|
Жаңа
сабақ
Нейрон (тарамыс, арқау) – жүйке
жүйесінің негізгі құрылымдық және функциялық бірлігі. Нейрон
жасушасы нейрон денесі сома мен өсінділері дендрит пен аксоннан
тұрады. Нейроглия нейрондарды қоршап тірек,
қоректендіру, электр изоляторы қызметін атқарады. Балаларда
нейрондар саны, ал қарттарда нейроглия саны көп
болады.
Орталық жүйке жүйесіне
жалпы шолу.
Орталық жүйке жүйесі – бас миы
және жұлын (ми сауытында және омыртқа жотасында орналасқан), ал
шеткі жүйке жүйесі – олардан таралған нервтер мен нерв түйіндері
(дененің басқа бөлімдерінде орналасқан).
Жұлын ұзындығы 45 см, диаметрі 1 см
омыртқа жотасының каналында орналасқан түтікше. Көлденең
кесіндісінде жұлын сыртынан ақ заттан, ішкі жағында сұр заттан
құралған. Сұр зат нерв жасушаларының (нейроннның) денелерінен
құралған және көлденең кесіндісінде алдыңғы және артқы қанаттарынан
шыққан өсінділері бар «көбелек» пішінді
болады.
1
тапсырма:
Сипаттама
бер:
Нейрон
......................................................................................
..............................................................................................................................................................................................
Нейрология
...........................................................................
..............................................................................................................................................................................................
Оқушыларды
бағалау «Бас
бармақ» әдісі бойынша жүзеге
асады.
2
-тапсырма:
Сөйлемді
толықтыр:
-
............................................... қозғалу
нервтері таралып, артқы өсінділеріне сезу нейрондары келіп
байланысады.
-
............................................. нерв
жасушасының өсінділерінен (нерв талшықтарынан) құралған. Жұлын
негізгі екі қызмет атқарады – рефлекторлы және
өткізгіш.
-
.........................................сопақша ми, мишық,
орталық ми, аралық ми, үлкен ми сыңарларынан құралған. Бас миынын
12 жұп нерв тарайды: сезу нервтері (көру, есту, дәм сезу), қозғалу
(көз бұлшықетін нервтеу), аралас нервтер.
-
.............................................. рефлекторлы
және өткізгіш қызмет атқарады. Одан 8 жұп (5 – 12 жұп) нерв
тарайды.
Үлгі
сұрақтар
1. Жүйке жүйелері нешеге
бөлінеді?
2. Үлкен ми сыңарлары нейрондарының саны
неше?
Дескрипторлары:
1. Берілген тақырып шеңберінде
жеке көзқарастарын
білдіреалады;
2. Сұрақтарды жүйелі құрастыра
алады; талқылауға белсенді
қатысады.
|