400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам бойындағы - асыл қасиет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойындағы - асыл қасиет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғ.Молдашев атындағы орта

ЖББ мектебі.









Тәрбие сағаты:






Тақырыбы: «Адам бойындағы – асыл қасиет»

















Сынып жетекшісі: Стамғазиев.Н.Ә.









Тақырыбы: Адам бойындағы – асыл қасиет

Мақсаты: 1.Оқушыларға адамгершілік,мейірімділік, қайырымдылық

қасиет туралы жан – жақты түсінік беру;


2.Оқушыларды адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

3.Оқушылардың өзіндік көзқарастарын, логикалық ой-өрісін

дамыту;

Әдісі: Сұқпаттасу, пікіралмасу;

Көрнекілігі: Плакат, газет, журнал материалдары.

Түрі: Әңгімелесу.

1) Ұйымдастыру 2) Жаңа сабақ

Әдептілік, имандылық, иейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.

Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады.

Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.

Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады. Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.

Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.

Мектептің рухани – адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: өзгені түсіне білуді, жақсылық жасауды, өзара қарым-қатынастардың қоғамдық қабылданған нормаларының бағыт- бағдарларынан адаспау, дау-жанжалды жағдайятты бағалау жолымен шешу және одан этикалы шығуды іздеу біліктерін қалыптастыру.

Адамгершілікті, иманды, тәрбиелі, қайырымды адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі