Материалдар / Адам болу- адамгершіліктен басталады

Адам болу- адамгершіліктен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2018
666
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еркін пікірсайыс тақырыбы:Адам болу- адамгершіліктен басталады
Іс- шара түрі:Пікірсайыс


Пікірсайыстың мақсаты:
Адамгершілік – адамның рухани арқауы.Адамгершіліктің өмірде қажеттілігін оқушыларға түсіндіру, Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз ойларын еркін айтуға үйрету.


Күтілетін нәтиже:
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту арқылы пікірсайысқа ат салысады.
Жүру барысы:
І. Пікірсайыстың ұйымдастыру кезеңі:1. Кіріспе сөз2.Видеоролик «Адам болу- адамгершіліктен басталады».3.Топқа бөліну І топ «Үкімет» ІІ топ «Оппозиция» яғни жақтаушы және даттаушы. (Спикелер өзара келісіп, топтың атын қояды).4. Конвертке салынған қарарларды таңдау5. Пікірсайыс ережесін түсіндіру.АПФ (Американдық парламенттік форматта) ойнатылады.Үкімет Оппозиция1 спикер – 4 мин 1 спикер – 3 мин. 2 спикер – 4 мин 2 спикер – 4 мин.3 таймспикер – 3 мин 3 таймспикер – 4 мин6. Ауызша пікірталас7.Тайспикер (3-ші) пікірсайыстың берілген уақытқа сай өтуін қадағалайды.8. Қорытынды сөз төреші көрермендермен келісе отырып, жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.
Кіріспе сөз:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгінгі іс- шарамызда біз әдептілік, тәрбиелік, адамгершілік туралы сөз қозғаймыз. Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қавсиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.Қасындағы бай:- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.Сонда ғалым тұрып:- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен Ы.Алтынсарин. Дебат – интелектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық , әсерлі ,нақты түрде дәлелдеуге баулиды.Конвертке салынған, 3 қарарлардың ішінен бір тақырып ойнатылады.
  • Б.П. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны д.е
  • Б.П. Адам болу адамгершіліктен басталады д.е.
  • Б.П. Оқушыларға мамандықты қабілетіне байланысты маман таңдап беруі керек д.е.
  • Таңдалған қарар арқылы топ дебат ережесіне сай және АПФта ойнатылады. Яғни, «үкімет» және «оппозиция». Таймспикердің рөлі маңызды. Себебі уақыт лимитінің сақталуын және ойын ережісінің бүзылмауын жеке қадағалайды. Ойлары жинақы, өздеріне берілген қарардан алшақтамай, нақты әрі тыңғылықты жауап беру қажет.АПФ (Американдық парламенттік форматта) ойнатылады.ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ 1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған

    бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

    2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша

    төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.

    3.Әр топ төрт ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны

    бар және міндеттері нақты белгіленген.Пікір – сайыс тәртібі.Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.Қарардың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін, бірінші спикер жақтау тобының критерйін енгізеді. Критерийді әр топтың өз қарарын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мәні, сол қарарды қолдаудағы мүдделері ретінде қарастыруға болады. Критерийін жариялағаннан кейін, бірінші спикер алғашқы *********************Үкімет Оппозиция1 спикер – 4 мин 1 спикер – 3 мин. 2 спикер – 4 мин 2 спикер – 4 мин.3 таймспикер – 3 мин 3 таймспикер – 4 мин6.Қорытынды сөз төреші көрермендермен келісе отырып, жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .1»Болашақ» командасы2.»Келешек» командасы

    Оқушыларды марапаттау:Оқушыларды марапаттау сыйлықтарды үлестіру.Құрметті көрермен және ұстаздар екі топтың пікірсайысын бақылай отырып, қай топ жеңіске жетті деп есептейсіздер.Марапаттау №20 мектеп директорының әдістемілік ісі жөніндегі орынбасары Б.Х. Бейсембаеваға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.И.Рустемова сөз кезегін береміз.(1ші орын алған топқа сыйлықтар үлестіру).
    Ситуациялық сұрақтар Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.Слайдпен жұмыс:Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.Ойын «Жалғастыр»«Не істеуге болмайды?». - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)- Құстарды...........................(атуға болмайды.)- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)«Не істеу керек?»- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) Ырымдар мен тыйымдар.Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.3. Дастарқанды, тамақты баспа.4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.
    Қорытынды: Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.Үлкенге иман керек,Кішіге иба керек.Адамдар бірін-біріҚұрметтеп сыйлау керек. Сау болыңыздар.












































    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ