400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам бақыты 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналаған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 15.10.19

Мұғалім: А.И.Мухамбетова

Сабақ тақырыбы: «Адам бақыты»

Сынып: 7

Қатысушылар саны: 7

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қайырымдылық,қанағатшылдық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: -оқушыларға бақыт,бақытты болу ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып,қайырымдылық,қанағатшылдық қасиеттері туралы түсінік беру;

-оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып,бақытты болуға үйрету.

-оқушыларды қайырымдылыққа,ризашылққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. 

Тыныштық сәтi. Балалар, денелеріңізді түзу, ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойыңа толғанын сезініңдер. Бүкіл әлемге, Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен, денсаулығыңызбен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл әлем күші сізге өз махаббатын сыйлап,бақытқа бөлеп,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат,денсаулық беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бақытты кездеріңізді бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады

Сабақты бастамас бұрын « Бес Т» ережесі еске түсірейік:

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Жаңа тақырып: -Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: «Адам бақыты»

Бұл сабақта адам бақытының сыры не екендігін түсінуге мүмкіндік алады.,дұрыс әрекет құндылығымен танысады.

Жағымды ой-пікір. (дәйексөз) Оқушылар бәріміз тақтаға назар аударайық. Тақтада дәйексөз берілген.

Дәйексөз

«Жаны мейірімге толы адам бақытты» Пифагор.

Дәйексөзді мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ұлы ғалым Пифагор б.з.д. 570 жылы Самос аралында туған. Пифагордың әкесі Мнесарх зергер болған. Пифагордың анасының аты белгісіз. Көптеген жазбалар бойынша туған бала өте әдемі болған және өсе келе өзінің ерекше қабілетімен көзге түскен.

Жас Пифагордың ұстаздарынан Гермодамант пен Ферекид Сиросскийді атауға болады(алайда Пифагордың алғашқы ұстаздары Гермодамант пен Ферекид екені нақты емес). Жас Пифагор күні бойы Гермодаманттың жанында жүріп, Гомердің жақсы әуендерді тыңдап өскен.

Гомердің әуендерін Пифагор жадында мәңгі сақтады. Пифагорды ойшыл деп мойындағаннан кейін жас талант әр күнін оқушылардың арасында Гомердің әуенімен бастаған. Ферекид Италия мектебінің негізін қалаған философ болған. Осылай, Гермодамант Пифагорды музыкаға, Ферекид ғылымға үйреткен. Ферекид Пифагорға табиғат сенің алғашқы да басты ұстазың деген. Жас Пифагорға өз қиялын іске асыру үшін Самостар болды, сондықтан ол Милетке сапар шегіп, онда басқа ғалым – Фалесті кездестірді. Фалес оған білім алу үшін Египетке бар деп кеңес берді. Пифагор оның кеңесін жөн көрді.

Оқып үйренейік: Джеймс Адленнің « Адам қалай ойлайды?» шығармасынан үзінді.

Дәл бүгіннен бастап... Жатқа айту.

Мұғалімнің сыйы. Аңыз әңгіме: «Бақыт»

Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кеттіде жылай бастады.Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлайды: «Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші».

«Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

«Мен теңізге қарап тұрған зәулім,қымбат үйім болғанын қалаймын»

Бақыт адамға үй берді,ал адам үйіне қарай жүгірдіде,Бақытты ұмытып кетті.Бақыт тағы шұңқыр ішінде жылап отырды.Тағыда жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп,айғай салды:

«Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші »

«Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

«Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын»

Бақыт адамға қалағанын берді.Ал адам қатты қуанғаннан Бақытты ұмытып өз жөніне кетті.

Бақыттың үміті мүлдем үзілді.Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп,Бақыт айғай салды:

«Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!»

Адам Бақытты шығардыда өз жөніне кетті.Бақыт қатты қуанып,адамның артынан ілесті:

«Адам!Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»

«Маған ештеңе керек емес»-деп жауап берді адам.

Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.

-Бақытқа жолыққан адамдар әрекетін қалай түсінесіңдер?

-Қай адам дұрыс істеді?

-Сен оның орнында болсаң не істер едің?

-Сонда бақыт не үшін қажет деп ойлайсың?

-Соңындағы «Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді» дегенді қалай түсіндіресің?

Иә,балалар,әрбір адам бақытты болуға лайықты,сондықтан өмірдің әр сәтін бағалап адал болсақ,бақытты бола аламыз,бақытты болған адам жаны тыныштыққа бөленеді/.

Шығармашылық жұмыс

Қағаз үлестіріледі:Сәби бақыты,дәрігер бақыты,ұстаз бақыты т.б олар үшін бақыттың не екенін тірек-сызба,сурет,жазу арқылы ойларын жеткізу.

2-тапсырма

Берілген сөзтізбекті дұрыс шешсең, бақыт туралы мақалды оқуға болады.

І. Жұмыс, қызмет, іс – 1,2,3,4,5.

ІІ. Жалғаулық шылау – 6,7,8.

ІІІ. Қуаныш, шаттық – 9,10,11,12,13.

ІV. Бірінен-бірін бөліп алуға болмайтын, тығыз 

Топпен ән айту:

Бақыт құшағында

Орындайтын: Айжан Нұрмағамбетова

Үй тапсырмасын жазу. Б.Момышұлы «Бақыт дегеніміз» әңгімесін оқу.

Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып,бір сәт баяу музыканы тыңдап,кімде-кім тазалыққа,тілін шындыққа,өзін тыныштыққа,мінезін туралыққа,құлағын тыңдаушыға,көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса,демек ол бақытты.Адам бақыт үшін жаралған.Кісі бір-бірін жек көруден емес,жақсы көруден көркейеді,өрісі кеңиді..Әр адам бақытқа лайықты екендігін ұғынайық. Осы сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге түйіп алайық. Жаймен көзімізді ашайық. Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі