400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам эволюциясының кезеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын,өмір сүру мәдениетімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні

Муканова Гульбану Мукашевна


18.02.2016 ж

11-сынып


Биология

Сабақтың тақырыбы

Адам эволюциясының кезеңдері: ежелгі,ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар.


Жалпы мақсаты

Оқушыларға ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын,өмір сүру мәдениетімен таныстыру.

Білімділігі: Оқушыларға ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын,өмір сүру мәдениетімен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете отырып, оқушының өз бетінше ізденуін,зерттеушілігін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақтылыққа,ұжымдылыққа тәрбиелеу.Тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Жеке,топтық,оқулықпен жұмыс,«Миға шабуыл»,«Мен–саған,сен–маған», «Конверт-сұрақ», «Суреттер сөйлейді»,«Бұл жалған ба, әлде шындық па?» әдістері. «Жадыға серуен» ойыны

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд, суреттер, «Адам эволюциясы», кесте,әр түрлі тапсырмалар, сәйкестік тест, биологиялық диктант,видео, деңгейлік тапсырма.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география,


Күтілетін нәтиже

Ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысы туралы түсінік алады, топтық жұмыста өзін көрсете біледі, жеке және жұппен жұмыс жасауға қалыптасады.

Негізгі идеялар

Адам эволюциясының кезеңдері:ежелгі,ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктері,олардың қаңқа қалдықтарының құрылысы туралы биологиялық түсініктерін дамыту, білімді қабылдау, қабылдағанды түсіну, есте ұзақ сақтау, ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын арттыру, білім- білік дағдыларының жетілуіне, әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Тапсырмалар

Постер қорғау, жұптық тапсырмалар

Оқыту әдістері

«Миға шабуыл», «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Конверт-сұрақ», «Бұл жалған ба, әлде шындық па?» әдістері

Дерек көздері

Адам эволюциясының сатылары сызбанұсқасы, адам эволюциясының кезеңдері тақырыбына берілген суреттер, презентация, оқушы анықтамалығы.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ФМотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 мин




«Миға шабуыл»

Интербелсенді тақтадан адамның бас сүйегінің қаңқасын көрсету.

Ендеше адам эволюциясының негізгі кезеңдерін басшылыққа ала отырып, оқушыларды топқа бөлу.

1-топ: Ежелгі адамдар

2-топ: Ертедегі адамдар

3-топ: Осы заманғы алғашқы адамдар.


Оқушылар топқа бөлініп, күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін жазады.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин.

1.Үйге жұмысын «Жадыға серуен» ойыны арқылы сұрау.

2.Әр топтан оқушы шығып,арнайы дайындалған тапсырманы таңдап алады.


Конверттегі тапсырманы ашып, орындау.

Жаңа сабақты ашу

3 мин








2мин

5мин


5мин

Кубизм сұрақтары:

1.Адам эволюциясындағы биологиялық факторлар?

2.Қазіргі кезде қандай әлеуметтік фактор шешуші роль атқарады?

3. Адамның әлеуметтік эволюциясындағы үш кезеңді атаңыз?-деген сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Видео

Мәтінді оқу

Топтарға тапсырма:

Кластер құру.



Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

7 мин

«Екі жақты түсініктеме күнделігі»

Топтар өз арасында сайыс жүргізеді.Бір топ екінші топқа сұрақ қою тиіс, ал екінші топ сұраққа тиісті жауаптарын айту керек.



Постер қорғау.

Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау.







3 мин






3мин


































2мин

«Суреттер сөйлейді» әдісі


Ғалымдар: Ч.Дарвин, Ф.Энгельс т.б.

(Адамның бас қаңқасы)

Өзіңді тексер. «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі. Тақтадан көрсетеділеді

1.Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. (шындық)

2.Биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады. (шындық)

3. Дара жүріп еңбек еткендіктен, араларында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. (жалған)

4. "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды Ч.Дарвин. (жалған)

5. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. (шындық)

6. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. (шындық)

Тест ҰБТ бұрышы

Смайлик арқылы формативті бағалау.








Критерий бойынша бағалау.

Рефлексиялық кезең

Бағалау. Критерий бойынша бағалау.


2мин

Оқушыларды критерийлер бойынша бағалау.


Кері байланыс.

3 мин


1мин

Эссе жазу: «Болашақта адамның дамуы қалай жүреді»

ББК-кестесін толтыру.

Кері байланыс жасау.


Үйге тапсырма

1мин

Өтілген тақырып бойынша тест құрастыру.Баяндама: «Антропогенездің қозғаушы факторлары»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі