Материалдар / "Адам абыройы " ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адам абыройы " ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2021
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: №16ЖОББМ

Тақырып: Адам абыройы

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қайырымдылық, қанағатшылдық,

Мұғалiм: Салменова Самал Амангельдиновна

Сынып 7

Сабақ мақсаты: оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

Білімділік: -оқушыларға адам абыройын ар-ұжданмен байланыстыра отырып ұғындыру;

Дамытшылық: -қайырымдылық, қанағатшылдық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: -оқушыларды, ризашылыққа тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Адам не үшін өмір сүреді?....» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау, Сұрақтар:

  • Б.Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?

  • Б.Момышұлының «Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?

  • Б.Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едің?

  • Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыстырасыңдар?

  • Азамат болу-абыройлы болу ма? Неліктен?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз


Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.

М. Ганди


Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Өмірде риясыз қызмет жасау адамды неге жетелейді?


Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) — Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.

Өмірі өтірік айтпаған. Махатма Шын аты – Мохандас Карамчанд.егер сөйлесе жалған айтады, уәде берсе бұзады және аманатқа қиянат жасайды”, – деп сақтандырған жағымсыз қасиеттерден аулақ болды.

Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.

Үндістанның ұлы перзенті Махатма Ганди –үнді халқының оның көзі тірі кезінде аты аңызға айналған көсемі..Сөзі мен ісі үнемі бірлікте болған М. Гандидің өмірі бұрын-соңды адам баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі- өнегеге толы. Ол ешқандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз,асқан төзімділікпен Үндістан халқын Тәуелсіздікке жеткізуді армандаған. М.Ганди бүкіл Үндістанды жаяу аралап, барлық дін орындарында болып, адамдарды ұлтына, дініне, әдет- ғұрпына бөлмей ортақ күреске шақырады. Бұған ол тек қана өзін- өзі тазарту жолымен жете алды. Сондықтан ол өз өміріне одан әрі де өзгерістер енгізе бастады. Өзін жетілдіру үшін тежеле білуді, талғамын көндіктіруді үйренді.Ата- бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкке өткізіп, ол ақшаны жетім- жесірлерге жұмсап отырды.

Мәтін бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Махатма Гандидің бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?

  2. Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады?

  3. Адам баласы қамқорлықпен сыйласып істеген іс-әрекеті неге жетелейді?

Интернет желісінен




















4.Әңгiмелеу. «Үш елек» аңыз-әңгіме

Бір адам Сократтан былай деп сұрапты.

- Сенің досыңның маған не айтқанын білесіңбе?

- Сәл кідір,- деп оны Сократ тоқтатты, алдымен айтқалы тұрғаныңды үш рет електен өткіз.

- Үш електен?

- Бірдеңе айтпас бұрын, алдымен оны електен өткізу керек. Алдымен шындық елегінен. Оның шындық екеніне көзің жете ме?

- Жоқ мен тек естідім.

- Онда сен ол шындық па,жоқ па,оны білмейсің. Онда екінші елек жақсылық елегінен өтейік. Менің досым туралы жақсы нәрселер айтпақшысың ба, әлде жоқ па? Соны ойлан.

- Мен тек естідім.

- Бірақ ол шындық па, жоқ па өзіңде білмейсің. Үшінші електі қолданып көрейік. Сен айтқың келгенді менің тыңдауым соншалықты қажет пе?

- Жоқ,ондай қажеттілігі жоқ.

- Сонымен,- деді Сократ,-Сен айтқың келгендеріңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Оны айтудың қажеті не?

Cұрақтар:

1.Әңгіме айтуға келген адамға Сократ не айтты?

2.Сократ айтқан үш елек қандай?

3.Сократтың бойындағы қандай жақсы қасиеттерді өз бойларыңа алар едіңдер?

4. Әділдікке, шындыққа көз жеткізбей тұрып біреудің әңгімесін айтуға болады ма?

5. Осы айтылған әңгіме тыңдаушы адамға қажет пе жоқ па?

6.Әңгімеден ақиқатты қалай байқауға болады?


5.Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар Әбіш Кекілбайұлының ой тұжырымдамасын оқып, абырой туралы өз қорытындыларын жасайды.


6.Топпен ән айту. ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН

Сөзі Т. Айбергеновтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның.

Жалау етіп ерлікті,

Ескек етіп ерлікті,

Өсіп келе жатырмын.


Адал терім әрдайым

Моншақтатып маңдайым.

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың көк тасын,

Өсіп келе жатырмын.


7.Үй тапсырмасы.

10 сабақ «Кішіпейілділік» мәтінін оқу


8.Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!