400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Адам ағзасындағы химиялық элементтер"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шебер-класс

Өткізуші: Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова  Назгуль Смаилқызы

Мақсаты: Ұрлық жасау өмірдің қауіпті жақтарының бірі екендігін түсіндіру.

Шебер – класс ұстанымы (кредосы):

Өзгені тыңда!

Өзіңді тыңдат!

Мүмкіндікті пайдалан!

Уақытты сыйла!

Ойыңды ашық айт!

Өзгенің пікірі құнды!

І. Кіріспе бөлім «БІЛУ»

БІРІНШІ ҚАДАМ. «Балапандар» биі арқылы топқа бөлу.

ЕКІНШІ ҚАДАМ: «Миға шабуыл»

Постер:

«Ұрлық» дегеніміз не? (Ұрлық- пайдакүнемдік мақсатта, меншік иесіне залал келтіре отырып, бөтеннің мүлкін қайтарымсыз, жасырын иемдену)

«Түбі» деген сөзді қалай түсінесіздер?

«Қорлық» дегеніміз не?

-Сонымен, «миға шабуыл» әдісі арқылы анықтаған бүгінгі шебер класымыздың тақырыбы айқындалды.

Олай болса, сіздермен бірлесе жұмыс жасайтын шебер класымыздың тақырыбы: Ұрлық түбі -қорлық

Қане, «Ұрлық» жасаған адам, яғни бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуші, қандай заңмен жазаланады екен?

( Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175 бабымен жазаланады.)

ІІ. Негізгі бөлім

Енді біз шебер класымыздың негізі бөліміне кірісеміз.

ҮШІНШІ ҚАДАМ. ТҮСІНУ.

Ұрлыққа байланысты мақал – мәтелдердің мағынасын түсіну.

1.Ұрлық түбі-қорлық.

2. Сезікті секіреді.

3. Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

4. Ұры байымас.

5. Түйе ұрлаған да- ұры, түйме ұрлаған да ұры.

6. Ұры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды.

7. Ұрысы күшті болса, иесі өлер.

ТӨРТІНШІ ҚАДАМ.

Тест: «Сәйкестендір».
Заңның құрығы……. анық бас
Өш алғаннан гөрі…….. арлы бала
Ақырын жүріп………….. бәрінен ұзын
Асыл тастан………… отбасынан басталады

Ұрлық түбі………….. өнер жастан
Әдепті бала………………. кешірген жөн
Тәрбие……… қорлық

БЕСІНШІ ҚАДАМ.

«МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ» ҚОЛДАНУ.

«Бес саусақ» әдісі.

Ұрлық болмас үшін не істеу керек, қалай ойлайсыздар ?

Өмірдің қауіпті жақтары дегенде ойларыңызға не келеді?

Адамды ұрлық жасамауға қалай үйретуге болады?

Оқушылар мектеп ережесін қай деңгейде сақтап жүр?

Мектеп ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданылады?


АЛТЫНШЫ ҚАДАМ.

«Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»

« Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісінің мәтінін беру.

«Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді.

«сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады.

Презентация

Проблема Дәйектер Қорытынды

ЖЕТІНШІ ҚАДАМ. БАҒАЛАУ.

Бұл қадамда сіздер

«Бүгін мен не үйрендім?»,

«Маған не қызық болды?»,

«Менің тілегім...» секілді аяқталмаған сөйлемдерді толықтыру арқылы бағалайсыздар.

Рефлексия.

Стикерге жазылған ойларды түйіндеу.

Сонымен, бүгінгі шебер класымыздың мақсаты айқындалды деп ойлаймын. Зиянды әдеттерден оқушыларымыз аулақ болсын деп бүгінгі  шебер класымызды қорытындылаймыз.

Енді соңғы жаттығуымыз «Жаңбыр» жаттығуы.

Барлығымыз кірісеміз. Біздің мақсатымыз көктемгі жаңбыр дыбысын есту. Бұл шапалақ сіздерге деген менің құрметім. Рахмет!























Алматы облысы Ұйғыр ауданы

«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Ұрлық түбі-қорлық

Шебер-класс











Бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Смаилқызы Ильясова

2015жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі