400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам және адамзат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көптеген пайдасы зор. Өйткені достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп Мерзiмі:

Мұғалiм: Қалықбекова С.Е.

Сынып 7«а,ә»

Тақырып:Адам және адамзат № 24

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: қоршаған әлемді, табиғатты сақтап, қамқорлық жасауға үйрету;

Дамытушылық: қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар:

үнтаспа,

суреттер,

нақыл сөздер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру

Т.Сабырханұлының «Шексіз әлем» өлеңін оқып келу

  • Автор неліктен бізді, адамдарды «тозаңға» теңейді?

  • Адамның ойы, ниеті, ісінің шексіздігінің себебі неде?

  • Әлемнің тұтастығына, шексіздігіне адамдар тарапынан қиянат жасалып жатыр ма? Оның салдары қандай болуда?

  • Әлемнің тұтастығын, бірлігін сақтауда біздің үлесіміз қандай болуы керек?


3.Дәйексөз

«Адамның барлығы адамзатты өгерткісі келеді, бірақ өзін өзгерту туралы ешқайсысы ойламайды»

Хормен оқыту

Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

Оқушыларға дәптерге жаздырту

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау

Лев Толстой-

Орыс ақын, жазушысы

4.Мәтінмен жұмыс (Мұғалімнің сыйы)

«Табиғат сәні» Балтабай Әділовтің шығармасы

  Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.

-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!

Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.

-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға  жағалай қарап алып. – табиғат сәні неде?

-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.

-Тоғай,-деді Қоян.

-Тау мен тас,-дедіАрқар.

-Дала,-дедіҚасқыр.

-Орман,-дедіТүлкі.

 Су,-деді Бұғы.

-Жер,-деді Піл.

-Тас, деді Аю.

-Көкжиек,-деді Керік.

-Шөп-деді Борсық.

-Күн деді Қодас.

-ҚұсдедіСаршұнақ.

Аңдарайтыпбіттікдегендей, іркіліпқалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырғанеліккеқадады:

-Сен неге үндемейсің?

Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның  алдына келіп:

Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы  айтылғандардың  бәрі. Солардың бәрін  қоссақ, табиғаттың сәні шығады.

Еліктің  сөзіне бәрі қолсоғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.

Сұрақтар:

1.      Табиғат сәні неде?

2. Арыстан аңдарды жинағандағы мақсаты не?

3.      Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы?

.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаят бойынша сұрақтарға жауап беру

2-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу


6.Топпен ән айту.

«Өз елім» сөзі: Қадір Мырза-Әлінікі

Әні: Нұрғиса Тілендиевтікі


7.Үй тапырмасы.

«Бұлақ сылдыры» аңызын оқып келу


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
1195
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі