жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Адам досымен мықты"
Мұғалімнің аты- жөні: Елеуова А.С
Сынып: 3 «Д» сынып |
Пән: Дүниетану. Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы. |
Күні: |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырып: |
Адам досымен мықты |
Оқыту мақсаттары |
|
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: – жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Достық, этика, әдептілік – адамгершіліктің алтын қағидасы Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Достық дегеніміз – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Этика – мінез-құлықтың қағидалары мен нормалары. Адамгершіліктің алтын қағидасы: Адамдардың саған қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, сен де |
|
оларға сондай қарым-қатынас жаса. Талқыланатын мәселелер: Достық деген не? Кімдерді дос деп атауға болады? Нағыз достықтың күші неде? Достардың, балалардың арасында өзімізді лайықты ұстауымызға қандай ережелер көмектеседі? |
|
Алдыңғы білімдер |
Достықтың құндылығы жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері. |
|
Сабақ жоспары |
||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Ой қозғау 5 мин. |
Уәждеме. Стартер. Күннің жарқырап тұрғаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Достармен бірге жүрген жақсы ма? (адымдайды) Жақсы! (қол шапалақтайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өзін құшақтайды) Жақсы! (қол шапалақтайды) Туған жерде жүрген жақсы ма? (қолдарын екі жаққа кереді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Үйімізде болған жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Айналып би билеген жақсы ма? (айналады) Жақсы! (қол шапалақтайды) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді)
1. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау.
|
Күн
Жел суреті
Суреттер (достар, ана, туған жер, отбасы т.б.)
|
Жаңа сабақ 35 мин |
Үй тапсырмасын сұрау. Ойын: «Жеміс теру» Себетке сұрақтар салынған. Әр жауап берген топқа жемістерден үлестіріп отыру.Соңында қай топ жемісті көп жинағанын салыстырып бағалау.
«Достарым менің»
Ән туралы? Достық деген не? Достар деп кімдерді айтамыз? Достық туралы бірнеше мақал-мәтелді еске түсірейікші. Дос деген – өміріңде ерекше орын алатын, жүрегіңде өшпестей есімі жазылған адам. Досты таңдамайсың, дос өзі өмірдің түрлі жолдарында кездеседі. Дос көп болуы мүмкін, бірақ шынайы дос табу – қиынның қиыны. Жалпы, жақсы дос болу үшін үнемі бір-біріңді тыңдап, көзқарастарыңды, ойларыңды ортаға салып отыру қажет. . Нағыз дос адамға шабыт беріп, өмірдің түрлі қиыншылықтарына мойымауға, күресе білуге үйретеді. Достықта ең басты қасиет – сенім. Сенім болған жерде достық та мәңгілік болады.
Ережені оқыту. (2-3 оқушы) Топтардың тапсырмаларды орындауы: 1-топ. – Өлең қиындыларын құрау. 2-топ. – «Ойымды жалғастыр» мақал-мәтелдердің жалғасын табу 3-топ. – «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені» әдептілік туралы ережесін айту,жазу. «Бумеранг» әдісі. Дайындаған тапсырмаларын әр топ ауыстырып қорғау.Жұмыстарды көрсету. |
Әр оқушы алып жауап береді.
Оқулық, сөздіктер, қағаз, маркерлер, тақырып бойынша өлең қиындылар, желім, қайшы |
|
«Жан досым» әнін айту.
Енді бәріміз оқулыққа назар аударайық.Оқулықтағы хикаяны оқып шығыңдар. Оқығандарын осы кинолентамен сәйкес келеме салыстырайық. Қағаз қиындыларына фото жапсырылған жауап беріп бір-біріне желімдейді. Ұзын кинолента болады.
7.Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды. – Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? -Нағыз достарға қандай қасиеттер тән? Тақтадан тауып айтып ілу мейірімділік адалдық
Нағыз
достық
ақкөңілдік сенімділік
|
Дәптер |
Рефлексия 5 мин |
Сабақтағы атқарған жұмысымызға байланысты қорытындылар шығарамыз: – Достарыңның болғаны неліктен маңызды? -Сонымен нағыз дос қандай болады? Жемістерді себетке санап жинау Бағалау.
|
|
Үй тапсырмасы |
Өз достарыңның портретін салу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген