Материалдар / Адам жақсы ісімен көрікті.

Адам жақсы ісімен көрікті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық адамдарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Оқу орны: Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі

Тақырыбы: Іздеген жетер мұратқа

Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері:
Мейірімділік, қайырымдылық,адамзатқа риясыз қызмет ету.

Топ: 107б

Оқытушы:Турсынова Сымбат Шынасовна

Электронды мекен жайы: tursynova-simbat928@mail.ru Білім алушылар: 25

Күні: 21.12.2020


Сабақ мақсаты: «Іздеген жетер мұратқа» ұғымының мәні мен мағынасын ашу арқылы, білім алушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. Сара Алпысқызының мәңгілік парасатты идеясының негізінде, «Іздеген жетер мұратқа» тақырыбында Мұхтар Шахановтың «Арман» шығармасымен таныстыру, рухани өзектілігін жеткізу, «сүйіспеншілік» құндылығының өркениетті құрған тұлғалар өмірі мен өнеріндегі көріністеріне куә болу, білімгерлермен адамзатқа риясыз қызмет ету мұраты мен міндетінің қасиеттерін ұғынуға мүмкіндік жасау;

  2. Білім алушылардың өмірлік ұстанымдарын шығармашылық әрекеттер арқылы жүзеге асыру іскерлігін мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік қасиеттері негізінде дамыту;

  3. Білім алушыларды өз армандары мен міндеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, бүкіл адамзатқа риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етіп, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

С.А.Назарбаеваның портреті,

М.Шахановтың портреті;

Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби портреті;

Бейнеролик;

Презентация;

«Арман» шығарма желісіне сюжетті суреттерді салған Нүсіпжан Санат көркем еңбек пәнінің мұғалімі, колледж түлегі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Өзек қуа ағады,

Өзен судың сағасы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

Салеметсіңдер ме?

  • Бүгінгі тамаша сабақта с іздермен қауышқаныма өте қуаныштымын!

Тыныштық сәтi.

Жағымды көңіл – күй орнату.

-Ыңғайланып отырып, көзімізді жұмдық. Тұла – бойымызды бос ұстаймыз. Жаңа атып келе жатқан шуақты таң нұры бізге жақсылығымен келеді. Таудың салқын самалы, сылдыраған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған даусы бізді керемет күйге бөлейді. Таза ауаны жұттық. Сіз күш – қуатқа толысыз. Жер – Анаға, әлемге деген махаббат, сүйіспеншілік бойыңыздағы ізгі қасиеттермен ұштасып, тамаша үйлесімділік табуда. Күн шуағы сізге сәуле шашуда. Самал жел шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл әлем сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бойыңызға қуат беріп тұр. Осы қуатпен бар тіршілікпен бөлісіңіз.Сіз бағындырмайтын белес жоқ. Сіз әлемдегі ең көркем жансыз.


3.Дәйексөз.

«Өмірге келген сәтте Жаратушы әрқайсымызға екі түрлі міндетті айқындап берген. Олар: оқып-жетілу, адамзатқа қызмет ету»

ЕЛ АНАСЫ - Сара Алпысқызы

Дәйексөзге ой – толғау.

  1. Сара анамыздың дәйекті ойында қандай құндылықтың мәні бар?

  2. Ақ анамыздың «оқып-жетілу, адамзатқа қызмет ету» деген парасатты ойын қалай түсіндік, қандай қасиеттерді көріп тұрмыз?

  3. Осы ойлардың негізінде ізденіп, ізгі мұратымызға жету үшін қандай жалпыадамзаттық құндылық жүрегімізде болу керек?

Оқытушы: "Адам басқаларға риясыз көмектессе, жақсылығы зая кетпей, алдынан шығады. Дәл сол қалпында оралуы міндетті емес. Күтпеген жерден шаттыққа бөленіп, ісі оңға басады, денсаулығы нығайып, мақсат-мұратына жетеді. Менің ойымша, адамның барлық кемшілігі сүйіспеншіліктің жетіспеуінен болады»;

-Сабақ тақырыбын дәйексөз арқылы ашады.

Сабақ тақырыбы мен дәйексөзін дәптерге түсіреді.

4.Әңгiмелеу. МҰҒАЛІМ СЫЙЫ.

Мұхтар Шаханов

Ерте, ерте, ертеде Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқыды, бірге ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.

"Таңдайымыз өрісті оймен татымақ",
Деп қуана езу тартты атырап,
Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ.

Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей

Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді бір қария.
Сол қария бір күні екі шәкіртті,
Құрметпенен өз үйіне шақыртты;

- Балақайлар, балапандар, көк өрім,
Сендерге бір сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.

Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?


Қане, Дойыл, сен айтшы? Дойыл айтты:
- Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен де, ар мен де.
Жалын шашса өнерімнің өрнегі
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад елдері
Түгел танып жыр ететін тандана,
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай,
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой.
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой
Табу үшін жұрт таппаған айланы,
Көру үшін жұрт көрмеғен пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол үшін.

Қарт күрсінді:
- Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Барымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?

Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана:
- Арманымды өзгерте алман, жан баба!

- Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды -
деп қария Дойылмен бір отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.

Әбу айтты:
- Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.

Қарт жымиды:
- Бәрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тояттайды қаз қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің, міне, еттің лезде мәз-мейрам.
Бірің үшін күрсінумен өтермін,
Бірің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім,

Ал жарайды, батам осы, барыңдар,
Отырарда туған ұлы дарындар!


Әжуасын әжіміне жасырып,
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді-ау арманы айқын,
өр көңіл,
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін,
Дәулет оған жылдам ашты есігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдад, Мысыр түгел білді есімін.
"Есепсіздің несібесі озар ма?"
Әйелін де баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып беріп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Міне осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагерді өзге түгіл өзінің
Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда.

Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Әбу Насыр әл – Фараби – адамзаттың ұстазы!

Әл – Фараби – әлемнің алғашқы данышпаны!

Талдау сұрақтары:

  1. Қарияны неліктен Дойылдың арман, мақсаты қорқытып, Әбудің мақсаты сүйсінтті?

  2. Не себепті екі достың өмірі екі арнаға бөлініп кетті?

  3. Дойылдың ғұмырын не қысқа етті? Адамның аты тарихта мәңгіге қалуы үшін қандай құндылықтар қажет?

  4. Әбудің ғұмыры не себепті мәңгі болды? Оны қандай құндылықтары мен адами қасиеттері мәңгілік етіп тұр?

  5. Сіздің өмірдегі мұраттарыңыз қандай құндылықтарға негiзделген? Неліктен?

Оқытушының қорытынды ойы: Шаханов атамыздың «Арман» шығармасындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың көрінісін Сара Алпысқызының сөзімен айқындағым келеді: «Адамның ерік-жігері, интеллектісі, өзіне де, өзгелерге де қайырымдылық жасауға деген ұмтылысы үлкен күш екенін түсіндім. Ықыласың болса, тау қопаруға да болады екен. Адамның күші жетпейтін ештеңе жоқ. Сеніммен одақтас болғаннан кейін ой-санамда, міне, осындай сілкініс болып өтті. Сенімім артқан сайын істерім де алға басады...Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!».

Презентация


































































































5.Шығармашылық жұмыс.

1. «Менің мұратым», «Мұратым мені қайда жетелейді?» деген тақырыпта төмендегі қадамдарды басшылыққа алып, зерделеңiздер. Дәптерге жоспарын жазыңыздар.

Менің мұратым өзімнен басқа кімге пайдалы?

Мұратым басқаларға, қоршаған ортаға зиянын тигізбей ме?

Мұратым адамгершілік құндылықтарға негізделген бе?

2. Сара Алпысқызының ұлағатты ойын оқып; «Көзқарас – себеп – мысал – қорытынды» әдісін пайдаланып, пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

    770 ₸ - Сатып алу
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ