 2.Үй тапсырмасын тексеру. Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жатқа айту. |
Үй тапсырмасын тексеру. |
|
3. Дәйексөз «Абырой – ар еңбегі» қазақ мақалы
|
|
|
4. Әңгімелесу Адам не үшін өмір сүреді? Мамытбек Қалдыбай
|
Сұрақ –жауап (пікірталас) |
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Мақал-мәтелді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарыңдар?
Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.
2-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымды оқып, абырой туралы өзің қорытыңды жаз. ... Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді. Ал, не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кеткен. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйдің сорпа – суына мол, дәулетті кісіге бітетін көрінеді?! |
|
|
6. Топпен ән айту (мәнерлеп оқу) «Адам» Тұманбай Молдағалиев Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнін. Сәл қайғырса ол ұғына түседі, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Адам боп өтейік, Адам боп туған соң. Мақсатқа жетейік, Мақсатты қуған соң. Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап ұзартады әр күнін. Сәл қуанса шығарады ол естен, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: 42 беттегі Жүсіп Баласағұнның өлең жолдарын басшылыққа алып, «Абыройлы болу – парызың» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін,оқушыларға алғыс айту. |
Тексерілді:
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ
Мерзімі: 14.11.2017ж.
Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы Сабақ №10 Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), ақжарқындылық,татулық. Пән мұғалімі: Мырзалиева Гаухар Сұлтанқызы
Сыныбы: 7 «А,Ә» Оқушылар саны:
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген