15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Адам жақсы ісімен көрікті" 2 сынып
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тексерілді:
ОІЖО:
Ж.Айтбенбетова
Мектеп «Достық» жом Мерзiм 29.11.2017ж №12сабақ
Тақырып Адам жақсы ісімен көрікті
Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер: ізгілік, адалдық, сыйластық
Мұғалiм Баймбетова А Сынып 2 Оқушылар саны
|
Сабақ мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар(оқулық, дәптер, түрлі-түсті қаламдар, бейнепроектор, плакат, маркер) |
|
Сабақ барысы:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру. ә) 5 «Т» ережесін еске түсіру. Татулық Тыныштық Тәртіп Тазалық Талап Тыныштық сәтi (Жағымды күйге ену) Нұрға бөлену
|
Ескертулер |
Барлығы хормен оқиды. Ұлдар, қыздар оқып қайталайды
|
|
«Ананың сүйіспеншілігі» аңыз әңгімесі Бір күні балалары өзара дауласып, әрқайсысы бір-біріне өздерінің дұрыстығын дәлелдеп, аналарына «Ол кімді бәрінен де артық жақсы көреді?», – деген сұрақты қоя келеді. Анасы үндеместен шырақты алды да, оны жағып: – Міне, шырақ – бұл мен! Оның жалыны – менің сүйіспеншілігім! – деді. Содан кейін ол тағы бір шырақты алды да, оны да өз шырағынан тұтандырып жақты. – Бұл менің тұңғышым, мен оған өз жалынымды, өз сүйіспеншілігімді бердім! Менің бергенімнен менің шырағымның жалыны азайып қалды ма? Менің шырағымның жалыны сол күйінде қалды, – деп ол қанша баласы болса, сонша шырақ жақты, алайда оның шырағының жалыны сол қалпында қала берді... |
|
|
5 Әңгiмелеу Осы өсиет әңгімеден қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар? Мәтінде ананың сүйіспеншілігін неліктен жанған шырақпен салыстырған? Өз ата-анаңның сүйіспеншілігін неге теңер едің? Себебін түсіндіріп бер. Өз отбастарыңда жақындарыңның мейірі мен сүйіспеншілігін неден, қалай сезінесіңдер? |
|
Ана туралы жыр Сөзі: Ғафу Қайырбеков Әні: Шәмші Қалдаяқов Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған Сен бердің құстардың қанатын самғаған Балалық қоштарың өзіңе арнаған Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің Самал жел саябақ құшағың мен үшін Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Өтеуге борышын анашым жан сырым Іздедім сен үшін әлемнің асылын Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені Сыйлар ем ай – күнін қолыма түспеді Қайырмасы: Ете көр қанағат, әзірге берерім Балалық махаббат, балалық жүрегім Бол риза анашым, қолдағы осы бар Өзіңе арнаған әнімді қосып ал |
|
1- тапсырма. Әрбір отбасы мүшелерінің өз құқықтары мен міндеттерін жазып, оны қалай орындап жүргендеріңді әңгімелеп беріңдер. 2-тапсырма. Отбасы бақытты болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: көтеріңкі көңіл күй, парызды орындау, сыйлықтар, дәмді тағам, жайлы жағдай, жақсы ниет, жақсы тілек, жақсы көру, сыйлау, құрметтеу, сабырлылық, тыңдау, ақылдасу. |
|
Оқулықтың 42 беттегі «Аурудан аяған күштірек Ыбырай Алтынсарин» атты әңгімесін оқып келу.. |
|
Бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды жүрегімізде сақтайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сендерге көп рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген