Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Адам жасына қатысты мәселе есептерді шешудің тиімді жолдары.
Адам жасына қатысты мәселе есептерді шешудің тиімді жолдары.
Материал туралы қысқаша түсінік
Адам жасына байланысты мәселе есептерді теңдеу құрып шешкен тиімді. Көп оқушылар есеп шартына сәйкес теңдеу құруда қиналады. Осыған байланысты адам жасына байланысты мәселе есептерді шешуге теңдеу құру үшін кесте қолданған ыңғайлы болады. Теңдеу құру үшін кестені қолдану жолы оқушыларға да түсініктірек болады. Мақаламда адам жасына байланысты мәселе есептерді теңдеу құрып шешудің әдістерін көрсетіп отырмын.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
№16 орта
мектеп-гимназиясы
Баяндама
Тақырыбы: Адам жасына
байланысты мәселе есептерді шешу жолдары.
(Талдықорған қаласы бойыншы
жалпы орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерінің
семинары)
(2023-2024 оқу
жыды).
Дайындаған: математика пәні
мұғалімі
Сапаргалиев Марат
Тилеулиевич.
Талдықорған қаласы, 2023
жыл
Кіріспе
Қазіргі ғылым мен техниканың
даму кезеңінде алдымыздағы шәкірттің жан-жақты, білімді, ой
өрісінің кең болып шығуына ықпал ететін мұғалім екені түсінікті.
Мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты: арнайы педагогикалық
әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық
ойлауын дамыту, белсенділігін қалыптастыру, адамның бойындағы
туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету,
оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету
үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу
дағдыларының дамуына негізін салу болып
табылады.
2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа
форматқа ауысқандығын бәріміз білеміз. Осы формат бойынша талапкер
үш міндетті пәннен тест тапсырады. Осы пәндердің бірі –
математьикалық сауаттылық пәні.
Математикалық сауаттылық
пәнінен берілетін тапсырмалардың бірі – адам жасына байланысты
мәселе есептер болып табылады.
Адам жасына байланысты
мәселе есептерді шешу жолдары.
Адам жасына байланысты
есептерді шешу кезінде берілген шартты математика тіліне аудару
қажет болады:
2 жылдан
кейін
х+2
2 жыл
бұрын
х-2
2 жасқа
үлкен
x +
2
2 жасқа
кіші
x -
2
Екі адамның жастарының
қосындысы
х+у
Екі адамның n жылдан кейінгі
жастарының қосындысы
x+y
+2n
Екі адамның n жыл бұрынғы
жастарының қосындысы
x+y-2n
Адам жасына байланысты мәселе
есептерді теңдеу құрып шешкен тиімді. Көп оқушылар есеп шартына
сәйкес теңдеу құруда қиналады. Осыған байланысты адам жасына
байланысты мәселе есептерді шешуге теңдеу құру үшін кесте қолданған
ыңғайлы болады. Теңдеу құру үшін кестені қолдану жолы оқушыларға да
түсініктірек болады.
Қазақ тілінде етістіктің
шақтары: өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінетіндігін
білеміз. Адам жасына байланысты есептерде мынадай байланыстар
беріледі:
Қазіргі
жасы
Кейінгі
жасы
Бұрынғы
жасы
Қазіргі
жасы
Яғни жыл ағымы жоғарыдан
төменге жүреді.
Адам жасына берілетін мәселе
есептерді кесте көмегімен теңдеу құрып шешуге мысалдар
қарастырайық:
1-мысал. Әкесінің жасы 34-те,
ал баласының жасы 11-де. Қанша жылдан кейін әкесінің жасы баласының
жасынан 2 есе үлкен болады?
А)
8 B)
9 C)
13 D)
11 E)
12
Шешуі: Кесте
құрамыз:
Жастары
Әкесі
Баласы
Қазір
34
11
х жылдан
кейін
34 +
х
11 +
х
2 есе
артық
34 + х
= 2 (11 + х),
34
+ х = 22 + 2х,
х –
2х = 22 – 34,
- х
= - 12,
х =
12.
Жауабы:
Е) 12.
2-мысал. Әкесі 27 жаста болған
кезде, баласы 3 жаста болған. Қазір баласының жасы әкесінің жасынан
3 есе кем. Олардың қазіргі жастарын
табыңыз.
А) 48, 160 B) 51, 17 C) 66, 22
D) 36, 12 E) 30, 10
Шешуі: Кесте
құрамыз:
Жастары
Әкесі
Баласы
х жыл
бұрын
27
3
Қазір
27 +
х
3 +
х
3 есе
кем
(27 + х)
:3 = 3 +
х,
27 + х
= (3 + х) * 3,
27
+ х = 9 + 3х,
х –
3х = 9 – 27,
-
2х = - 18,
х =
9.
Сонда әкесінің қазіргі
жасы: 27
+ х= 27 + 9=36, ал баласының қазіргі жасы: 3 + х=
3 + 9= 12.
Жауабы:D)
36, 12.
Топтық
жүмыс.
Қатысушы ұстаздарды бес топқа
бөліп, топтық тапсырма беріледі. (3-мысал, 4-мысал) Артынан
жұмыстар көрші топтармен алмастырылып,
тексеріледі.
3-мысал. Әкесінің жасы
баласының жасынан 4 есе үлкен, ал 20 жылдан кейін баласының жасынан
2 есе үлкен болады. Қазір әкесі қанша
жаста?
А) 60 B) 48 C) 36 D) 40 E)
52
Мұғалімдерге өз шешіміммен
салыстыртамын.
Шешуі: Кесте
құрамыз:
Жастары
Әкесі
Баласы
Қазір
4х
х
20 жылдан
кейін
4х +
20
х +
20
2 есе
үлкен
4х + 20
= 2 (х +
20),
4х +
20=
2х + 40,
4х –
2х = 40 – 20,
2 х
= 20,
х =
10.
Сонда әкесінің қазіргі жасы:
4х= 4*10=40
Жауабы:D)
40.
4-мысал. Әкесі 32 жаста,
баласы 5 жаста. Қанша жыл бұрын әкесінің жасы баласының жасынан 10
есе үлкен болды?
А) 4 B) 3 C) 2 D) 1
E) 5
Шешуі: Кесте
құрамыз:
Жастары
Әкесі
Баласы
х жыл
бұрын
32 -
х
5 -
х
Қазір
32
5
10 есе
үлкен
32 - х
= 10 (5 -
х),
32 -
х= 50 - 10х,
-х +
10х = 50 – 32,
9
х = 18,
х =
2.
Жауабы:
С)
2.
Жекелей жұмысқа
тапсырма:
5-мысал. Әкесі 38 жаста,
баласы 15 жаста, ал қызы 5 жаста. Қанша жылдан кейін баласы мен
қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең
болады?
А) 18 B) 21 C) 19 D) 20
E) 23
Тақтадағы шешуімен өзін-өзі
бағалау жүргізеді.
Шешуі:
Жастары
Әкесі
Баласы
Қызы
Қазір
38
15
5
х жылдан
кейін
38 +
х
15 +
х
5 +
х
38 + х
= 15 + х + 5 + х,
38
+ х = 20 + 2х,
х –
2х = 20 – 38,
- х
= - 18,
х=18.
Жауабы:
А)
18.
6-мысал. Анасының жасы қызынан
2,5 есе үлкен, ал баласынан 2 есе үлкен. Барлығының жастарының
қосындысы 76-ға тең болса, баласының жасын
табыңыз.
А) 20 B) 40 C) 30 D) 50 E)
60
Шешуі: ЕКОЕ (2,5;
2) =
2,5 * 2 = 5.
5:
2,5 = 2, 5 : 2= 2,5.
Жастары
Анасы
Қызы
Баласы
Қазір
5х
2х
2,5х
5х + 2х + 2,5х=
76,
9,5
х = 76,
х =
8.
Баласының жасы:
2,5х=
2,5*8=20.
Жауабы:
А)
20.
7-мысал. Азат Азаматтан 8 жас
кіші. 5 жылдан кейін Азамат Азаттан екі есе үлкен болады. Олардың
қазіргі жастарын табыңыз.
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз