400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам абыройы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мерзімі: 5.11.2018 № 9-сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы Құндылық: Дұрыс әрекетҚасиеттер: Өзіне - өзі сенімді болу,әділеттілік, ұқыптылық,әдепті болу. Пән мұғалімі:Муратова Сауле КумарбековнаСыныбы:7
Сабақтың мазмұныРесустар
Сабақтың мақсаты: Абыройлы болу үшін дұрыс әрекет құндылығының мағынасы туралы түсінік беру.Міндеттері: Білімділік: - өзіне - өзі сенімді болуға үйретуДамытушылық: - қоғамда әділетті болуға баулу; Тәрбиелік: - Қарым-қатынаста ұқыпты болуға, әдепті болуға тәрбиелеу.Сәлемдесу,түгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»2.Үй тапсырмасын тексеру.Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жатқа айту.Музыка қойылады

Үй тапсырмасын тексеру.
3.Дәйексөз «Абырой – ар еңбегі» қазақ мақалы
  • Дәйексөзді қалай түсінесің?
  • Абырой дегеніміз не?
  • Ар деп нені түсінесің?


  • 4.Әңгімелеу Адам не үшін өмір сүреді Мамытбек Қалдыбай
  • Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?
  • Момышұлының «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?
  • Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
  • Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыс -тырар едіңдер?
  • Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен?


  • Сұрақ –жауап(пікірталас)



    5.Шығармашылық жұмыс1-тапсырма: Мақал-мәтелді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарыңдар?
  • Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.
  • Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.
  • Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
  • Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.
  • Адмгершілік абырой әпереді.
  • Абыройды жасыңнан сақта.
  • 2-тапсырма:Төмендегі ой-тұжырымды оқып, абырой туралы өз қорытыңды жаз. ... Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық.Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді. Ал, не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кеткен. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйнің сорпа – суаны мол дәулетті кісіге бітетін көрінеді?!


    6. Топпен ән айту(мәнерлеп оқу)«Адам» Тұманбай МолдағалиевАдам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.Сәл қайғырса ол ұғына түседі,Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Адам боп өтейік, Адам боп туған соң. Мақсатқа жетейік, Мақсатты қуған соң.Адам күліп қарсы алады таң нұрын,Адам жырлап ұзартады әр күнін.Сәл қуанса шығарады ол естен,Дүниенің кеңдігі мен тарлығын..

    7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: 42 беттегі Жүсіп Баласағұнның өлең жолдарын басшылыққа алып, «Абыройлы болу – парызың» тақырыбына эссе жазып келу.

    8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде.Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін алғыс айту.












    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    0 ұстаз жүктеп алған
    15 ақпан
    1376
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі