15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Адам болам десеңіз ..."
Пән: Өзін-өзі тану ІІ-тарау Бөлімі: Адам болам десеңіз ... |
Бекітемін: ОІО С.К.Алиев Мектеп: «Ембі қалалық №2 ЖББОМ»КММ |
||
Күні: Күні: _06-11.11.2018 №: 9-10
|
Мұғалімнің аты-жөні: Зинекешова Б.Е. |
||
Сынып: 8 «а», «б» Құндылығы: Мейірім Қасиеттері :Адам ақылды ,кішіпейіл,әділ,батыл да қайырымды болуға тиіс |
Қатысқандар саны: 22,21
|
Қатыспағандар саны: 0,0 |
|
Сабақ тақырыбы |
Қайырымдылық көкжиектері |
||
оқу мақсаттары |
8.1.2.8 Мақсаты: Оқушыларға адам баласы шынайы білімге талаптанып өмір сүру қажет екенін түсіндіру арқылы, мейірім құндылығының мәнін ашу. |
||
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық
сәті.
«Нұрға бөлену».
1. «Өзіңді тексер»тест 2. «Қоғамға қызмет ету »жобасы ІІ кезең Сұрақтар: 1. «Адам болам десеңіз ...» 2. жобаны орындау қажетті,танымдық пайдасы жоғары мағлұматтары іздестіру жолдары 3. Өз өміріңде білімнің пайдаға асқан кезі болды ма? Айтып бер. |
смайлектер
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) « Адам ақылды ,кішіпейіл,әділ ,батыл да қайырымды болуға тиіс .Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.»К.Г.Паустовский Әңгіме .Қазықұрттың баурайында .Қалмақан Әбдіқадыров Сұрақтар: 1.Әлем палуаны Қажымұқанның бұл сапарының сыры неде ?2.Қажымұқан Отан қорғау комиссарына не деп хат жазғызды ?3.Жауынгер жігітке берілген тапсырмадан не туралы айтылды ?4.Қажымұқан өзі соқтырған самолетінің ұшқынын не туралы аитылды ? 5.Қажымұқанның қандай қасиеттерін үлгі алғыларың келеді ?6.Өзің риясыз қайырымдылық жасаған кезің болдыма ? |
|
Оқиға айту: (Мұғалім сыйы). Асығыс үкім Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді: – Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін! Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!» Сұрақтар:
әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген: 1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –бақылдардан қалған мұра. 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, деген екен. Сұрақтар:
|
|
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Өлең құрастыру. 1 – топ: ...
- ... бар жұрттар
(Өнер-білім
бар жұрттар 2 – топ: ...,
... - жанған шырақ, ойласаң.
(Оқу,
білім - жанған шырақ, ойласаң. 3 – топ: Өнер
...! Ез емес басты ....
(Өнер
қару! Ез емес басты баққан. |
|
Өлеңін жазған Серік Калиев .Әнін жазған Құрмаш Мұқанов
|
|
6. Үй тапсырмасы. 1. №9 – сабақ. Өтебай Тұманжанов «Бір қайырымдылық көпір салу» 2. Келесі сабақ. №6, «Жәрдем ...» мәтінін оқып келу. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады./шопен –Весенний санат / Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген