|
Мақсаты:
оқушыларға
жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс
әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-оқушыларға жақсылық
жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық,
жауапкершілік қасиетері туралы түсінік беру;.
-оқушыларды өзіне және
өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке
үйрету.
-оқушыларды қайырымды,
қамқор болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
2-сыныпқа
арнал-ған өзін-өзі тану оқулығы.
Алматы. «Бөбек»,
|
|
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңi. Оқушылармен
амандасу.
5 Т
ережесін еске түсіру (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,
татулық)
-
Үй тапсырмасын
тексеру. Ы.Алтынсарин «Сәтемір хан»
тақырыбына әңгімелесу.
Сұрақтар:
1. Сәтемірге құмырсқа қандай
сабақ берді?
2. Қоршаған ортадан жақсылыққа
үйренуге бола ма? Мысал келтіріңдер.
3. Өздерің қоршаған ортадан
үлгі алған кездерің болды ма? Мысал
келтіріңдер.
|
2
(Кітап,
Дәптер,
Күнделік,
Бейджик,
Қалам)
|
-
Әңгiмелеу
Бұлақ сылдыры
Аңыз
Қиыршық қызыл құм жолаушының
бетіне тиеді. Керуеншінің шыққанына бірнеше күн болған. Ұзақ
жүрістен, ыстықтан, желден шаршаған керуеншінің бірі ояу, бірі түйе
үстінде мүлгіп келеді. Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні
жолай ашықтан, шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі. Ес-түссіз
жатыр екен. Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте
береді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп, ессіз
жатқан адамның қасына барады. Жатқан адам: «Су»- дейді. Аспан
айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм
сексеуіл түбіне ұйлығады. Шал торсығын алып, жатқан адамның
беті-қолын жуып, су ішкізеді.
Әлгі адам есін жиған соң, шал
оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің. Бірақ шөлде бәріміз
туыспыз. Мен қартайдым. Сен жассың, су іш те, өмір сүр»,-дейді де,
түйесіне мінгізіп, керуеннің соңынан жіберіпті. «Өзіңіз
қайтесіз?»-десе, «Менің демім санаулы»,-дейді шал. Жолаушы керуенді
қуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның
жақсылығы зая кетпесе екен дегендей, ұзақ аялдайды. Бұл кезде
жолаушы керуенді қуып жетеді. Шал ақ матаға оранып, құмға жата
кетеді. Күндер, айлар өтіп, керуен кері қайтады. Жолаушыларға
шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе, көл жиегі
көкөрай шалғын, қамыс екен. Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны
ғана байқайды. Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі.
Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты. Нәзік
сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.
Сұрақтар:
-
Шөл даладағы қарияның
әрекетінен қандай дұрыс әрекеттерді
байқадыңдар?
-
Қарт адамның шөл далада өзін
ойламай, басқаларға көмек көрсетуі оның қандай азаматтық қасиетін
көрсетеді?
-
Адамның ізгі іс-әрекетіне
табиғат қандай үндестік танытты?
4. Неліктен атай қайтыс болған
жерден су шықты деп ойлайсыңдар?
5.
Өздерің жасаған жақсы істеріңнен басқалардың қуанған кездері
естеріңде ме?
|
|