Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Адам жанынын сулылыгы
Материал туралы қысқаша түсінік
Окушылардын жан сулулыгын жаксарту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
20 Қаңтар 2019
414
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерген:
Күні: 26.12.19Мектеп: «Мортық орта мектебі» КММСабақтың тақырыбы: «Адам жанының сұлулығы» 15- ші сабақҚұндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Ізгілік, қамқорлық, мейірімділік Мұғалім: Шарипова С.У.Сынып: 5 Оқушы саны:5
Күні: 26.12.19Мектеп: «Мортық орта мектебі» КММСабақтың тақырыбы: «Адам жанының сұлулығы» 15- ші сабақҚұндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Ізгілік, қамқорлық, мейірімділік Мұғалім: Шарипова С.У.Сынып: 5 Оқушы саны:5
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ішкі сұлулықты түсіндіре отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды жан сұлулығын жақсартуға, ішкі сұлулықты бағалай білуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды жан сұлулығына, мейірімділікке тәрбиелеу | Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезені.Оқушылармен амандасу.Түгендеу. Тыныштық сәті. Тыныс алуға зейін қою.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. | |
Үй тапсырмасын тексеру. | |
Дәйексөз «Сыртқы сымбат ішкі тереңдікке сай болуы керек» (Ебіней Бөкетов) Дәйексөздің мағынасын түсіндіру. | Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
Әңгімелеу«Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» Ішкі сҧлулық пен сыртқы сҧлулық (Аңыз) Баяғы ӛткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі ұсқынсыз екен, ал екіншісі болса, келбетті, жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Ұсқынсыз екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң, маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса, жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: – Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: – Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасың ұсқынсыз болса, сенің ішкі жан-дүниең ұсқынсыз екен. Бар, қазірден бастап сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – дептіТалдау сұрақтары: | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма: Мәтінді оқып, сахналап көрсетіңдер.2-тапсырма: «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбында эссе жазыңдар. | Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Топпен ән айту«Ертегі сарай» Өлеңін жазған: Сұлтан Қалиев Әнін жазған: Бейбіт Дәлденбай Балалар деп жарқырар күн шырағы, Әй-әй апай халқымыздың шынары. Жан апайдың салдырған Сарайынан, Жанымызға тарайды нұр шуағы. Қайырмасы: Ертегі Сарай Шертеді талай, Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат. Кӛмкеріп арай, Елтеді маңай, Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап. Мұң мен дерттен арылтқан, ұмыттырған, Шар болаттай шыңдаған, шынықтырған. Жұмақка бергісіз осы Сарай Талайлардың бақыты, үміт қуған. Қайырмасы. ¥л-қыздарын шақырып шартараптан, Омарташы сияқты бал таратқан. Самғасын деп біздерді биіктерге, Ӛнер, білім, денсаулық арқалатқан. | Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: «Қарындаштың бес сапасы» | Күнделіктеріне жазады. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)