400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам атына лайық бол

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік комек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам атына лайық бол

Мектеп: №134 лицей

Күні:

Мұғалімнің аты: Мусаева.К.С.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:




Қатыспаған оқушылар саны:




Сабақтың оқу мақсаты (мақсаттары)

- мәтінінің негізгі бөліктеріне өз пікірін білдіреді, көзқарасын дәлелдей отырып, қысқаша мазмұндау;

- үлкен көлемді мәтіннен кейіпкерлердің сипаттамасын анықтау және негізгі идея бойынша өз пікірін дәлелдеу;

- кез келген тақырып бойынша қарым-қатынасқа түсу және өз ойын білдіру;

- әртүрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен байланыстыру және басқалардың көзқарасын бағалау.


Сабақ мақсаттары

(бағалау критерийлері)

  1. Оқылып жатқан мәселе бойынша білімін тереңдету

  2. Мәселе жайлы өз білімдерін ұсыну

  3. Мәселенің қойылуын тірек сызбамен көрсету

  4. Ұсынылған мәселе бойынша толыққанды түйіндеме жасау

Грамматика

Біріккен сөз бен қос сөз.


Пәнаралық байланыс

Өзін - өзі тану

ЖОСПАР

Жоспарланған мерзімдер (уақыт)

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

(Ұйымд. кезеңі)

3-5 мин

Оқушының назарын аудара алу;

Сабақтың контекстін ұйымдастыру;

Міндеттерді бөлу;

Күтілетін нәтижелерді белгілеу.


Алдыңғы оқу

(Үй тапсырмасы)

10 мин

8- тапсырма. Екі мәтінді оқып, айырмашылықтарын көрсету.

Кесте бойынша «Ұлттық табиғи ескерткіштері» тақырыбына диалог құрастыру.


Ортасы

(Жаңа сабақ)

1-тапсырма. Мына нақыл сөздерге назар аударып, өз пікірлерін білдіру.

2- тапсырма. Төмендегі тірек сызбаны пайдаланып, «Мен отбасымда қандай азаматпын?» деген сұраққа өз ой - пікірін білдіру.

4- тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқу. Ішінен біріккен сөз бен қос сөзді табу және жасалу жолын түсіндіру.

Біріккен сөздер: Әскербек, әрбір.

Қос сөздер: Аты- жөніңіз, сый- құрмет, ұсақ- түйек.

6- тапсырма. Қатардағы артық сөзді алып тастап, көшіріп жазу. Әр қатардағы кездесетін біріккен және қос сөзге сөйлем құрау.

  1. Ата- ана, бала- шаға, адамгершілік таныту.

  2. Ақылды, сый- құрмет, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды.

  3. Құрметтеу, ардақтау, қолғанат болу, сыйлау.


Оқулық, тақта, тірек сызба

Соңы

5- тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беру.

  1. Баланың әкесінің аты- жөнін атап сөйлеуіне сен қалай қарайсың?

  2. Үлкенге сый- құрмет көрсетуді «ұсақ - түйек» деп ойлаған Әскербекке әкесі не деді?

  3. Үйіңде отбасы мүшелері бір- бірін қалай атайды?

  4. Мақал- мәтелдің мәнін ашыңдар.

Оқулық

Қосымша ақпарат

1. Швецияның бала тәрбиесі : Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді.

2. Австрия. Баларды тәрбиелеу үшін жан-жақты жолдарды қарастырады. Әлемдегі ең қатал ата-аналар Австрия елінде десек те болады.

3. Белгия. Балаларын жастайынан қоғамның мүшесі болуға үйретеді. Олар небары 2,5 жасында мектеп қабырғасында жүреді. Сыныптағы барлық пәнді бір ғана ұстаз жүргізеді. Ал ұстаздары бір-бірімен тату болып, әрдайым көмектесе білуге тәрбиелейді.

4. Нидерланд. Бұл елдің басты заңы «Балалар барынша еркін өсуі тиіс» деген атау алған. Балаларға денсаулығына зияны тимейтін дүниелердің барлығына рұқсат береді. Таңертеңнен кешке дейін бір нәрселерді жасасын, сындырсын, құлатсын оларға ешкім ұрыспайды.

5. Канада. Бұл елде де Нидерланд еліндегідей барлығын жасауға мүмкіндік береді. Олардың айтуынша, «жоқ» сөзі балалардың болашаққа деген нық қадамдарын тежейді.

6.Азия, Таиланд. Бұл ел «Өзіңнен асқан ұстаз жоқ» деген ұстанымды жақсы көреді. Ата-аналары балаларын қорғау үшін ешқандай әрекет жасамайды. Олар сүрініп, жылап жатса да үндемейді. Соңғы шешімді кішкентайлар өздері қабылдайды.

7.Вьетнам. Бұл елдің балалары көшеде тәрбиеленеді деуге де болады. Соған қарамастан, балалары жақсы мен жаманды ажырата біледі.

8. Жапон елі ұрпақ тәрбиесінің сыры: Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі.

Саралау

(оқушы деңгейі)

Бағалау

(кері байланыс)

Үй тапсырмасы:

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.

3- тапсырмадағы ережелерді жаттап келу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі