400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Адам жақсы ісімен көрікті

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам жақсы ісімен көрікті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғаттағы құстардың маңызы

Құстардың табиғатқа деген маңызы зор. Жер де ,көк те құстың мекені болып саналады. Орнитология – құстардың дамуы, жер бетінде таралуын зерттейтін ғылым саласы. Құстар көп топтарға бөлінед, жүретін құстар, ұшатын құстар, торғай тәріздес және тағы басқа. Құстар адамдардың шаруашылық әрекетіне пайда келтіретіні көп. Мысалы: бір қарлығаш бүкіл жаз бойы бір миллион құрт жейді екен. Адамдар құстарды қорғау үшін қолдан жасаған ұяларды жасау керек, ағаштарды көбірек егу керек. Құстар болмаса табиғат апатқа ұшырайды. Яғни, тоқылдақ ол ағаштардағы құрттарды жейді, тоқылдақ жоқ болса құрттар ағашты шірітіп, жою шеді. Егер, құстар болмаса зиянкестер шөп атаулыны дымын қалдырмай құртып жіберер еді, онда далада мал жейтін шөп те, егін де, көкөніс те қалмас еді, яғни, адамдар аштан қырылар еді. Жыртқыш құстар ұсақ құстардың ішіндегі ауруларын, сонымен бірге ауру тарататын тышқан құсаған кеміргіштерді құртады. Су құстары да ауру балықтарды ұстап жеп, теңізде жұқпалы аурулар таралып кетуінен сақтайды. Қарға, құзғындар қоқыстардың ішінен шіріп, ауру таратуы мүмкін тамақ қалдықтарын тауып жейді. Яғни, құстардың бәрі адамға көмекші. Құстардың қай-қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың тынымбаққа, бау-бақшаға егістіктер мен бақтарға үйірлеуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жемашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білу керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жаруға болмады. Сол үшін табиғаттағы құстардың маңызы өте зор.









Махамбетов Ильяс 6 «Э»











Табиғаттағы құстардың маңызы

Миллиондаған құстардың табиғатқа әсері өте зор өте көп түрлі және бірдей емес. Құстар көптеген табиғат құбылыстарына, және оның ішінде адам баласына оң жән теріс әсер етеді. Ауыл шаруашылық дақылдары, орман және басқа табиғи, жасанды тоғайлардың зиянкестерінің санын кемітуде құстардың ролін бағалауы қиын. Насекомдардың өсімталдығы өте жоғары, адам баласы көкқасқа шегіртке (саранча), ағашкескіш, қабық жегіш қоңыздар және т.б. сияқты зиянкестердің санының тез өсуін қадағалауда өте қиын. Сондықтан адам баласы түрлі улы химикаттар қолдануға мәжбүр болады, ал бұлар барлық бәледен құтқаратын құрал болып табылмайды, улы заттардан пайдалы насекомдар мен құстарда қырылады. Насеком қоректі құстарды орман массивтеріне, орман қорғау жерлеріне, бау-бақша учаскелеріне тарту өсімдіктердің зиянкестерге тұрақтылығы артатынын көрсетті. Түрлі көкшымшықтар, сандуғаштар, шөже торғайлар, көкектер, тоқылдақтар, бозторғайлар, қараторғайлар, қарлығаштар, ұзынқанаттар, күйкентайлар, ақтұмсық қарғалар, шағалалар және т.б. әртүрлі экологиялық қуыстарды мекендейтін насекомдармен қоректенеді, ауада ұшып жүріп оларды жояды. Күндізгі және түнгі жыртқыш құстар, қарғатектестер, шағалалар түрлі кеміргіштерді-қаптесерлерді, тоқалтістерді, саршұнақтарды өте көптеп аулап, дәнді дақылдар өнімін сақтап қалады және кеміргіштер тасымалдайтын көптеген ауруларды таратуға бөгет болады. Құстардың жоғары мәнерлі ұшуы насекомдардың көптеп жиналған жерін тез тауып алып, оларды көп мөлшерде жеуіне жәрдемдеседі. Құстардың зиянды жануарларды құртып, адамның шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін фактыларды көптеп келтіруге болады. Сондықтан құстарды қорғау және егістік бау-бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек.Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай, Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, картопты шоқып бүлдіреді.













Табиғаттағы құстардың маңызы

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың — ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік кұстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері — омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Құстардың зиянды жануарларды құртып, адамның шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін фактыларды көптеп келтіруге болады. Сондықтан құстарды қорғау және егістік бау-бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек.





























Табиғаттағы құстардың маңызы

Табиғаттағы құстардың маңызы өте көп. Біріншіден, құстардың көбісі зиянды жәндіктермен қоректенеді. Кейбір құстар күніне өзінің салмағымен бірдей жәндіктер жейді. Екіншіден,жыртқыш құстар жануарлардың өліксілерін жейді,сөйтіп олар жерді тазалайды. Үшіншіден,құс шаруашылығы, ол жерде біз ақуызға бай жұмыртқа, қауырсын, құс етін аламыз. Төртіншіден, құстар аузында өсімдік дәндерін ұстайды, ол жерге түскенде сол жерде ары қарай өсе береді. Мұндай көбеюді эндозоохория деп атайды.  Көптеген құстар өсімдіктермен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдары таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар — тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады. Адам құстарды спорттық және әртүрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндіктерді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әртүрлі аурулардың (оба, сары ауру және т.б.) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, күйкентай, жағалтай және т.б.) саятшылыққа пайдаланылады.Құстардың маңызы өте көп.





Қабдылов Рауан 6 «Э»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі