жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адам эволюциясының кезеңдері
Адам эволюциясының кезеңдері
Этапы эволюции человека
Stages of human evolution
Ғылыми жобаның авторы:
11-сынып оқушысы
Каким Қайни
Ғылыми жобаның жетекшісі:
Биология пәнінің мұғалімі
Тахиров Рифхат Ришатович
Мақсаты: Адам эволюциясының кезеңдерін зерттеу. Адам эволюциясы мен құрал-жабдықтарының эволюцияға ұшырағанын анықтап білу.
Міндеттері:-Адамның шығу тегі мен эволюциясының негізгі кезең түрлерімен таныстыру;
-Эволюцияға ұшыраған құрал-жабдықтарды танып білу;
-Адам затының арғы тегі маймылдан тарағанын анықтау;
-Бас сүйектерінің эволюцияға ұшырауының қыр сырын үйрену;
Зерттеудің әдістемесі:Эволюцияға ұшыраған адамдармен танысып, мәлеметтерді жинақтап,зерттеу жүргізу.
Зерттеудің әдістемесі: Адам эволюциясының кезеңдері мен құрал-жабдықтарының өзгеріске ұшырауын анықтап зерттеу.
Гипотезасы:, Адам эволюциясы мен құрал-жабдықтардың өзгеріске ұшырауы.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде архелогияның дамығандықтан біздің ата-тегімізді танып білуге көп мүмкіншіліктер бар. Жалпы тірі организмдердің тарихи даму кезеңінде ең соңында пайда болған әрі ең жоғары сатыда тұрған тіршілік иесі-адам. Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі бір түрге- саналы адамға жатады. Адамның шығу тегі туралы көптеген көзқарастар бар. Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыстырылған.
Ең алғашқы адамның жалпы аты-Адамата. Тіршілікті Жаратушы құдірет иесі алдымен Күн мен Жерді, кейіннен суды, топырақты, Ай мен жұлдыздарды, жануарларды жаратқан. Ал алтыншы куні Адаматаны, одан соң Адаматаға серік болсын деп Хауананы жаратқан. Адамата мен Хауанадан жер бетіндегі барлық адам баласы таралған деп түсіндіреді.
Тірі организмдерді алғаш рет швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линней ғылыми жүйеге бөліп жіктеген. Ол өз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп аталады.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді қамтиды. Оларға ежелгі адамдар (архантроптар), ертедегі адамдар (палеоантроптар) және осы заманғы адамдар (неоантроптар) жатады.
Зерттеу барысы: Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.
Ертедегі адамдар (палеоантроптар) – Ертедегі адамдар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып табылады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл-ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Олар 250-40 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Осы заманғы адамдар (неоантроптар) - (грек. neos – жаңа, anthropos– адам) – археологиялық қазбалардан табылған және бүгінгі саналы адамдардың (Homo sapіens) жиынтық атауы. Неандерталь адамын кейінгі палеолитте кроманьондықтар, яғни Неоантроптар алмастырды. Олардың палеоантроптар мен архантроптардан негізгі антропол. айырмашылықтары – бас сүйегінің ми сауыты сопақ, маңдайы тік, иегі жақсы жетілген, шығыңқы, қабақ сүйектері орташа жетілген.
Археологиялық қазба барысында аршып алынған Неоантроптардың сүйектері қазіргі адамдардың сүйектерінен біршама ірілеу. Сүйек қалдықтары Еуропада Франция, Англия , Германия , Чехия мен Словакия, Ресей т.б. елдердің жерінен табылған Неоантроптар ескерткіштері мерзімі жағынан бұдан бұрынғы 40 мыңжылдықтардан әрі аспайды. Африка саналы адамдары Эфиопия (Ома, б.з.б. 130 мыңжылдық), Оңт. Африка (Ривер Маус, б.з.б. 120 мыңжылдық; Бордер, б.з.б. 70 мыңжылдық), Кения (200 – 100 мыңжылдықтарды қамтитын бірқатар ескерткіштер), Танзания (Мумба, бұдан 130 мың жыл бұрын) жерлерінен табылған Неоантроптар Еуропадағы Неоантроптарға қарағанда ертеректе өмір сүрген. Ал Азияны мекендеген Неоантроптардың да сүйектері Еуропа Неоантроптарына қарағанда ертеректе өмір кешкендігін дәлелдеген. Неміс антропологі Г.Бройер Homo sapіens бұдан 150 мың жыл бұрын Сахара шөлінің оңтүстігінденде қалыптасып, 100 мыңжылдықтар шебінде Алдыңғы Азияға, 40 – 35 мыңжылдықтар бұрын Еуропа мен Азияға қоныс аударып, жергілікті неандерталь замандастарымен араласып кіріккен деген пікір айтады. Неоантроптардың пайда болуы жөнінде ғалымдар пікірі екіге бөлініп, бірі моноцентристік В.П. Якимов, келесілері полицентристік бағытты ұстанады.
Неоантроптар – Орталық және Батыс Азияда және Солтүстік-Батыс Африкада өмір сүрген палеоантроптардың прогрестік түрлерінен өрбіген деген моноцентристік теорияны қолдаушылар саны көп. Қазіргі эволюция көзқарастарға қарағанда гоминдтер ежелгі адамдардың әр келкі түрлері мен түршелерінің бір-бірімен гендік алмасуының нәтижесінде қалыптасқан. Қазақстанда Неоантроптардың сүйек қалдықтары әзірге табылған жоқ. Бірақ олардың тастан жасаған қарулары Қаратау, Сарыарқа, Балқаш көлі төңірегі, Ертіс алабы, Маңғыстау мен Мұғалжар тауларынан көптеп табылып отыр
Зерттеу нәтижесі: Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 — 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 — 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 — 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3). Сонымен қатар еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата-тектерімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды.Оны антропоморфоз деп атайды.Еңбек – адам эволюциясындағы ең негізгі қадам. Ал олардың құрал- жабдықтарына тоқтала кетсек:
Ежелгі адам құралдары: Еңбек құралдары ретінде үнемі табиғи заттарды пайдаланған және тастан қарапайым еңбек құралдарын жасады (сүйек,таяқ, тас, бөкен мүйіздері, ағаштан садақтың жебесі,үшкір тас, қырғыш,кескіш т.б.).
Ертедегі адамдар құралдары: Тастан өңдеп еңбек құралдарын жасады(көп қырлы, үшкір, қырғыш, пышақ және т.б.).
Қазіргі адамның адамдары:Мүйізді,сүйекті,тасты өңдеп әдеқайда жетілдірілген құрал-саймандар жасады. Сонымен қатар күрделі еңбек құралдары мен механизмдер жасай бастады (ине, қыш ыдыстар, жебе ұшы, соқа, орақ, балта басы, т.б.).
Адам эволюцияға ұшырағанда,еңбек құралдарыда өзгеріп,эволюцияғада ұшырап дамып отырған.
Қорытынды
Адам эволюциясын зерттеу үшін көптеген сүйек қалдықтары мен құрал-жабдықтарын қолданылады. Бұл археологиялық қалдықтар арқылы қай жылы,қай мекенде мекен еткен жылын анықтауға үлкен үлес қосады. Соған байланысты қазба жұмыстарының еңбек құралдарының өзгеріске ұшырауын архелогиялық қазба жұмыстарының дамуына көптеген мағлұмат жинауға көмектеседі. Қазіргі кезде Қазақстан жерінде қазба жұмыстарының барысында адам сүйек қаңқасы табылмаса да, олардың ерте заманғы құрал –жабдықтары табылуда. Сонымен қатар оларды терең зерттеуге тырысып, анықтау қажет.
Пайдаланған әдебиет
Қазақ Энциклопедиясы, 7том 2 бөлім
Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007
Интернет материалдары.
Андатпа
Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы: «Адам эволюциясының кезеңдері» деп аталады. Жұмыстың мақсаты- адам эволюциясының түрлерін, олардың сүйек қалдықтары мен құрал- жабдықтарын кеңінен насихаттау.
Жұмыстың бүгінгі күнгі балаларға жиналған мәлеметтердің тигізер пайдасы мол. Адамның қаңқа сүйектері мен құрал-жабдықтарының эволюцияға ұшырағандығын толығырақ жан-жақты зерттелінуде. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер арқылы жинақтаған.
Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуін жалғастырылып, оның түрлері мен суреттерімен, материалдарымен толыға түсеріне сенімім мол.
Жеткші: Тахиров Р.Р.
Биология пәнінің мұғалімі.
Анатация
Тема научной работы автора называется: "этапы эволюции человека". Цель работы - популяризация видов эволюции человека, их костных остатков и оборудования.
Свединие собранные на сегодняшний очень достаточна и работа принисеть большую польза в школе так и университетах . Более подробно изучается эволюция скелетных костей и орудий человека. Ученик обобщал научную работу через газеты, журналы, книги, сеть интернет, вспомогательную литературу.
Я уверен, что в дальнейшем будет продолжено исследование учащихся на эту тему, наполнено ее видами, рисунками, материалами.
Руковадитель: Тихиров Р.Р.
Учитель биологии.
Anatacia
The theme of the author's scientific work is called: "stages of human evolution". The aim of the work is to popularize the types of human evolution, their bone remains and equipment.
The information collected to date is very sufficient and the work to bring great benefits to the school and universities . The evolution of human skeletal bones and tools is studied in more detail. The student summarized scientific work through Newspapers, magazines, books, the Internet, auxiliary literature.
I am sure that in the future the study of students on this topic will be continued, filled with its views, drawings, materials.
Director: Tihonov R. R.
Biology teacher.
Пікір
Каким Қайни бұл жұмысында адам эволюциясының кезеңдері туралы жазылған және мәліметтері жазылған.
Жұмыстың бүгінгі күнгі балаларға жиналған мәлеметтердің тигізер пайдасы мол. Адамның қаңқа сүйектері мен құрал-жабдықтарының эволюцияға ұшырағандығын толығырақ жан-жақты зерттеп осы тақырыпта ашты.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларын жеткізе білген. Каким Қайни «Адам эволюциясының кезеңдері» атты ғылыми – ізденіс жұмысы биология саласында өз үлесін қосады деп сенім білдіремін.
Ғылыми жоба жетекшісі : Тахиров Р.Р.
Қосымша:
Қ
осымша
№ 1. Тастан жасалған құралдар.
Қ
осымша
№2. Темірдіен жасалған құралдар.
Қосымша № 3. Адам бас сүйегінің эволюциясы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген