Материалдар / Адам және Әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам және Әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
609
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыка және сурет

 Сабақтың тақырыбы: Таңбалы аспаптар сыр шертеді

Сабақтың мақсаты: Ішекті аспаптар туыстастығын көрсету.

  1. Білімділігі: Қобыз және скрипка аспаптарымен танысу.

  2. Ән үйрену: Әні халықтыкі. «Қобызым» Ж. Айжанованың репертуарынан.

  3. Тәрбиелілігі: Өнерге талпындыру.

Сабақтың көрнекіліктері: композиторлардың портреттері, үнтаспа, қобыз.

Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақты қобыз және скрипка аспаптарының үнін тыңдаудан бастау. Ысқышты екі аспаптың үнін тыңдай отырып, олардың құрылысы мен шығу тегі туралы баяндау.

Қобыз бен скрипка аспабы –бір-біріне ұқсас аспаптар. Олар-ағаштан жасалған және ысқышпен орындалады.

Қобыз аспабы алғаш қазақ даласында пайда болады. Қобызды тұтас ағаштан ойып жасап, бетін түйенің терісімен жауып, ішегіне аттың қылын таққан. Ал ысқышын садаққа ұқсатып жасаған. Ерте замандарда қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Қазақтың көне аңыздарында қобыздың атасын Қорқыт деп атайды.

Қорқыт ата бейіті Сырдария өзенінің жағасына орналасқан. Ескерткіш дүниенің төрт бұрышына қарап тұрған төрт қобызды біріктіру арқылы жасалған. Қобыздың жоғарғы жағына темір құбырлар орнатылған. Жел соққанда құбырлардан қобыз үніне ұқсас дауыс естіледі. Ескерткіштің қасында тұрғанда жер астынан қобыздың үні естілгендей әсер береді. Міне, Қорқыт атаға осындай ғажайып ескерткіш бар.

Ал Еуропада қобыз аспабынан кейін скрипка дүниеге келеді. Бұл аспап Еуропада кеңінен таралған әрі аса танымал. Скрипка өте әдемі әрі нәзік, әсем сазымен ерекше болып келеді. Скрипканың дыбысының тазалығы соншалық, оны «Музыкалық аспаптардың патшайымы» деп атап кеткен.

Скрипканың шығуы туралы аңыз:

Ертеде бір  музыкант өмір сүріпті. Ол кішкентай кезінен  аспаптарда ойнайтын болған. Далада мал бағып жүріп, өзіне түрлі табиғи заттардан сыбызғы жасап алып ойнағанда, жайылып жүрген мал да құлақтарын түріп тыңдай қалады екен. Ормандағы құстар да сайрамай қалады, көлдегі бақалар да бақылдамай  қалады екен. Музыкант ойнаған кезде  олардың әрқайсысының жүрегін тәтті сезім тербеп, белгісіз бір күш биікке, ашық көк аспандағы жарық жұлдыздарға қарай жетелегендей күй кешеді. Осылай музыка тыңдап отыра бергісі келеді. Көңілді музыка ойналса, барлығы көңілденеді, қайғылы музыка оларды мұңға батырады. Музыкант бала ержеткеннен кейін өзіне скрипка аспабын жасап алады да, ел кезіп, өнерін көрсетіп жүреді. Қайырымды адамдар оны құрметтеп, қонақ қылады. Ал мейірімсіз пандар оны жек көрген, өйткені сиқыршы музыканттың ойынын тыңдаған кезде  адамдар пандарға қызмет етпей қалады. Олар шайтандармен бірлесіп музыканттың көзін жоюды ойластырады. Он екі аш қасқырға талатуды ұйғарады. Тістері ақсиған, көздері жанып тұрған аш қасқырлар музыкантты қоршап алады. Ал музыкант болса ағашқа сүйеніп тұрып жанынан скрипкасын алып ысқышпен ішектерді қозғап жібереді. Скрипкаға тіл біткендей боздап қоя береді. Ағаштар мен бұталар да бір сәтке тып-тыныш болып қалады. Ал қасқырлар бір орында мелшиіп тұрып қалады. Олар музыканы естіп, өздерінің аш екенін ұмытып кетеді. Музыкант ойынды тоқтатқан кезде жайлап орманға қайтып кетеді. Осылайша сиқыршы музыканттың өмірін скрипка сақтап қалады.

Скрипканың көне түрі қазіргі скрипкаға мүлде ұқсамайды. Ол аспаптарды фидель және ребек деп атаған. Бұл аспаптардың да ішегін аттың қылынан жасаған. Аспапты тізеге тіреп, оны садақ тәрізді ысқышпен ойнаған. Ал кейін келе Еуропада бұл аспаптарды иыққа немесе кеудеге тіреп ойнайтын болған.

Музыка тыңдау:

Скрипка аспабында «Араның ұшуы» Римский-

Корсаковтың шығармасынан үзінді.

Қобыз аспабында Қорқыттың күйі

«Ұшардың ұлуы».

Күй аңызында бір кемпірдің жалғыз баласы қайтыс болып, жаңа жұртқа көшеді. Бір күні кемпір далаға шығып, баласының Ұшар деген итін «Ұшар, Ұшар, кә-кә» деп шақырады. Итті таба алмаған кемпір ескі жұртқа келсе,

Ұшардың мола басында ұлып отырғанын көреді. Сонда кемпір: «Жалғызымнан айрылдым, қанатымнан қайырылдым»,- деп итімен қосылып, баласын жоқтап жылайды. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады. Қобызда кемпірдің сөзін және Ұшардың ұлығанын анық естуге болады.

Дауыс жаттығулары: «Көңілді музыкант» әні.

Домбырада мен ойнаймын

Дың-дың- дың, дың- дың- дың.

Қозы, лақтар би билейді

Дың-дың- дың, дың- дың- дың.

 

Енді ойнаймын сазсырнайда,

У-у-у, у-у-у.

Құлын, бота би билейді,

У-у-у, у-у-у.

 

Енді ойнаймын даңғырада

Даң-даң-даң, даң-даң-даң.

Төлдер қашты, қатты састы,

Даң-даң-даң, даң-даң-даң.

Ән орындау: «Қобызым»

Қарағайдың түбінен

Қайрып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Аққайыңның безінен

Айырып алған қобызым.

Қара еменді қақ жарып

Ойып алған қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым.

Қылқұйрығын тұлпардың

Қияқ қылған қобызым.

Ақ түйенің сүтіне

Шылап алған қобызым.

Қарағайды қоздатып

Бұлап алған қобызым.

Құлағыңды бұрайын

Қияқ шалып сынайын.

Ойлағаным болмаса

Қайырып жерге ұрайын!

Жаңа сабақты қорыту:

-Қобыз аспабы қалай пайда болды?

-Қобыз аспабы қалай жасалады?

-Еуропада қобызға ұқсас қандай аспаптар бар?

Біліп ал!

Қорқыт ата жайлы көптеген аңыз бар. Қорқыт ата дүниеге келерде аспанды бұлт торлап, дауыл көтеріліп, найзағай ойнап, халықтың үрейі ұшқан көрінеді. Сондықтан оған Қорқыт деп ат қойған.

«Бір күні Қорқыт түс көреді. Түсінде сақалы беліне түскен, ақ киімді, қолындағы таяғы аспанмен тірескен бір ақсақал келіп:

«Сенің бұл дүниедегі өмірің қысқа болады»-дейді. Қорқыт түсінен оянып,

Желмая түйесіне мініп, өлімнен қашады. Жердің қай бұрышына барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдар шыға береді. Әбден шаршаған Қорқыт тағы да ұйқтап кетеді. Түсінде баяғы ақсақал келіп: «Өлімнен тек күй арқылы құтыласың. Ол үшін сен аспап жаса. Оның атын қобыз қой»-дейді. Қорқыт түсінен оянып, тау басында тұрған қарағайды шауып алып, қобыз жасайды.

Аспабына аттың қылынан ішек тағып, бетіне желмаяның терісін қаптап, ал тиегін ортекенің мүйізінен салады. Сырдарияның бетіне суға батпайтын кілем жайып, үстіне отырып, күй тартады. Сонда ұшқан құс, жүгірген аң-бәрі жиналып, дарияның жағасына келіп, Қорқыттың күйін тыңдайды. Ал, өлімнің өзі де Қорқытқа жақындай алмай қалады. Сөйтіп, қазақтың қобыз аспабы дүниеге келеді.

Үй тапсырмасы:

Қорқыттың күйлері туралы аңыздарды оқып келу.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!