Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақСабақтың мақсаты: а) оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға үйрету.ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.б) Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқушыларды жарыстыру.Көрнекілігі: төсбелгілер, кітаптар, қанатты сөздер, салт – дәстүрге байланысты заттар, суреттер.Сабақтың түрі: ойын, жарыс.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.Сайыстың жүрісі:1. Өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі, аты.2. Мақалдар сайысы.3. Жұмбақтар сайысы.4. Көрермендер сайысы.5. Қорытынды бөлім.1 – бөлім.Сайыскерлер өздерін таныстырады.Сайыстың шарты.2 – бөлім.а) сөзге мақал құрастыру;ә) берілген мақалдардың жалғасын табу;б) сөздің мағынасын ашу.3 – бөлім.а) жұмбақ шешу;ә) жұмбақ дайындап келу.4 – бөлім.а) көрермендерге жұмбақ беру;ә) мақалдар мағынасын ашу.5 – бөлім.Жұмбақшыға жұмбақ жасырады, соның тапқан шешуіне мақалшы мақал құрастыру керек.Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқалары сайланады. Сайыс төрт жол өлең шумағымен басталады.Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,Келген жоқпыз кешке бекер еругеТиістіміз болашақтың алдында,Тік түрегеп, тура жауап беруге.Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар, - дегендей оқушылардың тапқырлығы мен ой – өрісін тексеру мақсатында 2 – бөлімін бастаймыз.Бірінші кезек. Мақалды құрастыру.а) еңбек;ә) ана тілі;б) достық.Екінші кезек. Мақалды жалғастыру.1. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты – шешеге.)2. Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер.)3. Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас.)4. Батыр туса – ел ырысы,... (жаңбыр жауса – жер ырысы.)5. Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас.)6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,... (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)7. Әдепті елдің баласы,... (алыстан сәлем береді.)8. Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің.)9. Сөз жүйесін тапса... (мал иесін табар.)10. Жақыныңды жаттай сыйла,... (жат жанынан түңілсін.)Үшінші кезек. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)2. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)3. Ит өлген жерде. (алыс, қашық)4. Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам)5. Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену)6. Тайға таңба басқандай. (анық, нақ)7. Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу)3 – бөлім. Жұмбақтар шешу.1. Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)2. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (Күнтізбе)3. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)4. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Апта күндері)5. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (Сөйлем)4 – бөлім. А) Көрермендерге жұмбақ беру.1. Шік түсті, бүк түсті,Алшы тұрды, тәйке тұрды,Шеше алады бұны кім.(Асық)2. Қызыл қырман ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)3. Аппақ дала, қара дән,Дәнін сепкен – түсінуге жараған.(Әріптер)Б) Мақалдың мағынасын ашу.4. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іледі.5. Күлме досыңа, келер басыңа.6. Ата көрген – оқ жанар, шеше көрген – тон пішер.5 – бөлім. Қорытынды.Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, соның тапқан сөзіне мақалшы мақал құрастыру керек.1. Жарық қылып қос тоғайдың етегін,Айтшы ол не екенін? (Көз)Көз қорқақ, қол батыр.2. Білімнің дәнін тереді,Балаға тәлім береді. (Ұстаз)Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.3. Өсіп тұрған бұл не?Жаз болса жайнап.Саясында ән салып,Құстар жүрген сайрапСалқын түссе шешіліп,Қалады өзі жайрап. (Ағаш)Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.4. Өзі қысқа, өзі нұсқа,Сөз қаймағын есіңе ұста. (Мақал)Мақал – сөздің мәйегі.5. Оң жағында бес сарбаз,Сол жағында бес сарбас. (Саусақ)Саусақ бірікпей – ине ілікпейді.Сабақты қорытындылау.Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.