400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Адам ағзасының химиялық құрамы.ҚМЖ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Пиза есептерімен 9 сыныпқа химия пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

9.3 B Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Мектеп:СҚО, Ғ.Мүсірепов ауданы, ҚММ «Чистопол орта» мектебі

Күні:


Мұғалімнің А.Ә.Т: Адылбекова К.Е.

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер. Микроэлементтер.

Қазақстан тұрғындарының тамақтану рационы

Оқу мақсаты:

9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe);

9.5.1.2 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру;

Сабақтың мақсаты

- химиялық элемент ұғымын қайталайды;

- ақпараттық парақты меңгере отыра және қосымша тапсырмаларды орындау арқылы элементтердің адам ағзасындағы таралуын түсінеді;

- Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын түсінеді,теңгерімді тамақтану рационын құрастырады

Тілдік мақсат:


Оқушылар орындауы тиіс :

Адам ағзасындағы химиялық элементтер тізімін түсіну және сол бойынша құрылған сұрақтарға жауап беру және осы тізімдер мен жер шарының химиялық құрамын салыстыру.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Химиялық құрамы, литосфера, оттек, көміртек, сутек, азот, кальций, фосфор, калий, таралған элемент, макроэлемент, микроэлемент,

Қалыптастырады\ тұрады

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Ағзадағы ең кең тараған химиялық элемент Х, содан кейін Y,…

Х элементінің адам ағзасындағы негізгі функциясы

Х элементі жетіспегенде...

Сүйектегі кальцийдің барын анықтау үшін..

Бағалау критерийі

-адам ағзасының химиялық құрамын және элементтердің ағзадағы қызметін біледі

-адам ағзасындағы элементтерді микро- және макроэлементтерге жіктейді

- өз ағзасының ерекшеліктерін ескере отырып, тәуліктік тамақтану рационын құрастырады

Дескриптор

- адам ағзасындағы макроэлементтерді анықтайды және атайды

- адам ағзасындағы микроэлементтерді анықтайды және атайды

-адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің қызметін түсінеді

-типтік тамақтану рационын анықтайды

-өзіне қажет калорияны ескереді

-тамақтану рационын құрастырады

Алғашқы білім:

Азық-түлік химиясы (6.4A)

Адам ағзасындағы химиялық элементтер, қосылыстар (7.3А)

Су (8.4В)

Пәнарлалық байланыс :

Биология, Математика


Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен амандасу.Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ассоциация » әдісі.

Оқушыларды интернет көмегімен топқа бөлу.

Дескриптор:

бастапқы білімге негізделе отырып, адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді болжап, берілген элементтерді екіге жіктейді

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары нақтыланады.

Слайд

№ 1-2



Ортасы


6-15 минут













15-18 минут














18-22 минут































22-32 минут



















































32-38 минут

Тапсырма №1 Сұрақ – жауап

  • Органикалық заттардың құрамында қандай химиялық элементтер бар?

(Органикалық заттардың негізгі компоненттері - көміртек, сутегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт. Олар органогендерге жатады)

  • Бейорганикалық заттардың құрамында қандай химиялық элементтер бар?

(22 элементтер: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I , F, Se)

  • Ағзадағы элементтер қалай жіктелуі мүмкін?

Егер денеде элементтің массалық үлесі

10-2 % -дан асса - макроэлемент

10-3 – 10-5 % аралығында болса - микроэлемент

10-5 %- дан төмен болса - ультрамикроэлемент

Тапсырма №2 бейнефильмді көре отырып төмендегі сұраққа жауап беріңдер

  • Адам денесі қандай элементтерден түзілген және олардың денедегі үлесі қандай?

Мұғалімнің түсіндіруі және мәтінмен танысу

Оқушыларға адам ағзасының химиялық құрамы туралы мәлімет беру.

Оқушыларға мәтін таратылады. (Мәтінді оқып, жұпта талдайды)

Тапсырма №3 Бейнекөрініс «Калория дегеніміз не?»

Бейнекөріністі көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

Біз тұтынатын барлық тағамның калориясы бар. Олар бізге күнделікті қызметтерді атқарып, орындау үшін қажет.

  • Қай тағамның дұрыс, қайсысы "бос калориялардан" тұратынын қалай анықтаймыз?

  • Адамға күніне қанша калория қажет?

Тапсырма №4 Микроэлемент, макроэлемент атауын және оның ағзадағы биологиялық қызметін сәйкестендіріңдер

Дескриптор: Микроэлемент, макроэлемент мен олардың ағзадағы биологиялық қызметін сәйкестендіреді

Өзін-өзі бағалау

Тапсырма №5 Өз ағзаңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, тәуліктік тамақтану рационын құрастырыңдар

Дескриптор:

  • типтік тамақтану рационын анықтайды

  • өзіне қажет калорияны ескереді

  • тамақтану рационын құрастырады


1.Адам ағзасындағы элементтердің мөлшері:


Формативті бағалау

Критерилері

Дескрипторлары

1.Адам ағзасына кіретін элементтерді атайды.

Екі суретті салыстыру:адам ағзасындағы элементтер мен жер бетіндегі элементтерді.


Кері байланыс.Мұғалім мен оқушылар сұрақ-жауап.

2.Карточкамен жұмыс.

Жұмыс барысы:топтық жұмыс



Формативті бағалау

Критерилері

Дескрипторлары

2.Элементтерді әр топқа жіктейді.

Макроэлементтерді жіктейді.Микроэлементтерді жіктейді.Макро және микроэлементтердің маңызын түсіндіреді.

Кері байланыс.Сұрақ-жауап арқылы


3.Есептер шығару .


Жұмыс барысы:топтық жұмыс.

Тапсырма-4 Адам ағзасындағы микроэлементтердің тапшылығы.

Осы кестеге сүйене отырып,адам ағзасындағы микроэлементтердің азаюын түсіндіру.

Топ 1.Мысал 1.Ауруханада пациенттің :салмағының күрт азаюы,шашының өсуінің нашарлауы мен тырнағының өспеуі,бойының өспеуі,дерматит ауруына шалдығуы.Онымен қоса оның қара түсті шашының қызғылт түске ауысуы байқалды.(Марганец)

Топ 2. Мысал 2. Ауру кісі дәрігерге өзінің денсаулығының нашарлауы ,әсіресе тыныс алуының нашарлау жайында және де қалқанша безінің ауру жайында мәлімдеді.(Йод).

Топ 3.Мысал 3.Бұл элементтің жетіспеуінен дәрігерлер бұрыннан білетін.Әсіресе қыздардың бет әлпетінің сұр болуы.Былайша айтқанда бұл термин «Сұр бет» дегенді білдіреді.Қай элемент жайында сұрап тұр?(Темір).


Формативті бағалау критерийлер бойынша.

Кері байланыс: Мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауаптары.

Критерийлер

Дескрипторлар

4.Адам ағзасындағы макро және микроэлементтердің тапшылығын болжау.

Осы симптомдарды анықтай отырып ағзадағы микроэлементтерді тапшылығын байқау.


4 – PISA тапсырмалары.

Адам ағзасында және қоршаған ортада химиялық элементтердің кездесуі.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға  химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы,  егер адамның салмағы 70 кг болса, онда 1700 грамм кальций,250 грамм калий,70 грамм натрий, 42 грамм магний, 5 грамм темір,3 грамм мыс болады.

Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.



1.Адам ағзасында 65 элемент түрі кездеседі. Ия /Жоқ

2.Жер бедерінде металл еместер ,ал адам ағзасында металлдар бар.Ия/Жоқ.

3.Академик,ғалым Вернадскийдің «биосфера»-бұл жердегі барлық тірі және жансыз жүйелер байланысын зерттейтін ғылым. Ия/Жоқ

4.Тірі ағзалар мен өлі ағзалардың дамуы қалай жүреді?





Топпен жұмыс.

1-Топ


Тапсырма №1 « Мырыш»

Мырыш ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды
элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.
Адам ағзасында цинк мөлшері 2-3 г, оның 60 % сүйек бұлшық еттерінде кездеседі.

Мырыш ағзада жеткіліксіз болса, мырыш адам ағзасы үшін маңызы зор, вируспен күресуші және клеткадағы улы заттарды ағартуға белсене араласатын қажетті материал болғандықтан оны жиі пайдалану қажет.
Мырыш - бірінші кезекте сүйектің дұрыс қалыптасуына қажет. Егер бұл қызмет өз күшін әлсірететін болса,кеуектенеді. Бауырдағы А дәрумені мырыштың көмегімен ғана өз қызметін орындай алады.

Жасөспірімдердің жетілу кезеңінде беттерінде безеудің қаптап кетуі де мырыш жетіспеушілігінен. ,мырыш-ең көп молшері құықасты бездерінде кездеседі,мырыш қанның құрамындағы қант мөлшерін реттеп отырады. Мырыш бүкіл ағзада және ұлпаларда кездеседі:



Бұлшықетте

Сүйектерде

Тырнақта

Бауырда

Шашта

1 кг да 240 мг

1 кг да 170 мг

1 кг да 300мг

1 кг да 150 мг

1 кг да 400 мг


Тағам көзі: бауыр, какао, ет,құс, сыр, креветки, греция жаңғағы, балық. Тәуліктік қажеттілігі: 10-22 мг, жүктілерде -10-30 мг, емізетін аналарда-13-54 мг. Алмасуы: мырыштың тағамнан сіңірілуі 50% құрамды, белоктық диета мырыштың сіңірілуін күшейтеді, ал фосфат немесе кальцийдің мөлшері керісінше төмендетеді, кальций фитин қышқылы кездескенде мырышты сіңірмейді, фитин қышқылы кальций және мырыш ионымен ерімейтін комплекс түзеді. Адам ағзасы мырышты ет,сүт,жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды.

Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.

Зиянды әсері:ағзада көбейіп кетсе кальцийдің құрамы төмендеп,остеопороз/сүйек сыңғыштығы/ауруы пайда болады,ағзада жетіспесе тері аурулары және диабет ауруына ұшырайды.

Мәтінге сұрақ:

1.Ағзаға неше мг мырыш өтеді ;а)түрлі тағамдармен;б)т.б.заттармен (Мысалы : ауамен т.б.)

2.Адам ағзасында және ұлпаларда неше % мырыш болатынын есептеп .кестені толтырыңдар.

Бауырда

Бұлшықетте

Сүйектерде

Тырнақта

шашта







3.Мырыштың электрондық формуласын жазыңдар.

4.Құрамында мырышы бар дәрі-дәрмектерді қалай пайдалануға болады.


Мырыш сульфатының медицинада қолданылуы

Мырыш сульфатын шаштың түсуінде,тері ауруларында,тырнақтардың сынуында,бауырдың ұлғаюында,қан тоқтатуда қолданылады.Әсіресе мырыш сульфатын ,мыс,марганец,темір мен кальций препараттарымен бірге қолдануға болмайды.Мырыш сульфатын А ,В6 дәрумендерімен қосып қолдануға болады.

Пікірлер:

Сұрақ 1:а)Жабық түрде ақпаратпен жұмыс жасау;б )Алға қойған тапсырманы өз бетінше орындау;

Сұрақ 2:а)Берілген ақпаратты кесте түрінде толтыру.

Сұрақ 3 : а)Өмір айдынында ғылыми –жаратылыстару сабақтарын шеше білу.

Сұрақ 4 : а)Сабаққа демонстрация жасай білу.

б)Берілген тапсырмамен тақырып жасау.


2-Топ

Тапсырма : «Мыс»

 Денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.Адам ағзасында мыс 150 мг/70 кг болады.Әсіресе орамжапырақта,картопта,теңіз балдырларында мыс элементі кездеседі.Тәулігіне мысты 2-3 мг ағзаға қажет.

Сұрақтар: 1.Адам ағзасында неше моль мыс кездеседі.

2.Адам ағзасына тәулігіне неше мыс қажет?(23,8г)

3.Мысалы сіз фармацевт болып жұмыс жасайсыз,өзініздің лаборантыңызға 500 мл мыс сульфатының сұйық түрін денені күйген фосфордан жууға,енді сіз осы сұйықтықты жасаудың құрамын жасаңыз.


3-Топ

Тапсырма : «Марганец»

Әсіресе марганец адам ағзасына тағамдар арқылы түседі.Соя,қара нанда,үрмебұршақта,күріш жармасында көп кездеседі.Адам денесінде марганец элементі 2,2*1020 атомы кездеседі.Бір тәулікте

Адам ағзасына 5-9 мг марганец элементінің мөлшері қажет.Медицинада

түрлі жарақаттарды жууға перманганат калиймен w=0.5% (p=1г/мл) жуады.


Сұрақтар: 1.Адам ағзасына неше моль марганец қажет.

2.Адам ағзасына тәулігіне егерде қанша қызылша жесе неше марганец қажет . Жауап:1384 г.

3.Марганец ионының формуласын жазыңдар.

4.Сізде егерде 10 г калий перманганаты болса, жарақаттарды жууға қандай көлемде калий перманганатын жасай аласыз егерде тығыздығы 1 г/мл болса.

Кері байланыс: Мен бұндай түрлі тапсырмаларды алдым ,өйткені оқушылар келешекте өздерінің алған білімдерін практикада қолдана алады.Бұл тапсырмалардың мақсаты: келешекте оқушылар өз білімдерін ғылыми жұмыс жазарда өмірмен ұштастыра алады.

Слайд

№ 3-10














Таратпа материал











Слайд

№11-12


Соңы

2 минут

Рефлексия

Сөйлемдерді аяқта:

1.Бүгін мен білдім...
2.Ең қызықты болды...
3.Сабақта ең маңызды деп ойлаймын...

4.Маған ұнамады...

Оқушылар – «Өз миыңды сал» дәптерге өз миларын салып ,сабақта алған білімдерін жазады.

Үй тапсырмасы: Әр түрлі тірі ағзаларда кездесетін химиялық элементтер эссе қжазу.

Слайд

№13


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Оқушылардың көпшілігі адам ағзасының химиялық құрамын біледі.

-ағзадағы макро және микролементтердің қызметін түсіндіреді

Өмірмен ұштастыра алады

Топтағы жұмысты ұйымдастырады, өз тобының және басқа топтың жұмысын бағалай алады.

Өзін-өзі бағалау,

Жұпаралық бағалау

Өзгенің пікіріне деген құрмет. Өз ісіне жауапкершілік құндылықтары.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
5 қазан
1985
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі