400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Адам бақыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бақыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: « Н.Төреқұлов атындағы№121жалпы орта мектебі»КММ

Мерзімі:24.10.2017ж.

Сабақтың тақырыбы:Адам бақыты Сабақ №8 Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ұқыптылық, өзіне - өзі сенімді болу, әдепті болу, әділеттілік. Пән мұғалімі:Мырзалиева Гаухар

Сыныбы: 7«А,Ә» Оқушылар саны:

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет жасағанда бақыт құшағына бөленетінін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өзіне - өзі сенімді бола білуге үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста әдепті болуға шақыру;

Тәрбиелік: - іс-әрекетте ұқыптылыққа, доспен қарым-қатынаста әділетті болуға тәрбиелеу.

Оқулық,дәптер,журнал,үнтаспа

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Су астына саяхатқа» шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Келесі сабақ:«Мен досыммен мақтанамын» эссе жазу.

  • Достық деген не? Ол туралы не білесің?

  • Адамдар арасындағы достық қарым–қатынас не үшін қажет?

  • Достасу неден басталады?

Музыка қойылады.


Үй тапсырмасын

тексеру.

3. Дәйексөз

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі-бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

1. «Жүрегі таза адам» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Жалпыға бірдей жақсылық тілейсіңдер ма?

Оқушылар өз

пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

«Бақыт дегеніміз» Бауыржан Момышұлы


  • Автордың бақыт туралы ой-тұжырымымен келісесің бе? Неліктен?

  • «Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы» деген ойын қалай түсінесің?

  • Өзің үшін бақыт деген не?

  • Өз бақытыңды немен байланыстырасың?

  • Адам бақытты болу үшін бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Сұрақ –жауап

(пікірталас)








5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып , есте сақтап алу:

  • Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз – сөздеріңіз болады.

  • Сөздерің тек оң болсын, өйкені сөздеріңіз – әрекетіңіз болады.

  • Әрекеттеріңіз тек оң болсын, өйткені әрекеттеріңіз – әдетіңіз болады.

  • Әдетіңіз тек оң болсын, өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.

  • Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.

2-тапсырма: Берілген сөз тізбекті дұрыс шешсеңіз бақыт туралы мақал шығады.

  1. Жұмыс, қызмет, іс – 1,2,3,4,5.

  2. Жалғаулық шылау – 6,7,8.

  3. Қуаныш, шаттық – 9,10,11,12,13.

  4. Бірінен-бірін бөліп алуға болмайтын, тығыз байланысты – 14,15,16,17.

1

2

3

4

5


6

7

8


9

10

11

12

13


14

15

16

17

.























Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

1-тест: Парасатты адам:

А) Ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады.

Ә) Қоғамға қызмет етеді.

Б) Айнала қоршаған ортамен ортақ тіл табыса алады.


2-тест: «Өзіңнен ұяла жүрсең,сені ешкімде ұялта алмайды» деген ойға сенің көз қарасың.

А) Дұрыс айтады, әркімнің ар-ұжданы, ұяты оның бағдаршамы, көзге көрінбейтін жол бастаушысы тәрізді.

Ә) Мені ешкім бақылап жүрген жоқ қой. Адамдар менің мінімді байқамайды деп ойлаймын.

Б) Өзімнен не үшін ұялуым керек?


3-тест: Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойына сенің көзқарасың?

А) Ақиқат көзге көрінбейді, сондықтан мен үшін оның өлшеуіші жоқ.

Ә) Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген, естіген нәрсені дәл жеткізу. Нағыз шындық - ол Ар-ұждан.

Б) Зиянсыз өтіріктерді айтқанда тұрған не бар.


4-тест: Шынайы бақытты адам.

А) Дәулетке кенелу, рахатқа бөлену.

Ә) Парасатты,алдына ізгі мақсат қойып, мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде игілікке бағыттап отыру.

Б) Табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы.

























6. Топпен ән айту.

Оқушылардың қалауы бойынша орындау.

Мұғалім әнді оқушылар мен бірге орындайды.

7. Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жаттап келу.



8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.


Бүгін сабаққа белсене қатысып,

сыр бөліскені үшін алғыс айту.





Тексерілді:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі