400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Адам-әлем бөлшегі" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлык кластарга арналган
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Мектеп: 1 орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырып: Адам-әлем бөлшегі

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: ар-ұждан, шыншылдық, әділеттілік,.

Мұғалiм: Губайдуллина Айгуль Хамитовна

Класс 6

Күні:

Сабақ мақсаты:оқушыларға ар-ұждан арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларды өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге шыншылдыққа, әділдікке тәрбиелеу;

- оқушыларды ізгі істерге жетелейтін ар-ұждан мәнін ашу;

- өмірде әділетті болуға, дұрыс өмір сүруге үйрету

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Нұрға бөлеу.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Елге деген махаббат» Қ. Мырза Әли

-Елге, жерге деген махаббатты немен түсіндірер едіңдер?

- Өздерің елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?

-Елің, жерің үшін жасаған азаматтың ерлікке жата ма?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөзді түсіндіру:

Адам –ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары іздеген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзелген өз ғаламын болған дана Ақжан әл-Машани

Дәйексөзді түсіндіру. Ұлдарға бөлек оқыту

Қыздарға бөлек оқыту

Дәптерге дәйексөзді көшіріп жазу.


4.Мұғалімнің сыйы Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме: Ақиқат іздеген адам

Баяғы өткен заманда бір адам өмір сүріпті. Ол көп оқып, ғұламалардан дәріс алған,бірақ оған ол аз болып Ақиқатты іздеуге шығады.Биік таудың басында сол Ақиқатты білуші Ұстаз тұрады екен.Оны естіген іздеуші Ұстазды іздеп жолға шығады.Ол ұзақ жүреді.Киімдері жыртылады,тырнақтары сынады, шаршап шалдығып әзер дегенде Ұстаздың үйін табады.Үйге кірсе, Ұстаз үйінде екен.Ол кіре сала Ақиқаттың қайда екедігін сұрайды.Ұстаз сәл ойланып, оның кепкен құдықтың түбінде қобдиша бар екендігін айтады.Сол қобдишаның ішінде деп айтады да кіруін сұрайды. Бірақ іздеуші құдықты көп кешікпей тауып алады. Құдыққа үңіліп қараса, құдық өте терең екен.Аяғы тайып кетіп,құдықтың ішіне құлап , басын тасқа ұрып алады. Есін жиып қараса,әлгі қобдиша алдына жатыр екен. Дереу қбдишаны ашса,ішінде ақ қағаз жатыр екен.Ішінде «Ақиқат сенің ар-ұжданың,ол сенің жүрегіңде» деп жазылыпты. Сода іздеуші Ақиқатты өз жүрегінде екендігін түсінді.

-Аңыздағы ұстазды, құдықты, қобдишаны неге теңеуге болады?

- Қандай адамгершілік қасиеттер арқылы жүрегімізді аша аламыз?

-Біздің жан дүниемізде қандай рухани құндылықтар өмір сүреді?


Шығармашылық тапсырма

«Адам мен әлемнің байланысын зерттеу» тақырыбында сурет салу

көрме ұйымдастыру


  1. Топпен ән айту.

Ақ көгершін /Мұғалім балалармен қосылып ән айтады/

Сөзі:А.Жұбановтікі

Әні: Н.Баймұхамедовтікі

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.


Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.


Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.



  1. Үй тапсырмасы. «Әлемнің жеті кереметі» материал жинақтау

«Қазақстанның жеті кереметі»


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сұлулық мен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып, бізді қоршаған орта үнемі өзгеріп отырады. Тек адам баласы ғана осындай талай ғасыр, мыңдаған жылдар бойы бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз, өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгін тап солай сүйеді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі