жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адам жақсы ісімен көрікті.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Оқу орны: Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі
Тақырыбы: Іздеген жетер мұратқа
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Мейірімділік,
қайырымдылық,адамзатқа риясыз қызмет ету.
Топ: 107б
Оқытушы:Турсынова Сымбат Шынасовна
Электронды мекен жайы: tursynova-simbat928@mail.ru Білім алушылар: 25
|
Сабақ мақсаты: «Іздеген жетер мұратқа» ұғымының мәні мен мағынасын ашу арқылы, білім алушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Ресурстар: С.А.Назарбаеваның портреті, М.Шахановтың портреті; Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби портреті; Бейнеролик; Презентация; «Арман» шығарма желісіне сюжетті суреттерді салған Нүсіпжан Санат көркем еңбек пәнінің мұғалімі, колледж түлегі. |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Өзек қуа ағады, Өзен судың сағасы. Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы. Салеметсіңдер ме?
Тыныштық сәтi. Жағымды көңіл – күй орнату. -Ыңғайланып отырып, көзімізді жұмдық. Тұла – бойымызды бос ұстаймыз. Жаңа атып келе жатқан шуақты таң нұры бізге жақсылығымен келеді. Таудың салқын самалы, сылдыраған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған даусы бізді керемет күйге бөлейді. Таза ауаны жұттық. Сіз күш – қуатқа толысыз. Жер – Анаға, әлемге деген махаббат, сүйіспеншілік бойыңыздағы ізгі қасиеттермен ұштасып, тамаша үйлесімділік табуда. Күн шуағы сізге сәуле шашуда. Самал жел шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл әлем сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бойыңызға қуат беріп тұр. Осы қуатпен бар тіршілікпен бөлісіңіз.Сіз бағындырмайтын белес жоқ. Сіз әлемдегі ең көркем жансыз. |
|
|
3.Дәйексөз.
«Өмірге келген сәтте Жаратушы әрқайсымызға екі түрлі міндетті айқындап берген. Олар: оқып-жетілу, адамзатқа қызмет ету» ЕЛ АНАСЫ - Сара Алпысқызы Дәйексөзге ой – толғау.
Оқытушы: "Адам басқаларға риясыз көмектессе, жақсылығы зая кетпей, алдынан шығады. Дәл сол қалпында оралуы міндетті емес. Күтпеген жерден шаттыққа бөленіп, ісі оңға басады, денсаулығы нығайып, мақсат-мұратына жетеді. Менің ойымша, адамның барлық кемшілігі сүйіспеншіліктің жетіспеуінен болады»; |
-Сабақ тақырыбын дәйексөз арқылы ашады. Сабақ тақырыбы мен дәйексөзін дәптерге түсіреді. |
|
4.Әңгiмелеу. МҰҒАЛІМ СЫЙЫ.
Ерте, ерте,
ертеде Отырарда, Қане, Дойыл,
сен айтшы? Дойыл айтты:
Әбу Насыр әл – Фараби – адамзаттың ұстазы! Әл – Фараби – әлемнің алғашқы данышпаны! Талдау сұрақтары:
Оқытушының қорытынды ойы: Шаханов атамыздың «Арман» шығармасындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың көрінісін Сара Алпысқызының сөзімен айқындағым келеді: «Адамның ерік-жігері, интеллектісі, өзіне де, өзгелерге де қайырымдылық жасауға деген ұмтылысы үлкен күш екенін түсіндім. Ықыласың болса, тау қопаруға да болады екен. Адамның күші жетпейтін ештеңе жоқ. Сеніммен одақтас болғаннан кейін ой-санамда, міне, осындай сілкініс болып өтті. Сенімім артқан сайын істерім де алға басады...Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!». |
Презентация |
|
5.Шығармашылық жұмыс. 1. «Менің мұратым», «Мұратым мені қайда жетелейді?» деген тақырыпта төмендегі қадамдарды басшылыққа алып, зерделеңiздер. Дәптерге жоспарын жазыңыздар. • Менің мұратым өзімнен басқа кімге пайдалы? • Мұратым басқаларға, қоршаған ортаға зиянын тигізбей ме? • Мұратым адамгершілік құндылықтарға негізделген бе? 2. Сара Алпысқызының ұлағатты ойын оқып; «Көзқарас – себеп – мысал – қорытынды» әдісін пайдаланып, пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 25.01.2021 410
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген