400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам абыройы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына арналған өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп : Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені

Мерзiм: 12.11.19 ж

Мұғалiм: З.Б.Нәсіпқалиева

Сынып : 7 «а»

Оқушылар саны: 25

Тақырып: №9 Адам абыройы

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер : қамкорлык, сыйластык, жауапкершілік


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «абырой», «ар» мәнін түсінідіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларға адам абыройы мен ар ұжданның байланысын түсіндіре отырып ұғындыру;

  • оқушылардың бойында өзара сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды жауапкершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: №9 сабак, 38 б.

«Адам не үшін өмір сүреді?»

Мамытбек Қалдыбай

Талдау сұрактары:

● Бауыржан Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?

● Бауыржан Момышұлының «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?

● Бауыржан Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

  • Бауыржан Момышұлының қандай қасиеттерінен үлгі алғыларың келеді?

  • Осы қасиеттері қандай құндылықтардың көрінісі болып табылады?

● Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыстырасыңдар?

Сабақ барысын талқылау. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.



3. Дәйексөз

Адал жүр, адал тұр!

Өтірік айтпа!

Біреуге қылдай қиянат жасама!

Б.Момышұлы


Қылдай қиянат жасама дегенді калай түсінесіздер?

https://kk.wikipedia.org/wiki/ Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

4. Әңгімелеу.

«Шеге» әңгімесі

Баяғы өткен заманда сабырсыз, күйгелек бір жас жігіт өмір сүріпті. Бірде әкесі оған шеге толы қанар әкеліп: «Өз-өзіңді ұстай алмай, ашуға мінгенде осы шегелердің бірін алып, қақпаға шегеле!» – деп бұйырыпты.

Бірінші күні-ақ қақпаға бірнеше ондаған шеге қағылыпты. Ал келесі аптада әкесі ұлының біраз сабырға келгенін оның қаққан шегелерінің санынан байқаған екен. Алғашқы күндердегідей емес, әлдеқайда азая түсіпті. Осылайша, күн өткен сайын қағылған шегелердің саны кеми беріпті. Жас жігіт шеге қаққаннан гөрі сөзге келіп, ұстамды болудың артық екенін түсіне бастапты.

Біраз уақыт өткеннен кейін қақпаға мүлде шеге қағылмаған күн де туыпты. Ұлы бұл жақсы жаңалықты әкесіне айтады. Сонда әкесі:

— Енді ашуға мінбей, өз-өзіңді ұстай алған әрбір жағдайдан кейін қақпаға қағылған бір шегені суырып тұр, – депті.

Баласы әкенің айтқанын орындап жүреді. Біраз күннен кейін қақпада бір де бір шеге қалмапты. Мұны көрген әкесі баласын қақпа алдына ертіп келіп:

— Қарашы, балам, шұрық-тесік! Қақпада үңірейіп, шегенің іздері қалды. Енді ол ешқашан бұрынғыдай бірқалыпты тегіс болмайды. Адамдарға ауыр сөз айтып, ренжітпестен бұрын осы қақпаны есіңе ал. Ауыр сөз ағашқа қадалған шеге сияқты жүректе де үңірейтіп ізін қалдырады. Сен қанша кешірім сұрасаң да, тіпті ол адам кешірсе де, жүректегі тыртық, көңілге түскен қаяу жазылмайды. Мәңгілік қалады! – депті. Сондықтан барша адамға риясыз қызмет қылуды өмірлік қағидаңа айналдыр! 

  1. Әкесі баласына қамкорлык көрсете алды ма?

  2. Жігіт бойында кандай қасиеттерді шыңдады?

  3. Ұлы өз қателігін қалай түзеді?

  4. Осы баланың орнында өзің болсаң не істер едің?


Интернет желісі

https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?

classid=3&id=1101

5.Шығармашылық жұмыс: Түстер арқылы 3 топқа біріктіру.

1-топ: Карт атай аулага алма ағашын отыргызып жатыр. Екі немересі аулада асыр салып ойнап жүр. Атайдың мандайынан тер ағып, шаршап калды. Оның демалуға отырғаны сол еді, үлкен немересі жүгіріп келіп, атасының шаршанқы жүзін көріп Ата, несіне ауре болдыныз, сізге онын қажеті канша?,-деді. Атасы маган қажет болмағанымен сіздерге керек, ертен жейсіндер дейді.

2-топ: Сіз жолда кетіп бара жатырып амиян тауып алдыныз. Сіздін арекетініз…

3-топ: Мақал-мәтелдерді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарындар.

  • Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді

Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді

  • Ала жіпті аттамағанның абыройы биік

  • Абыройыңды жасыңнан сақта

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

6.Топпен ән айту

ӘН: «Жасамайық өмірге біз қиянат»

Сөзі:Мұғалім шығармашылығынан

Әні:«Ұстазым менің әнінің әуеніне салып орындау»

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана, гүлденеді болашақ.

Жасамайық адамзатқа қиянат,

Осының бәрін санаңызға ұялат

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Бәрін естен шығармайық, білейік.


Мейірім сізбен,

Бас қосып бізбен,

Нұр төгіп барлық адамға.

Жүрегің тасқан,

Пейілі дархан,

Нұр төгіп барлық ғаламға.


Қиянат жасамайық өмірге,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Қиянат жасамайық туған Отанға.

Интернет желісі

www.Sazalem.com

7. Үй тапсырмасы: №10 сабак, 42 б.«Ақылды егінші» ангімесін оку.

Күнделіктеріне жазады.

8. Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, «Мен абыройлы азамат пен азаматша боламын» деп қайталаңыздар. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі