400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Адам еңбегімен құрметті 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегімен құрметті. Сабақтың мақсаты: 1. Жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. 3.Еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білім игеру Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу. Сабақтың көрнекілігі: түрлі адам еңбегінің суреттері, оқулық. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу. ІІ. Үй жұмысын тексеру. 1. Адамға пайдалы өлі табиғат заттарын ата. 2. Адам, жануар және өсімдіктер тіршілігі үшін судың маңызы қандай? 3. Біз тұратын аймақтағы өзеннің қандай пайдасы бар? 4. Өз жерімізде қандай жануарлар қорғауға алынған деп ойлайсыңдар? 5. Оларды қорғауға біз қандай үлес қосуымыз қажет?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегімен құрметті.

Сабақтың мақсаты:

1. Жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

3.Еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білім игеру

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі адам еңбегінің суреттері, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Адамға пайдалы өлі табиғат заттарын ата.

2. Адам, жануар және өсімдіктер тіршілігі үшін судың маңызы қандай?

3. Біз тұратын аймақтағы өзеннің қандай пайдасы бар?

4. Өз жерімізде қандай жануарлар қорғауға алынған деп ойлайсыңдар?

5. Оларды қорғауға біз қандай үлес қосуымыз қажет?

Психологиялық дайындық.

Сұрақ.

  • Адам не үшін еңбек етеді?

  • Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде, не күз мезгілінде еңбек етпесе ...» деп ойланып көрейік. Онда не болар еді?

Пікірталас.

«Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылады.Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арасында адамның көп жетістіктерге жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады.Еңбек адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды.

Қорытынды.

Адам төрт мезгілде еңбек етеді.

Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.

Көкөністер мен жемістерді өсіреді.

Баспаналарын жөндейді.

Малға азық дайындайды.

Қыска азық дайындайды.

Табиғатқа қамқорлықпен қарайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1. Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды және қарындашпен кестені толтырады. Мәтінді оқу барысында балалар білетіндерін түрті белгісімен, білгісі келетіндерін «?» белгісімен, жаңа ақпаратты «+» таңбасымен белгілейді. Содан кейін кестенің бөліктерін толтырады.


Білемін

Білдім

Білгім келеді








2. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс.

а) Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтарда қандай еңбек атқарады?

ә) Ал күзде ше?

б) Бақшадағы күзгі жұмыс басқа жұмыстардан қалай ерекшеленеді?

Сабақты қорытындылау.

1. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

2. Сергіту жаттығуы.

3. Қорытынды. Еліміздің эконоимкасының өркендеуі үшін көптеген адамдар ауылда, қалада аянбай еңбек етеді. Сондықтан біз олардың еңбегін құрметтеуіміз керек.Біз де сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.

Үйге тапсырма.

11-12 бет оқу, мазмұнын айту. «Бақшадақы жұмыс» тақырыбы бойынша сурет салып келу.









Білемін

Білдім

Білгім келеді





































Cабақтың тақырыбы: Сенің еңбегің.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың еңбек туралы алған түсініктерін кеңейту.

2. Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

3. Еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білім игеру

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі адам еңбегінің суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

ІІІ. Психологиялық дайындық.

1. Қ. Мырза әлидің «Өзің пісірген нан тәтті» өлеңі оқылады.

2. Өлеңнің мазмұны талданады.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме жүргізу.

- Ақын Қ. Мырза Әлидің өлеңі нені насихаттап отыр?

- Үйдегі еңбек. Үйде анамызға қалай көмектесеміз? Үйде қанда жұмысты атқарасыңдар?

- Адам жастайынан еңбек етуге үйренуі тиіс. Жалқаулық адамды аздырады.

3. Мәтінмен жұмыс.

- Оқулықтағы мәтін оқылады.

Мәтінді оқығаннан кейін қорытынды жасалады.

4. «Еңбек не береді?» сызба құру.

5. Сурет бойынша жұмыс.

Мамандықтардың түрлерін атау, әңгімелесу.

Сабақты бекіту.

Оқушылар үйде атқаратын жұмыстары туралы, ата-аналарына, үлкен бауырларына қалай көмек көрсететіндері айтылады.

Сабақты қорытындылау.

Адам не үшін еңбектену керек?

Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып келу, мазмұнын айту.

«Менің болашақ мамандығым» тақырыбы бойынша әңгімелеп келу.

















Тақырыбы: Ауа. Ауаның кассиеті.

Мақсаты: 1. Оқушыларға ауа туралы ұғым беру, ауа қасиетін меңгеру.                  Ауаның орын алатындығы, серпімді, сығымдылығын түсіндіру.

2. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.

3. Табиғатты аялауға, қорғауға, тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау.

Түрі: Аралас сабақ

Типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың көркемділігі: Мазмұнды сурет, таблица.

Қажетті құрал: шар, доп, стакан, су, қант, шырақтар.

Барысы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмаларын сұрау

  1. «Ауа» мәтіні бойынша  түсінгендерін айту

  2. «Ауа – тіршілік көзі» әңгіме оқу

  3. Бағалау. Сұрақ-жауап. (Ауа не үшін  қажет?)

ІІІ. Жаңа сабақ.      Кіріспе

     Жұмбақ шешу

Бар ма, жоқ па оны ашық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)

Әңгіме: «Көрінбейтін сиқыршы» Психологиялық  сабақ

Жер бетінде  көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім  күнделікті кездеседі. Сен оны көрмейсің, бірақ маңыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде келе жатқанда жапырақ жұлынып түсті  де, оны сиқыршы алып кетті. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені сиқыршы үнемі қоршап  тұрады. Сенімен бірге жүреді.

  • Бұл не?

  • Ауа.





Білемін

Білгім келеді

Нені үйрендік? 

Ауа – иісі жоқ

Ауа қасиетін



1. Ауаның сығылатынын.

 2. Серпімділік, түссіз екенін

 

Б. Оқулықпен жұмыс.

1-тәжірибе. Допты бүйірінен қысу, ішке қарай кіреді.

А. Доп сығылады. Қолды жіберіп қалсаң өз орнына келеді.

Ә. Машиналар дөңгелектері де ауаға толы,  сонда жолда жылдам, жұмсақ жүреді.

Б. Үйлер терезесі екі қабат әйнектен тұрады. Әйнек арасында ауа болады.  Ол үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.

В. Қыста тон, қолғап киеміз. Киім түгінде ауа бар.  Ол жылуды сыртқа шығармайды.

2-тәжірибе. Балауыз шырағданды үшке бөліп, біреуін стаканға, екіншісін үлкен банкамен жабу.  Үшіншісін ашық қалдыр.  Алдымен стакан жабылған стакан сөнеді. Өйткені ауа жанғыш.

Ауа — сығылады. — жылуды сақтайды. — отты жанғызады. 

 


 

 

ІV. Қорытынды.

А. 1) 3 топтан 3 оқушы тақырып оқиды.

     2) Мазмұнын айту

     3) Топтық жұмыс.

1-топ. Қандай шар суға батпайды?

2-топ. Жанып тұрған майшам төбесін жауып қалсақ не болады?

3-топ. Жұқа киіммен адам неге тоңады?

Б. 5 жолды өлең.

1. Ауа

2. Түссіз, мөлдір.

3. Сығылады, жанады, көрінбейді.

4. Ауа бізді қоршап тұр.

5. Оттегі.

В) 1952 жылы Англияда Лондон қаласында улы тұманнан 4 мың адам өлген. Біздің мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау заңы бар. Лас ауа фабрика, заводтарда, машиналардан шығатын газдарда болады. Сол үшін сүзгіш пайдаланады.

Ауа дұрыс болу үшін гүл, ағаштар отырғызуымыз қажет, оларды өрттен қорғау керек.

1 – сұрақ. Қызыл шарда қандай ауа бар?

Бөлмеде өрт болса не істейміз?

Ғарышта ғарышкер неге қалқып жүреді?

Тамшылардың ішінде не бар?

Таза ауа қайдан пайда болады?

Г) бағалау.

V. Үйге тапсырма

 Ауаның қасиеті. (Түсінік айту)

Шырағдан суретін салу.



























Сабақтың тақырыбы: Cу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығары білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, табиғатта кездесетін судың күйі, жұмбақтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау, миға шабуыл.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Тренинг:
Мен неге ұқсаймын?
1)
Үй тапсырмасын сұрау.
2)
Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыптағы суреттерін қорғайды.


ІІ. Мағынаны тану
-
Табиғаттағы тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет екен солай ма?
-
Ал қазақта мынадай сөз тіркесі бар «ауадай қажет» деген бұны қалай түсінесіңдер?
-
Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
-
Әрине су. Су туралы не білеміз? Су туралы ассоцация жүргізу.

Ойын «Шөлдеген адам»
- Ал балалар, ойланып көрелік, су табиғатта қандай күйде кездеседі?

Практикалық жұмыс
І топ: судың сұйық күйде кездесетінін дәлелдейді.
ІІ топ: судың қатты күйде кездесетінін дәлелдейді.
ІІІ топ: судың газ күйде кездесетінін дәлелдейді.

Ситуациялық сұрақтар
- Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар, суда барлық заттар ери ма?
- Ендеше бұған көзімізді жеткізу үшін тәжірибе жасап көрелік. Үш топпен екі оқушы шығып, тәжірибе көрсетеді.

1-тәжірибе. Суға тұз салады. (ериді)
2- тәжірибе. Суға құм салады. (ерімейді)

- Ал, енді балалар судың қасиеттеріне тоқталып көрелік. (оқулықтағы тәжірибелерді жасау, бақылау)

Ендеше судың қасиеттерін атап көрелік.
Су:
- пішіні жоқ;
- түссіз;
- мөлдір;
- дәмі жоқ;
- иісі жоқ;
- еріткіш;
- ағады;

ІІІ. Ой-толғаныс
1) Логикалық тапсырмалар:
- Сен достарыңмен бірге айға экспедицияға баруға мүмкіндік алдың, айға бару үшін мына заттардың қайсысын алар едің? Дәлелде.
1. Қара көзілдірік
2. Жұлдызды қарта
3. Бір қорап сіріңке
4. Фонарь

2) Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең өтіп шықты: Ол қай түйе?Неліктен?

Қорытынды:
- Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда су туралы көптеген мағлұмат алдық солай ма? Енді судың тағы да қандай ерекшелігі бар екендігін біз тыңдап көрейік.

Халық педагогикалық үзінділер:

Суды босқа төкпе.
Сумен ойнама.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судай таза бол.
Судан таза, сүттен ақ.

Үйге тапсырма: Су қалай ластанды? Эссе жазып келу.

Бағалау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі