| Сабақтың мазмұны | Ресустар |
| Сабақтың мақсаты: Абыройлы болу үшін дұрыс әрекет құндылығының мағынасы туралы түсінік беру.Міндеттері: Білімділік: - өзіне - өзі сенімді болуға үйретуДамытушылық: - қоғамда әділетті болуға баулу; Тәрбиелік: - Қарым-қатынаста ұқыпты болуға, әдепті болуға тәрбиелеу. | Сәлемдесу,түгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
| Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»2.Үй тапсырмасын тексеру.Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жатқа айту. | Музыка қойылады
Үй тапсырмасын тексеру. |
| 3.Дәйексөз «Абырой – ар еңбегі» қазақ мақалыДәйексөзді қалай түсінесің?Абырой дегеніміз не?Ар деп нені түсінесің? |
|
| 4.Әңгімелеу Адам не үшін өмір сүреді Мамытбек ҚалдыбайМомышұлы сұраққа қалай жауап берді?Момышұлының «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыс -тырар едіңдер? Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен? |
Сұрақ –жауап(пікірталас)
|
| 5.Шығармашылық жұмыс1-тапсырма: Мақал-мәтелді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарыңдар?Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.Адмгершілік абырой әпереді.Абыройды жасыңнан сақта.2-тапсырма:Төмендегі ой-тұжырымды оқып, абырой туралы өз қорытыңды жаз. ... Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық.Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді. Ал, не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кеткен. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйнің сорпа – суаны мол дәулетті кісіге бітетін көрінеді?! |
|
| 6. Топпен ән айту(мәнерлеп оқу)«Адам» Тұманбай МолдағалиевАдам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.Сәл қайғырса ол ұғына түседі,Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Адам боп өтейік, Адам боп туған соң. Мақсатқа жетейік, Мақсатты қуған соң.Адам күліп қарсы алады таң нұрын,Адам жырлап ұзартады әр күнін.Сәл қуанса шығарады ол естен,Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.. |
|
| 7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: 42 беттегі Жүсіп Баласағұнның өлең жолдарын басшылыққа алып, «Абыройлы болу – парызың» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
| 8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде. | Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін алғыс айту. |